Түркістан облысы прокурорының міндетін атқарушы Саян Шаймұратұлы Келдібековтің төрағалық етуімен қылмыстық істерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және сотта қарау кезінде жиі кездесетін проблемалық мәселелерді талқылау тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Дөңгелек үстелге облыстық сот алқасының, мамандандырылған қылмыстық, кәмелетке толмағандардың істер бойынша, тергеу соттарының, адвокаттар алқасының төрағалары мен құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Шараға қатысушылармен қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарының бұзылуының алдын алу, қылмыстық процесті модернизациялау және тараптардың бәсекелестігін қамтамасыз етуге қатысты проблемалық мәселелер қызу талқыға салынып, пікірлер мен ұсыныстар айтылды.
Облыс прокурорының міндетін атқарушы С.Келдібековпен қылмыстық қудалау органдардың басшыларына азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу тапсырылды.
С.Келдібеков талқыланған мәселелер бойынша жүйелі проблемаларға, себептері мен шарттарына назар аударып, оларды барлық құқық қорғау және мемлекеттік органдармен бірлескен іс-қимыл барысында жою қажеттігін атап өтті.
Қорытындылай келе, тиісті органдарға жасалынып жатқан шараларды одан әрі жетілдіру, сондай ақ азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жұмысты бірлесіп жалғастыру ұсынылды.