• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Полицейлер 45 жайт алаяқтық қылмысына қатысы бар күдікті ер адамды ұстады

Автор:admin

Июл 31, 2023
Spread the love

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының «Cyberpol» арнайы тобының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, алаяқтық қылмысын жасады деп күдікке ілінген ер адамды анықтады, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Қызылордалық күдіктінің Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы аумағындағы алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі шамамен 6 миллион теңгені құрады.
Белгілі болғандай, ер адам дүкендер мен дәріханаларға кіріп, сатушылардың сеніміне кіріп, түрлі тауарларды жымқырып келген. Яғни алаяқ көлігінен ақша алып келіп төлеймін деген сылтаумен тауарларды тиеген бойы оқиға орнынан ізін суытқан.
Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында оның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді. Алаяқтардың құрбаны болмас үшін жеке деректерді, банк кодтарын өзге біреуге беруге болмайды. Сақ болыңыздар!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика