• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелеріне қатысты ведомствоаралық жиналыс өткізілді

Автор:admin

Авг 10, 2023
Spread the love

Түркістан қаласы прокурорының жанындағы ведомствоаралық жиналыста жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен құқық бұзушылықтардың профилактикасы бағытындағы жұмыстың жай-күйі қаралды.
Жиналыста аталған бағытта атқарылған жұмыстар туралы жауапты лауазымды тұлғалардың есептері тыңдалып, құқық бұзушылықтарға ықпал еткен себептер мен жағдайлар және оларды шешу жолдары талқыланды.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес а.ж. 5 айында (2022ж. 5 айымен салыстырғанда) қала аумағында жалпы қылмыстардың саны 24%-ға (520-дан 395-ке), оның ішінде аса ауыр – 50%-ға (12-ден 6-ға), ауыр – 15,4%-ға (188-ден 159-ға) азайған.
Алайда жекелеген қылмыс түрлері, оның ішінде қоғамдық орындарда 16,3%-ға(98-ден 114-ке), ал көшеде жасалған құқық бұзушылықтар 74,3%-ға(35-тен 61-ге) өскен.
Қала прокуроры Ж.Ахметбек қала әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссия мен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмыстарын күшейту қажеттігіне назар аударды.
Бұл ретте барлық білім беру ұйымдарында балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерді анықтау мақсатында тәуелсіз мамандарды тарта отырып, анонимдік сауалнамаларды жүргізуді тапсырды.
Сондай-ақ «Түркістан – қауіпсіз қала» бағдарламасында көзделгендей облыс орталығында кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталығын, наркологиялық диспансер және медициналық айықтырғыш ашу жөнінде іс-шаралардың осы күнге дейін орындалмағанын ескертіп, облыстық Адами әлеуетті дамыту және Денсаулық сақтау басқармаларынан осы мәселені шешуді талап етті.
Қала прокуроры күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты органдар мен лауазымды тұлғаларға басқа да нақты тапсырмалар берді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика