Өңірлерде тұрғындардың құқығын қорғайтын «Құқықтық көмек» партиялық жобасы белсенді жұмысын жалғастыруда. Бүгін «AMANAT» партиясының қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аталмыш жоба аясында азаматтарды қабылдау өтті. Кездесуге келген тұрғындардың бірі көршісімен арасындағы кикілжіңді, бірі алимент тақырыбын қозғады. Сондай-ақ баспана, әлеуметтік көмек мәселесін көтерген азаматтар болды.
Өз кезегінде, «Zangerler Palatasi» маманы Анара Мырзағалиева мен Құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Бибігүл Абдалиева және адвокат Ерлан Тлеуов тұрғындарға заң аясында консультативті кеңес беріп, сотқа жүгіну жолдарын түсіндірді.
Сондай ақ, заңгерлер тұрғындарға зейнетке шығу, несие, мүлік бойынша келісім жасау кезінде кеңес беріп, сот орындаушы, полиция қызметіне наразылығына қатысты, сотта мүдделерді қорғау, еңбек дауы бойынша көмек берді. «Құқықтық көмек» жобасы қазақстандықтарға тегін кәсіби құқықтық көмек көрсетуге бағытталған. «Сарапшылармен бірге көпбалалы отбасыларға, аз қамтылған адамдарға, сондай-ақ алимент өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау мәселелері бойынша жүгінген азаматтарға білікті заң көмегін көрсетеді. Сотқа дейінгі іс жүргізуден бастап, сот шешіміне дейін өтініш білдірген азаматтардың мүддесін қорғауды жоспарлап отырмыз. Осы орайда, біз заңгер кеңесіне мұқтаж әрбір адамға тегін көмек көрсетілуі үшін бірқатар республикалық ұйымдармен меморандум жасасамыз. «Құқықтық көмек» жобасы заңда жиі кездесетін қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік беретінін айтты. Түсіндіру жұмысын жүргізу, дау-дамайларды реттеудің баламалы тәсілдері (медиация) бойынша кеңес беру, мүлік бойынша келісім жасау кезінде кеңес беру, талап қою мәселелері бойынша көмек көрсету, сотта мүдделерді қорғау, еңбек дауы бойынша кеңес беру, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар мен өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдарға құқықтық көмек көрсету және тағы басқалар. Тиісті талдау нәтижелері қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарастыру үшін ай сайын Мәжілістегі «AMANAT» фракциясына жолданып отырады. Партияның филиалдарында аптасына екі рет қабылдау өткізіледі. Осылайша қоғамда құқықтық мәдениетті арттыру жұмысы жүйелі жолға қойылады.