Мемлекет басшысының берген тапсырмаларында «Елімізде жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендер саны басқа елдердегі қарулы қақтығыстардан қаза табатындардың санынан кем емес. Сондықтан кешенді шаралар қолдану керек» деп айтылған.
Осыған орай, Жетісай АПБ-нің полицейлері аудан аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережесінің талаптарын өрескел бұзу деректерін анықтау мақсатында профилактикалық іс-шараларды тұрақты өткізуде.
Жол қозғалыс оқиғасы өздігінен туындамайды. Жол қозғалысы оқиғаларының сандары мен фактілерінде көптеген адамдардың өмірі, тағдыры және денсаулығы тұрады. Және ең қорқыныштысы жол қозғалысы оқиғалары кезінде балалардың қаза болуы. Бұл мәселені шешудің ең негізгі мәні ең жас жаяу жүргіншілер — балаларды жол қозғалысы ережелеріне дұрыс дайындау және үйрету.
Осы орайда Жетісай АПБ-нің Әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері автокөлік жүргізушілеріне мас күйде рульге отырмауды сондай-ақ жолдардағы жылдамдықтан асып кетпеу, маневр жасау ережелерін бұзу, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу және басқа да құқық бұзушылықтарды жасамау керектігін қатаң ескертеміз.