«Полиция — жазалаушы орган емес, қорғаушы орган», осы қағиданы ұстанатын Түркістан облысының полицейлері үнемі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстарды жүргізеді. Мәселен Түркістан облысы Полиция департаментінің Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері республикалық маңызы бар, көліктер көп жүретін аумақта жүргізушілермен тілдесіп, жол қозғалысы ережелерін мұқият ұстануға шақырды.
Жалпы облысымызда жол көлік оқиғалары көбіне жылдамдықты шамадан тыс асырудан болады. Оған маневр жасауды, қарсы бағытқа шығуды, үй жануарларының қатысуымен болатын жол апаттарын қосыңыз.
Осындай олқылықтардың алдын алуда полицейлер бұл жолы ескерту мен түсіндіру шарасын өткізді. Яғни әкімшілік хаттама толтырудан бұрын, профилактикаға мән берілді. Әрбір тоқтатқан көліктегі жүргізушілерге жол ережесін сақтау айтылып, жаднамалар таратылды. Сондықтан, құрметті жүргізуші! Жол ережесін сақтаңыз, сізді үйіңізде жанұяңыз күтіп отыр.