Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы мен Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері бірлесе отырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қауіпті учаскелердегі апаттылықты азайту мақсатында іс-шаралар жүргізуде, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Мәселен полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзушыларды анықтап, ескерту беру үшін аспанға арнайы дрондар ұшырды. Рейд «Жетісай-Жібек жолы» бойындағы апатты учаскілерінде жүргізілді. Апатты оқыс оқиғалардың басты себептерінің бірі — қарсы жолаққа шығу.
Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков: «Бүгінгі профилактикалық-рейдтік шара кезінде, жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды бақылау үшін дрон қолданылды. Әуеге ұшырылатын бұл құрылғы заң бұзушылықтарды түсіріп, содан кейін бейнежазба полицейдің планшетіне жіберіледі. Бұдан әрі тәртіп сақшылары жолда құқық бұзушыларды тоқтатып, әкімшілік хаттамаларды рәсімдеп, жүргізушілерге ескерту жасады.
Қазіргі уақытта Сарыағаш ауданы Береке ауылында аз уақыт ішінде 3 автокөлік жүргізушілері анықталып отыр»-деп атап өтті.
Түркістан облысының полицейлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтаудан басқа, азаматтарға жол ережесін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмай, қарсы бағыттағы жолға шықпауға шақырады.