Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтар аясындағы көріністері. Өткені мен бүгіні!
Қазақ жастар мәдениетінің деңгейлері және жетілу кезеңдері.
Отанымыз үшін әрбір қазақ азаматы қуанышта болуы керек. Кеше ғана Ресейдің отары болып, қиыншылық өткерген еліміз бүгінгі таңда дамудың жоғарғы сатысындағы, беделді елге айналды. Біз расында да өз елімізді мақтан тұтамыз! Бар жоғы 22 жыл ішінде осындай жетістіктерге жетіп, өзін әлемге таныта білген Қазақстан кімнің болсада жүрегіне отан сүйгіштік сезімін ұялатып, сүйсіндіреті сөзсіз. Ата-бабаларымыздың ұзақ ғасырлар бойы сақтап, қастерлеген асыл мұрасы – еліміздің тәуелсіздігі, халық ынтымақтығы, жер берекесі – бәрі де – тар жол, тайғақ кешумен келген үлкен байлық!
Қазіргі таңда Қазақстан әлемдік аренадан өз орын ойып алған, Азия мен Еуразияның кіндігі, өжет елдің мекені. Қазақ мемлекеті өз тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік ұйымдардың біразына мүше болып, көптеген елдермен достық қарым – қатынас орнатты.
Әр ұлт өзінің тарихын, салтын және ана тілін мақтан тұтады. Егеменді ел болғандықтан, мемлекеттік тіл — қазақ тілін білу — елдің әр азаматының міндетті борышы. Тілмен қатар, салт-дәстүр және атам заманнан келе жатқан әдет-ғұрыптарды барынша сақтауға тырысатын қазақ халқы қазіргі таңда биік белестерден көрініп тұр.
Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал Қазақ халық біреуді артық, біреуді кем деп көрмеген. Татулық пен достықта тұруды ежелден серік еткен. Қазақстан — өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы бар құдіретті ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен. Тарихқа үңіле отырып: «Кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз?» — деп ойлансақ бұл — туған елінің, халқының өткені мен келешегіне көз жіберген әрбір азаматтың жүрек түкпіріндегі сөзі. Қазақ елі тәуелсіз болса деген арман ұшқын шашса, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Қазақ елінің соңғы жиырма төрт жыл тұтқасын ұстап, туын көтерген тұрлаулы да тұғырлы тұлғасы –басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды.
Қазақстанның әлемдік рынокта шешуші бәсекелік басымдығы жоғары, көптеген мемлекеттермен бақталастықпен қатар, достықты сақтап отыр.Бірақ та еліміздің экономикасы әлі де дамушы елдердің қатарында. Ал бүгінгі біздің мемлекетіміздің саяси, экономикалық жағдайларын арттыру үшін, бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту керек деп ойлаймыз.
500 жылдан аса қиыншылықтарды басынан өткерген ата-бабаларымыз біздің тәуелсіз, әл-ауқатты, уайым-қайғысыз өмір сүруімізге кепіл болып отыр. Елімізде нарықтық экономиканың жан-жақты және табысты дамуы, индустриализация, инновация, инвестиция салаларындағы жаңашыл шаралардың жүзеге асырылуы, жалпы кәсіпкерлікті, оның ішінде, кіші және орта бизнес субъектілеріне жағдай жасау мәселелеріне зор көңіл бөлініп, аталған қоғамдық қатынастардан туындайтын дауларды дер кезінде әрі заңдылық тұрғыдан шешу үлкен саяси мәселе болып тыбылады.
Мемлекетіміздің бас қаласы болып табылатын Астана қаласында 2017 жылы «EXPO-2017» бағдарламасы өз жұмысын бастады, соған орай біз өз елімізді қамтамасыздандырылған болашақ күтіп отыр. Одан кейін кемеңгер президентіміз «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» бағдарламаларының келешекте күтілетін нәтижесі бойынша Алла бұйыртса, дамыған елдердің алғашқы отыздығына, сосын ондығына кіру арманымызда жоқ емес.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы – зайырлы, демократиялық мемлекет болып табылады. Ата Заңымыз Конституцияға сәйкес, ең алғашқы бабы бойынша адам құқығын қорғау арқылы, халық саны көбейеді деген сенімдеміз. Жастар білімін нығайтып, елімізге пайдалы жаңа технологияларды өндіру арқылы да әлі талай белестерді бағындырамыз. Егер де біз өз халқымыз үшін тер төгіп еңбек етсек, Қазақстанда, қазақ халқында жарқын болашақ қамтамасыздандырылған болар еді. Тәуелсіздік алғалы, қаншама белестерді бағындырған Қазақ елін болашақта жарқын өмір күтіп отыр.
Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек ету, оқу оқып, білім игеру, жас тәуелсіз мемлекетіміздің ірге тасын бекіту, ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту ең басты парызымыз!
Жастар – қоғамның қозғаушы күші, еліміздің ертеңі!
Президент жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды. Ол жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Жастарды жұмыспен қамту мәселесі елімізде басты назардағы мәселе екені белгілі. Осы проблеманы жою үшін елімізде «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Әрбір отбасына «7-20-25» бағдарламасы аясында баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту», т.б. бағдарламалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр .
Бүгінгі Қазақстан – қалыптасқан мемлекет, үлкен геосаяси маңызы бар ел. Бірақ ең бастысы – ол орасан зор әлеуеті және өркендейтін болашағы бар ел.
Президент қандай жас қазақстандықтарды көргісі келеді? Оның қазақстандықтарды, бәрінен бұрын, бәсекеге қабілетті және кәсіби шеберлігі жоғары мамандар ретінде көргісі келеді. Бүгінгі таңда жаңа білім меңгеру және жақсы мамандық алу бірінші орынға шықты. Бүгінгі күні білім ұзақ мерзімдік «Қазақстан-2050» Стратегиясының аса маңызды басым міндеттерінің бірі деп танылады. Ел Президентінің республикамыздың алдына қойған әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру ісінде білім саласы елеулі рөл атқарады .
R-ақпарат
26000 символ
Қазақстан қоғамында қазіргі кезде бұрынғы ұрпақтардан айтарлықтай өзгеше, мүлдем жаңа зияткерлік тап: жаңа бағдар ұстанған, құндылық ұстанымдары ұтымды экономикалық іс-қимылдар арқылы табысқа жетуге бағытталған жастар табы қалыптасты. Соған байланысты өзінің республика жастарымен көптеген кездесулерінде: «Әр адамның бойына жұмыс істей білу, оқып-үйрене білу, өмір сүре білу, қазіргі әлемде өмір сүре білу қасиетін сіңіру керек», – деп жиі ескертеді .
Үнемі жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздейтіні бекер емес. Жастар жылы кейбір айтулы даталар сияқты ұрандатып, желеулетіп өткізетін жыл емес. Жастар – қоғамның қозғаушы күші,еліміздің ертеңі.
Бүгінгі жастар креативті пікірге ие. Шыны керек, қазір жастар арасында соңғы инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жобалар ұсынып жүргендері баршылық. Бүгінгі жастар – ертеңгі кәсіби білікті маман, болашақ отбасының тірегі. Әрбір жас қоғамда өз орнына ие болу үшін кез келген қоғамдық мәселеге бейжай қарамауы тиіс. Себебі патриоттық рух та, рухани ерік-жігер де ортамен араласудан туындайды. Халқымыздың «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұлағатты сөзін, білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екендігін, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екенін білуіміз тиіс. Білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық — рухани күш, қуат көзі жоқ екені белгілі. Өйткені, білім — тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тасы өрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күре тамыры, ел дамуының алтын қаруы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды.
Қазақ жастар мәдениеті тарих қойнауында ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың бас ширегінде бастау алды. Яғни бұл кезең тарих жылнамасында Қазақстанның толығымен Ресей патшалығының қол астына кірген уақыты болып саналады. Қазақ сұлтандары мен байларының орыс патшасының қол астына кіріп, адал қызмет ете бастады. Бұлардың құрамында хандардың ұлдары мен олардың ұрпақтары болатын. Патша үкіметі хан тұқымдарын, қазақ байларын болыс, старшина, ауылнай етіп бекітіп жатқан заман еді. Бұл оқиға қазақ елін екі нәтижеге алып келді. Біріншісі, қазақ елі еуропалық білім мен мәдениетпен танысса, екіншісі ашық тәуелсіздіктен айырды. Біріншісіне келіп тоқталатын болсақ, қазақ сұлтандары мен байлары өз ұлдарын орыс мектептері мен училищелерінде, кадет корпустарныда оқытуға мүмкіндік алды. Көптеген қазақ жастары осы кезеңде орыс, батыс қоғамымен және мәдениетімен таныса бастаған болатын. Көптеген орыс, батыс зерттеуші ғалымдарымен танысып жатты. Олар орыс, француз достарымен хат алмасып тұрды. Қазақ жеріне көптеген зерттеушілер, суретшілер, саяхатшылар және т.б. келіп жатты. Осылардың ішінде батыс мәдениетімен етене араласқан жас қазақ ғалымы, ағартушы, тұңғыш этнограф, суретші Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) болды. Шоқан өзі әйгілі Абылай ханның шөбересі, Уәли ханның және қазақ ханшасы Айғаным ханымның немересі, әйгілі Ғұбайдолла хан мен Кенесары ханның туысы болып келеді. Шоқан жастайынан ғылым мен өнерге қызықты. Ауылына қонаққа келген орыс, шетел зерттеушілері мен саяхатшыларының әңгімелерін тыңдап, олармен жақын танысты. Олардан батыс әдебиетімен, сурет салу өнерімен танысты. Шоқан жас кезінде ауылындағы тіршілікті суретке салып бейнелеуді ұнатқан.
Әкесі Шыңғыс сұлтан Шоқанды Сібір кадет корпусына оқуға береді.
Осы жерде оқып жүрген Шоқан қабілеттілігімен орыс зиялы қауымынының көзіне түседі. Шоқан бұл ортада өте ізденімпаз болып шығады. Шоқан сол заманда тиым салынған француз, ағылшын жазушыларының буржуазиялық тарихымен танысып шықты. Шоқан батыс мәдениетімен қатар шығыс халқының тұрмысымен танысты. Орыс география қоғамының мүшесі болады. Орыс саяхатшыларымен шығыс халықтарының елдеріне барып, олардың тұрмыс-тіршілігімен, мәдениетімен, әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен, ауыз әдебиетімен танысып, оларды қағазға түсірді. Осыған дәлел, әйгілі қырғыз халқының жыры «Манасты» қағазға түсірген. Түркі, монғол, қытай сөздігін жасаған. Әйгілі Қашқар экпедициясына қатысқан.
Қазақ жастар мәдениетінің даму кезеңінде рөл ойнаған ірі тұлғалардың бірі бұл Ыбырай Алтынсарин (1841-1889). Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 209 (7) қазан айында Торғай оьлысында дүниеге келген. Атасы Балғожа би Орта жүздегі беделді би болған. Әкесі Алтынсары ауылдағы молданың алдын көрген, аздаған діни оқығаны болмаса, момын ешкімге зиянсыз жан болатын. Ыбырай 3-4 жасқа толғанда әкесі Алтынсары ауырып қайтыс болады да, Ыбырайдың шешесі Айманды ағайын туғандары Алтынсарының інісі Қошанға қосады.
Ыбырайдың тәрбиесімен атасы Балғожа би айналысады. Атасы патша үкіметі мен жергілікті жердегі әкімдермен және орыс шенеуіктерімен тығыз байланысынның нәтижесінде бес жасқа толмаған немересі Ыбырайды мектепке береді. 1844 жылы 18 маусымда Орынбор шекара комиссиясы «қазақ балалары үшін ашылатын мектеп» ережесін бекіткен болатын. Осы ереженің 12 тармағында: « Мектепке тек қана қазақтардың, әсіресе үкіметке еңбек сіңірген немесе үкіметке шын берілгендігімен мәлім болған адамдардың балалары қабылданады» — делінген. Осы талаптарға Ыбырай сай келіп тұрды. 1850 жылы 22 тамызда ашылған мектепке алынған 30 баланың бірі болды. Оқуға алғаш келгенде Ыбырайдың денсаулығы, сыртқы пішіні мектеп басқарушыларына көңілінен шыға қойған жоқ болатын. Атасы Балғожа би Шекара бастықтарының алдында беделі болғандықтан мектепке күшпен алғызады.
Ыбырай мектеп қабырғасындағы алғашқы күндерден бастап мұғалімдердің және өзімен бірге оқыған құрбы-құрдастарына айрықша зеректігін, өткірлігін көрсете бастайды. Мектеп оқытушылары мен Шекара комиссиясының жауапты адамдары Ыбырайдың оқуына көңіл бөліп, оған қолайлы жағдай туғызып отырады.
Мектеп қабырғасында өткен жеті жыл Ыбырайға көп нәрселерді үйретеді. Атап айтқанда, бұл жылдарда ол орыс тілін меңгереді, оның тұрмыс ерекшелігін, экономикалық озықтығын біледі, қазақ халқы сияқты экономикасы мен мәдениеті мешеу елге бұл халықтың қай жағынан болсын үлгі бола алатындығын аңғарады, сөйтіп өмірдегі әрбір құбылыстарды азды-көпті өз бетімен тани айыра білу дәрежесіне жетеді. Ыбырай 1857 жылы жаз айларында мектепті «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығып, содан 1859 жылдың шілде айына дейін өз ауылында атасы Балғожаның қолында болады. Қазақ қоғамының көп жайларын көзімен көріп, өзіндік ой дүниесімен сөзіне, байқай білуі үшін бұл қысқа мерзімнің пайдасы тиеді.
1859 жылы бірінші тамыз айынан бастап Орынбор облыстық басқармасында кіші тілмаш болып қызмет істейді. Ос кезде Балғожа биді айрықша бағалаған және соның Ыбырайды сүйе білген В.В. Григорьев (1816-1871) – Орынбор Шекара комиссиясының 1852-1863 жылдары төрағасы болған тұста көп жәрдем жасаған.
Ыбырай Алтынсаринның ағартушылық қызметі ХІХ ғасырдың 60-80 жылдары бастау алады. Облыстық басқармаларда қызмет атқара жүріп, халықтың жағдайымен танысады. Халықтың мұқтаждығы үшін қазақ болыстарының қызметін сынға алып, күресе бастайды.
Ыбырайдың ағарту ісіне ресми келуі 1860 жылдың жаз айында болды. Осы жаңа қызметіне келгеннен бастап, зұлымдық орнаған заманда қиыншылықтарға ұшырайды. Өз туған өлкесіне келуінің басты арманы қазақ балдарына арналған мектеп ашу еді. Осы туған өңірінде үш жыл мектеп ашуға талпынғанымен, нәтиже шығара алмады. Өзі аңсаған мектебін ашу 1864 жылы ашылады. Бұл мектептің ашылуы Ыбырайдың өміріндегі үлкен қуаныш болатын. Мектеп ашылғаннан кейін, Ыбырай ауылдарды жаяу аралап, мектепке қазақтардың балдарын, әсіресе жағдайы төмен отбасылардан шыққан қазақ балдарын ала бастады.
Ыбырай ашқан жаңа қазақи мектептің діни мектептерден ерекшелігі — онда бүкіл тәрбие жұмысының адамгершілік идеясына негізделіп жүргізіліп, жастарға әрбір пән бойынша элементарлық білім беру ерекшеліктігінде және орыс тілінен басқа пәндердің қазақ тілінде оқытылуы болды.
Бұрын ешқандай дайындығы жоқ бұл жаңа мектепте Ыбырай бүкіл педагогикалық жұмысты өз білгенінше, өзінің орыс мектебінен алған білімі мен тәрбиесі негізінде жүргізеді. Оқулық та, бағдалама да, тәрбиелік нұсқау да Ыбырайдың өзіндік шеберлігінен туындап отырды. Соның өзінде Ыбырай алғашқы 4-5 айдың ішінде-ақ оқушы жастарға бір сыпыра білім беріп үлгереді. Торғай бекінісінің бастығы Я. П. Яковлев өзінің 1864 жылы Сібір генерал-губернаторына жіберген хатында жаңадан ашылған қазақ мектебінде оқу-тәрбие жұмысының алға қойылғандығы туралы хабарлай келіп, — барлық офицерлер мен дін өкілі (священник) училищеге шақырылды. Менің көзімше қазақ балаларына емтихан алынды. Оқылған уақыттың аздағына қарағанда, оқушылардың табысы жақсы. Төрт жарым айдың ішінде олардың алған білімі өте қанағаттанарлық, тіпті кейбіреулері орыс тілінде орыс тілінде басылған кітаптарды жақсы оқи алады, 9 бала қазірдің өзінде орысша жаза біледі, сондай-ақ мыңға жуық орыс сөзін дұрыс айта алады және 6 оқушы татарша оқиды және жазады».
60-шы жылдардың соңы мен 70-шы жылдардың алғашқы жартысында Ыбырай өзі ашқан жаңа мектепте, оған қосымша Торғай уезінің әр түрлі қызметінде жүріп, педагогикалық білімі мен тәжірбиесін тереңдете түседі, орыстың халықтық мектептеріндегі жағдайларды өз бетімен зерттеп біліп, оларды қазақ мектебі үшін қолдану мақсатында еңбек етеді, ізденеді.
1877 жылы Орал облысына мектептерін басқаратын инспектордың көмекшісі болуға шақырылады. Қай жерде болмасын, қазақ халқына молырақ пайда келтіруді ғана ойлаған Ыбырай бұл қызметке де келісімін береді. Өзінің инспеторға көмекшілікке келісім бергені туралы айтқан мына бір сөз сол үлкен сезімнің көрінісі болып табылады. «Бұл сияқты – деп жазды ол, жұмысқа ілкі кезінде мен тәрізді, білімі шамалы, бірақ халыққа деген мол сүйіспеншілігі мол қазақтың араласуы керек.
70-шы жылдарда қазақ даласындағы халық ағарту ісіне азды-көпті көңіл бөліне бастайды. Осының нәтижесінде 1879 жылдың 25 шілдесінде тиісті басқарушы орындар 1 қырқүйектен бастап Торғай облысы мектептерінің инспекторы туралы шешім қабылдайды. Бұл шешімде инспектор тікелей Орынбор оқу округінің оқу попечителіне бағына отырып, халық училищелерінің директорларына, басқарушыларына жетекшілік ету правосымен пайдаланады деп көрсетіледі. Сондай-ақ инспектордың тұрақты мекені Торғай қаласы болып бекітіледі.
1914-1916 жылдардағы алғашқы құрылған қазақ жастар ұйымдарының қызметі.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялы қауымының қалыптасуында Омбы қаласының рөлі ерекше болған. Бұл кезде Омбы — бүкіл шығыс Сібірдің кіндігі, Дала генерал губернаторлығының астанасы және тоғыз жолдың торабы болғандықтан, қоғамдық-әлеуметтік, мәдени-рухани шаралардың орталығына айналған еді. Қазақтың біртуар ұлдары Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Р.Мәрсеков, А.Тұрлыбековтардың ағартушылық қызметтері осы қалада басталған. Омбы оқу орындарында С.Сейфулин, М.Жұмабаев, Мұсылманбек және Асылбек Сейітовтар, М.Саматов, Н.Нұрмақов, С.Сәдуақасов сынды қазақ жастары білім алған. Бұл қаланың есімімен талантты жігерлі жастардың басын қосқан тұңғыш қазақ жастарының «Бірлік» ұйымының құрылуы тікелей байланысты болып келеді. Қазақстандағы революциялық оқиғалар кезінде құрылған саяси партиялардың бірі «Үш жүздің» қызметі де Омбы қаласымен байланысты .
Омбы облыстық мұрағатының деректеріне сүйенсек, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында1912-1917 жылдар аралығындағы Сәкен Сейфулин, Нығмет Нұрмақов, Ахмет Барғасқин, Тұрғанбек Бейлин, Таутан Арыстанбеков, Мағжан Жұмабаев, Мұхаметжан Бейсенов, Абрахман Бәйділдин оқыған. «Бірлік» жастар ұйымының алғашқыда құрылуына да осы мұғалімдер семинариясының шәкірттері ұйытқы болған еді.
«Бірлік» ұйымының басшылық шоғырына кірген Бірмұхамед
Айбасов, Қошке Кемеңгеров, Мұхтар Саматов және осы ұйымның мүшелері болған Жүніс Бабатаев, Исмаил Қазбеков, Асфендияр Чорманов Омбы ауылшаруашылық училещесінде білім алған. Омбы қаласындағы басқа да оқу орындарында оқитын оқушы жастардың 1914 жылы «Бірлік» жастар ұйымы құрылған алғашқылардың бірі болып кіргендіктері күмән туғызбайды.
Қазақ шәкіртерінің топтасуына ұйытқы болып жүрген Ш: Әлжановтың өмір жолына көз салсақ, Омбыны мекендеген біраз қазақтың өмір тауқыметін аңғарғандай боламыз.
Омбыдағы қазақ жастарының топтасуы уақыты талабы екендігін және олардың қандай қиын жағдайларда бас қосқандарын, алдарына қойған мақсат-мұраттарын мына деректен айқын көруімізге болады:
«Алаштың саналы азаматтары қасіретте еді. «Қарағым, қазағым, оян деп қақсап, «арыстаным, Алаш тұр» деп зарлап, ұлтын оятуға кірісті. Жүрегі жаралы, көзі жасты еді. Алаш деп зарлаған сол азаматтардың бірі Омбы жастары болды. Қазақтың қалың тұманнан құтқаратын өнер, білім деп келтіргендіктен, елге бұл өнер, білімді тарату ұлт қамын ойлаған жас болып үркендей қазақ жастары 1914 жылы 18 сәуірде «Бірлік» деп ат қойып, қауым ашты.
Қауымның мақсаты кең еді, тілегі зор еді. Ұйқыда жатқан алашын оятпақ еді. Жұртты жегідей жеп бара жатқан алалықты тоқтату еді. Мал орнына сатылып бара жатқан апа, қарындастарымызды күндіктен құтқару еді. Алдағы күнде жарық шығар жұлдыздарымызды кейінгі жастарды оқуға тарту еді. Әдебиетті өсіріп, кең асыл тілімізді көркейту еді. Бұл тілекті іске асыру үшін қазақ жастарының ойын, ұстанған жолын бір ізге салу. Әр жерде жастар қауымдастықтарын ашу еді.
«Бірлік» қауымы жалпы Ресей үстінде қалың қара бұлттың тегіс қаптап, жауыздық нажағайы жарқылдық ойнап тұрған кезде туды. Кең құлаш салып, еркін демалу үшін ерік болмады. Екі кісі бас қосып, кеңесуге шама жоқ еді. Зор қаладан жиналуға жер таппай, қырға орманға кетуші едік. Сол қалың орманның ішінде жаңа сырымызды, мұңымызды, зарымызды сөйлесе алушы едік. Қолымызда пұл жоқ еді. Оқуда жүрген өңшең шәкірт қалтамызды барымызды тиындап қоюшы едік. Бұл күйде жүргенде істің аса көркейіп кетпейтіні белгілі. Бірақ біздің ниет қарлығаштай болса да, қазаққа қызмет ету еді». Міне, бұл құжат «Бірлік» ұйымының төңірегіне біріккен қазақ жастарының мақсаттары ұлт мүддесіне қызмет ету екендігін көрсетеді. Осыған сәйкес қазақ жастары өздерінің алдына қараңғылықтағы қазақ халқының рухани жағынан жетілуін, қазақ әйелдерінің теңдігін, ұлтының азаттығын ойлаған. Мұның өзі қазақ жастарының қоғамдық ой-санасының ескендігін, азаматтық ұстанымдарының қалыптаса бастандығын білдіреді.
Бұл тұжырымдамамызды сол оқиғалардың куәгері Смағұл Сәдуақасовтың «Жастар жаңа жол» атты еңбегіндегі деректер толықтыра түседі: «Ең алғашқы жастар ұйымы Омбы қаласында 1914 жылы ашылды. Ол ұйымның аты «Бірлік» еді. «Бірліктің» мақсаты оның программасында /тұтынған жолында/ айтылған. Қазақ халқын мәдени һәм жағынан ілгері қатардағы жұрттарға қосу, ұлтшылдық сезімін туғызу һәм ұлттықты сақтау.
Қазақ жастарының қоғамдық-саяси көзқарастарының қалыптасуына отарлық езгінің күшті ықпал еткендігі, олардың қоғамдық ұйымға бірігуінің саяси мақсаты болғандығы жөнінде жастар қозғаласының рухани жетекшілірінің бірі Көшке Кемеңгерұлы өзінің «Қазақ тарихынан» атты еңбегінде былай деді: «1913 жылдардан бастап орыс школындағы оқушы қазақ жастары топтана бастады, 1914 жылы Омбыда жасырын «Бірлік ұйымы «ашылды. Мұның мәдени мақсатының астары, көздеген саясат екендігі, әлеумет наразылығы барлығы, 1916 жылы «Балапан» журналының алдында: «Балапан қанат қақты, жас еді… амалсыз қақты… солтүстіктің суығына шыдай алмады… балапанды көріп: «қорама кір, қолыма тұр, қалған-құтқанды беремін» деп күледі солтүстіктің салқын жүрек, тасбауыр адамы», — дегенінен көрінеді». Демек, қазақ жастары отарлықтсаясаттың шарықта шегіне жетуіне байланысты азаттық үшін күрестің жаңа тәсілдерін қарастыра отырып, мәдени-ағартушылық ұйымдарға бірігуді көздеген. Бұл кезеңде тәуелсіздікке жетудің жолы бұрынғыдай қан төгісте емес, саяси күреске, әдіс-тәсілге келіп тірелгенін ұлт зиялылары да, қазақ жастары да түсінген еді.
«Бірлік» ұйымының 1914-1917 жылдардағы қызметіне байланысты ғалым Т.Кәкішұлы өзінің «Мағжан және Сәкен» атты еңбегінде кеңінен келтірілген. Ол бұл еңбегін сол кездегі Омбы семинариясының шәкірті, 1937 жылғы зұлмат зобалаңды басынан кешірген Таутан Арыстанбековтың естеліктеріне сүйене отырып, «Бірлік» ұйымына топтасқан қазақ жастарының қоғамдық қызметтерін баяндаған. Бұл зерттеу жұмысында «Бірлік» ұйымы мүшелерінің ұстанған бағыт-бағдарлары жөнінде төмендегідей деректер келтірген. «Омбыдағы 100-ге тарта қазақ шәкірттерінің басын қосып ұйымдастырушылар Ш.Әлжанов пен Сәкен Сейфулин екен. Ұйым басшылығына осы екеуі сайланды. Әлжанов — төраға, Сәкен — орынбасар. «Бірлік» ұйымы алғаш құрылуында тек қана «әдеби ұйым» деп құлақтандырылған көрінеді. Бұған «әлеуметтік» немесе «саяси» деген атақты жалғастыруға сол кезде, әрине болмайды. Бірақ ұйымның негізгі мақсаты — әлеуметтік әрекеттер (оқушы жастарға қоғамдық тәрбие беру, ел арасында патша өкіметінің қысымына қарсы үгіт-насихат жүргізу сықылды) екенін «Бірліктің» әрбір мүшесі бірінші күннен-ақ жақсы білген.
Е.Айбасовтың «Один из первых» атты еңбегінде келтірілген деректер бойынша «Бірлік» ұйымының бағдарламасында келтірілген мәселелер біртіндеп нақты өмірде жүзеге аса бастаған. Осыған сәйкес ұйым мүшелері Орыс географиялық қоғамының ұйымдастыруымен жасақталған экспедицияға жазылып, шәкірттер жазғы демалыс кезінде халық ауыз әдебиетінің үлгілері мен тарихи жәдігерлерді жинастыруға қатысқан. Олар өздеріне ешбір ақы талап етпестен, қаржы-қаражаттың өздерінің ұйымдарының қорына түсуі үшін аянбай еңбектенуге даяр еді, — деп көрсеткен.
«Бірлік» ұйымымен қатар қазақ жастарының тағы қандай ұйымы деген болған десек, бұл туралы И.А. Спиридонов «К истории возниковения и развития комсомола Казахстана» атты еңбегінде алғашқы қазақ ұлттық-буржуазиялық жастар ұйымдары бірінші дүниежүзілік импералистік соғыстың бастапқы кезінде-ақ пайда болғандығын және солардың бірі Ташкентте Сұлтанбек Қожановтың басшылығымен құрылғандығын атап көрсеткен.
Көрнекті тарихшы К.Нұрпейісов өзінің «Алаш һәм Алашорда» атты еңбегінде көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси тәуелсіздікке жету екендігін айқындап көрсете отырып, оның негізгі қозғаушы күші қазақ ауылының еңбекші шаруалары болды, оған ішінара жаңадан қалыптасып келе жатқан ұлттық жұмысшы тобының өкілдері мен қолөнершілер қатынасты.
1917-1920 жылдардағы қазақ жастар қозғалысының тарихы мен тағылымдары.
Патшалық билік жойылып, елде қос өкіметтік тәртіптің орнатылуы бүкіл елдегі, оның ішінде Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдаайын түбімен өзгертті. Отарлық езгіде болып келген қазақ халқы патшаның тақтан құлауы, жаңа тәртіптің орнауы туралы хабарды зор қуанышпен қарсы алды. Ақпан революциясының жеңісі қоғамға демократиялық бостандықтарды бергендігін түсінген қазақ зиялылары оның мұраттарын іске асыруға үлкен құлшыныспен кіріседі. Бұл мақсатын қойған ұлт зиялыларының қызметінде мүлдем жаңа кезең басталған болатын. Сонымен қатар Ақпан революциясының кейін қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы үлкен қарқынға ие болды. Ал бұл кезеңде қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысының өрлеуі болды дейтін себебіміз: қазақ қоғамындағы бұрын-сонды болып көрмеген қазақ жастарының идеялық тұрғыда ұйымдасуы және қоғамдық-саяси істерге белсене араласуы биік деңгейге көтерілді.
Ақпан революциясының кейінгі кезеңде де «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан қазақ зиялыларының ұлт мәселесіне қатысты бастамаларды өз мойнына алатындағы байқаймыз. Осыған байланысты «Қазақ» газеті 1917 жылғы 223 санында Минскідегі бұратана бөлімінде жүрген Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Есболов, Т.Жаманмұрынов, Н.Төрекұлов, Ш.Бекмұхамедов, А.Кенжин бастаған барлығы он бес қазақ аттарына жолдаған жеделохатын жариялады.
Жеделхаттың мазмұнында былай делінген: «Ресейдегі барша халыққа ағайындық, теңдік бостандық күні туды. Жаңа құрылған үкімет дүкенін сүйеу үшін қазаққа ұйымдасу керек. Жаңа құрылған ел бағу дүкенін нығайту үшін тегі басқа барша халықтармен үйір боларға керек. Учридительное собрание сайлауларына қазақ болып қамдану керек. Жарамды жақсы адамдарын ауызға ала беру керек. Енді араздық, өштік, дау, жанжал, тартыс партиялық сыйыспаулық тастау керек. Көксерілік жұмыстарың — бірлік, адалдық болсын! Жер мәселесін де қозғап, тезірек қолға ала беріңдер. Біз қалайтын патшылық түрі — демократическая республика, яғни мал өсіріп, егін салып, жерге ие боларлық түрі
Алаш қозғаласының тарихын зерттеуші К.Нұрпейісов өзінің еңбегінде: «Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанның 20-ға жуық қалалалры мен елді мекендерінде оқушылардың, ауыл мұғалімдерінің бастарын біріктірген қазақ жастарының ұйымдары пайда болды. Олардың көпшілігі 1917 жылдың жаз айларында құрылды. Олардың қатарында Омбы қаласында құрылған «Демократиялық оқушы жастар кеңесі» мен «Бірлік» ұйымы, Ақмолада ұйымдасқан «Жас қазақ», Спасскі заводының қазақ жастарын біріктірген «Жас жүрек», Әулиеата уезінің Мерке қыстағындат Тұрар Рысқұлов ұйымдастырған «Қазақ жастарының революциялық одағы» т.с.с.болды. Сондай-ақ Семейде «Жанар», Қызылжарда «Талап» атты қазақ жастарының ұйымдары құрылды. Бұл ұйымдардың көпшілігі алғашқы кезде өздерінің алдына, негізінен ағартушылық мақсаттар қойды. Жастар ұйымдары қазақ еңбекшілерінің арасында газет пен журналдар таратуды, халықтың сауатын ашуға көмектесуді және т.б. өздерінің басты міндеттері деп түсінді. Отанымыз үшін әрбір қазақ азаматы қуанышта болуы керек. Кеше ғана Ресейдің отары болып, қиыншылық өткерген еліміз бүгінгі таңда дамудың жоғарғы сатысындағы, беделді елге айналды. Біз расында да өз елімізді мақтан тұтамыз! Бар жоғы 22 жыл ішінде осындай жетістіктерге жетіп, өзін әлемге таныта білген Қазақстан кімнің болсада жүрегіне отан сүйгіштік сезімін ұялатып, сүйсіндіреті сөзсіз. Ата-бабаларымыздың ұзақ ғасырлар бойы сақтап, қастерлеген асыл мұрасы – еліміздің тәуелсіздігі, халық ынтымақтығы, жер берекесі – бәрі де – тар жол, тайғақ кешумен келген үлкен байлық!
Қазіргі таңда Қазақстан әлемдік аренадан өз орын ойып алған, Азия мен Еуразияның кіндігі, өжет елдің мекені. Қазақ мемлекеті өз тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік ұйымдардың біразына мүше болып, көптеген елдермен достық қарым – қатынас орнатты.
Әр ұлт өзінің тарихын, салтын және ана тілін мақтан тұтады. Егеменді ел болғандықтан, мемлекеттік тіл — қазақ тілін білу — елдің әр азаматының міндетті борышы. Тілмен қатар, салт-дәстүр және атам заманнан келе жатқан әдет-ғұрыптарды барынша сақтауға тырысатын қазақ халқы қазіргі таңда биік белестерден көрініп тұр.
Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал Қазақ халық біреуді артық, біреуді кем деп көрмеген. Татулық пен достықта тұруды ежелден серік еткен. Қазақстан — өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы бар құдіретті ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен. Тарихқа үңіле отырып: «Кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз?» — деп ойлансақ бұл — туған елінің, халқының өткені мен келешегіне көз жіберген әрбір азаматтың жүрек түкпіріндегі сөзі. Қазақ елі тәуелсіз болса деген арман ұшқын шашса, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Қазақ елінің соңғы жиырма төрт жыл тұтқасын ұстап, туын көтерген тұрлаулы да тұғырлы тұлғасы – басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды.
Қазақстанның әлемдік рынокта шешуші бәсекелік басымдығы жоғары, көптеген мемлекеттермен бақталастықпен қатар, достықты сақтап отыр.Бірақ та еліміздің экономикасы әлі де дамушы елдердің қатарында. Ал бүгінгі біздің мемлекетіміздің саяси, экономикалық жағдайларын арттыру үшін, бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту керек деп ойлаймыз.
500 жылдан аса қиыншылықтарды басынан өткерген ата-бабаларымыз біздің тәуелсіз, әл-ауқатты, уайым-қайғысыз өмір сүруімізге кепіл болып отыр. Елімізде нарықтық экономиканың жан-жақты және табысты дамуы, индустриализация, инновация, инвестиция салаларындағы жаңашыл шаралардың жүзеге асырылуы, жалпы кәсіпкерлікті, оның ішінде, кіші және орта бизнес субъектілеріне жағдай жасау мәселелеріне зор көңіл бөлініп, аталған қоғамдық қатынастардан туындайтын дауларды дер кезінде әрі заңдылық тұрғыдан шешу үлкен саяси мәселе болып тыбылады.
Мемлекетіміздің бас қаласы болып табылатын Астана қаласында 2017 жылы «EXPO-2017» бағдарламасы өз жұмысын бастады, соған орай біз өз елімізді қамтамасыздандырылған болашақ күтіп отыр. Одан кейін кемеңгер президентіміз «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» бағдарламаларының келешекте күтілетін нәтижесі бойынша Алла бұйыртса, дамыған елдердің алғашқы отыздығына, сосын ондығына кіру арманымызда жоқ емес.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы – зайырлы, демократиялық мемлекет болып табылады. Ата Заңымыз Конституцияға сәйкес, ең алғашқы бабы бойынша адам құқығын қорғау арқылы, халық саны көбейеді деген сенімдеміз. Жастар білімін нығайтып, елімізге пайдалы жаңа технологияларды өндіру арқылы да әлі талай белестерді бағындырамыз. Егер де біз өз халқымыз үшін тер төгіп еңбек етсек, Қазақстанда, қазақ халқында жарқын болашақ қамтамасыздандырылған болар еді. Тәуелсіздік алғалы, қаншама белестерді бағындырған Қазақ елін болашақта жарқын өмір күтіп отыр.
Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек ету, оқу оқып, білім игеру, жас тәуелсіз мемлекетіміздің ірге тасын бекіту, ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту ең басты парызымыз!