• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

 Полицейлер малдарын қараусыз жіберген 100-ге тарта тұрғынды жауапқа тартты

Автор:admin

Авг 8, 2023
Spread the love

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бекітілген «Мүліктіқорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған жоспарлы бағдарламасын» іске асыру мақсатында, Түркістан облысында бірқатар шаралар атқарылуда. Оның ішінде Созақ аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің полицейлері аудан көлемінде мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу, болдырмау, ашу бағытында мал иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Мәселен жыл басынан бері тиісті сала мамандарымен бірлескен іс-шарасы барысында, апта сайын бекеттер қойылып, мал тасымалымен шұғылданатын көліктер тексерілуде. Нәтижесінде ветеринариялық құжатсыз мал тасымалдаған 11 автокөлік анықталып, оларға Қазақстан Республикасы ӘҚҚТК-нің 406-бабына «Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» бойынша шара көру үшін жинақталған іс құжаттар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Созақ аудандық аумақтық инспекциясына жолданып, хаттамалар түзілді.
Жол бойында қараусыз жүретін ірі-қара малдармен орын алатын жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында, мал иелерімен бірлесіп жарық шағылыстыратын қарғы баулар тағылуда. Десекте берілген ескертулерге қарамастан малдарын қараусыз жіберудің 97 дерегі анықталып, мал иелеріне Қазақстан Республикасы ӘҚҚТК-нің 408-бабы «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу» бойынша шара көрілген. Осы ретте полицейлер Қазақстан Республикасының заңдарындағы талаптарға сәйкес қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жағдайда жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика