• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Белгілі қоғам қайраткері Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілеріне жемқорлыққа қарсы кездесу өткізді

Автор:admin

Авг 4, 2023
Spread the love

Елімізге белгілі қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілеріне адалдық құндылығы және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері бойынша келелі кездесу өтті, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Кездесудің негізгі мақсаты — мемлекет мүддесі мен ел игілігі жолында қызмет ететін мемлекеттік қызметшілердің бойында әділдік, парасаттылық құндылықтарын берік қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін нығайту.
Елдің даму қарқынын тежейтін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері кең талқыланған рухани шарада спикерлік еткен О.Асанғазықызы мемлекеттік қызметтің мінберінде ант пен аманатқа адал болудың және Отанға шынайы қызмет етудің, сондай-ақ парасаттылық идеялогиясына бейім болудың маңыздылығын сөз етті.
Бұдан бөлек, ұлттық тәрбиеге басымдық беру арқылы қоғамдық індетке төтеп беруге болатынын тілге тиек етіп, адалдықтың ақ туын биік ұстау — әрбір азаматтың егемен ел алдындағы перзенттік парызы екенін мемлекеттік қызметшілердің назарына жеткізді.
Қатысушылардың назары келесі міндеттерге аударылды: сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету бойынша шараларды жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мониторингі, уәкілетті органның қызметін жетілдіру.
Спикердің айтуынша, заң мен сот алдында баршаның теңдігін қамтамасыз етуге басты назар аудару ұсынылады. Бұл үшін сот билігі мен судьялардың тәуелсіздігін күшейту, құқық қорғау органдары қатарының тазалығын қамтамасыз ету, сондай-ақ заңнаманы жетілдіру жөніндегі шаралар әзірленді.
Құқық қорғау және сот ортасында сатылмаушылықты тексерудің «Integrity check» құралы енгізіледі, ол жосықсыз қызметкерлерді уақтылы анықтауға және жұмыстан босатуға, қоғамға олардың ықтимал сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен болатын залалдың алдын алуға мүмкіндік береді.
Кездесуге қатысушылар 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері туралы хабардар болды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлағаны үшін көтермелеу жүйесі және 1424 Call-орталығында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау тәртібі туралы хабардар етілді.
Рухани кездесуді қорытындылаған Департаменттің басқарма басшысы Е.Жүнісов белгілі қоғам қайраткерінің адалдық қағидатын қалыптастыруға бағытталған арнайы дәрісі үшін айрықша алғыс білдіріп, киелі өңірдің мемлекеттік қызметшілерін жемқорлықтың алдын алуда белсенді болуға шақырды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика