Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында кездесулер өткізілді, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Әрбір мектепке бекітілген прокуратура, полиция және төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен жасөспірімдердің қылмыстық құқық бұзушылық жасауының алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кездесулер өткізілді.
Кездесуде жасөспірімдерге түнгі уақытта ата-ананың қарауынсыз көшеде жүрмеу, отпен ойнамау, тез өртенгіш сұйықтықтарды қолданбау, жол жүрісі ережелерін сақтау, суға түсу кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді және арналмаған орындарда суға түсудің зардаптары туралы бейне-роликтер көрсетілді.