«Еліміздің дамуына кедергі келтіріп отырған кеселдің бірі – сыбайлас жемқорлық. Онымен күресу – баршамызға ортақ міндет», – деді Мемлекет басшысы
Сонымен қатар, Президент «жемқорлықпен күрес ешқашан тоқтамайтынын, жалғаса беретінін» атап өткен болатын.
Осыған орай, жастар қаладағы ірі базарларда түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс шараға «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» Республикалық мемлекеттік мекесі мен Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері қатысты.
«Алаш» және «Авто-нұр» базарларында өткен профилактикалық шарада базар сатушылары мен келушілеріне, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 call-орталығына жүгінуге шақырды. Сонымен қатар, базар аумағындағы рұқсат етілген орындарға, арнайы парақшалар ілінді.