«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты 2023-2027 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында әзірленген Жол картасының 4-ші тармағының орындалуына мониторинг жүргізілді.
Жол картасында белгіленген нысанның жағдайын анықтау мақсатында «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Б.Тулегенов және қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қ.Базарбеков «Аймар құс» ЖШС құс фабрикасына барды.
Шымкент қаласы Еңбекші ауданы, Базарқақпа елді мекенінде орналасқан «Аймар құс» ЖШС құс фабрикасы жылына 72 млн жұмыртқа шығаруға қауқарлы. Жоба құны 4 млрд теңгені құрайтын кәсіпорын қазіргі таңда 100-ден аса жұмысшыны жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорын басшысы Файзахмет Нурметов фабрика жұмысының барысымен және соңғы технологиямен жасалған құрал-жабдықтармен таныстырды. Кәсіптің бұл саласындағы қиындықтар мен жетістіктерді айтып, бірнеше өтініш-тілегін назарға алуды сұрады.
Атап айтқанда, қала аумағынан 1 мың гектар ауылшаруашылық жерін бидай мен жүгері егуге жалға алуға, асфальт жол төсеп, қосымша көгілдір отын мен электр энергиясының нүктелерін қосып беруге жәрдем сұрады. Жол картасында бұл тармақтың орындалуына бекітілген фракция мүшесіне осы мәселені назарға алу тапсырылды.
Айта кетейік, 2022 жылдың қараша айынан бастап «Еуразиялық инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығы» мен партия арасында тығыз қарым-қатынас орнап, «Кедергісіз келешек» жобасы аясында бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының Шымкент қаласы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында ерекше қажеттілігі бар адамдарды қамқорлыққа алуға, олардың өмір сүру жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінген. Алдағы уақытта аймақта мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыруға көп күш салынып, тың бастамалар қолға алынады.
Халықтың өмір сапасын көтеруге, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласының қолжетімділігін арттыру, экологиялық ахуалды жақсартуды көздеген бағдарламаны орындауға жетелейтін Жол картасы 4 басымдық, 100 тармақ, 452 индикаторлық бағыт пен 43 245 нақты іс-шараларды қамтиды. Қалалық сайлауалды бағдарламамыз тұрғындарды алаңдататын өзекті мәселелерідің негізінде жасақталып, тұрғындардың 10 мыңға жуық талап-өтініштерін зерделей келе дайындалды. Жол картасының жоспарына сәйкес бүгінде нақты қадамдар жасалуда.