• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Моральдық зиянды өтеу тәртібі.

Автор:admin

Авг 11, 2023
Spread the love

Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 951-бабының 1-бөлігіне сәйкес моральдық зиян – жеке тұлғалардың өзiндiк мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе олардан айырылуы, оның iшiнде өзiне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан жәбiрленушiнiң, ал осындай құқық бұзушылық салдарынан ол қайтыс болған жағдайда – жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының)басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.) болып табылады.
Осыған байланысты моральдық зиянды өтеу зиян келтірушінің кінәсы анықталған кезде жүргізіледі. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде көзделген жағдайларда өзіндік мүліктік емес игіліктер мен құқықтар осы құқықтарды бұзған тұлғаның кінәсіне қарамастан сот арқылы қорғалуға жатады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика