11 тамыз күні Түркістан облысы Мақтаарал ауданы полициясына жергілікті тұрғын арызданды. Тұрғынның айтуынша, 9 тамыз күні автобекетте тұрмын деп хабарласқан 19 жастағы қызы үйіне қайта оралмаған.
Тәртіп сақшылары хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Жас қызды табу мақсатында қажетті барлық жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Атқарылған жұмыстың нәтижесінде жас қыз бір тәулікке жетпей, Шымкент қаласынан табылды. Ол ата-анасына тапсырылды.
Анықталғандай, бойжеткен қыдыру ниетімен ешкімге айтпастан мегаполиске жол тартқан. Ал отбасымен ұялы телефоны бұзылып қалғандықтан хабарласа алмаған.