• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Полицейлер судағы қауіпсіздік тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

Автор:admin

Авг 3, 2023
Spread the love

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы мен аудандық прокуротура, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бірлесе отырып, аудан тұрғындарына шомылуға тыйым салынған жерлерге судағы қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараның мақсаты — жасөспірімдерді судағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, су қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру.
Су – адам үшін қауіпті апат. Тіпті тыныш ағып жатқан тынық судың өзі қауіпсіз сияқты көрінгенімен, оның да өзіндік қауіптілігі бар. Әдетте, жүзе алмайтын балалар белден жоғары келетін, судың терең жеріне бара бермейді. Сондықтан суда өзін жақсы жүзе аламын деп санайтын балалар қайғылы жағдайларға ұшырап жатады.
Осындай апатты жайттың алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары суға шомылу маусымының басталуына тұрғындары мен мектеп оқушылары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Оларға суға шомылуға қатысты қауіпсіздік ережелерін айтып, абай болуды ескертті. Сонымен қатар, канал бойында тұратын ауыл тұрғындарына қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, тыйым салынған орындарда шомылу, суға мас күйде түсу, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдыру жағдайларының кесірінен суға бату деректері орын алатынын толыққанды түсіндіріп өтті.
Негізінде көптеген жазатайым оқиғалар суға шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алады. Сондықтан, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы кішкентай балалар шомылу кезінде үнемі үлкендердің қарауында болуы тиіс. Тек суға түсуге рұқсат етілген, қауіпсіздігі сақталған, су астындағы терең ой-шұқырлары жоқ, қатты су ағысы, иірімі немесе толқыны жоқ жерлерде шомылуы қажет.
Қазығұрт ауданы аумағындағы шомылуға тыйым салынған өзен, көлдер жағалауларына рейдтік жұмыстар жүргізілді. Жазғы шомылу маусымы кезінде суға кету жағдайларының алдын алу мақсатында, ата-аналарға балаларды бақылаусыз қалдырмау қажеттігі айтылып, арнайы ескертпе қағаздары таратылды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика