• Пт. Сен 19th, 2025
Популярные метки

4 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ТАРТУДА ЖОБАЛАУ-СМЕТАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАСЫ ДАЙЫН

Автор:admin

Авг 10, 2023

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтың 2022 жылы халықпен кездесуінде тұрғындар елді мекендерді газ, су, жарық және кәріз жүйесімен қамту бойынша өтініштерін жеткізген болатын. Қала әкімі өтініш-ұсыныстарды ескере келе, инженерлік жүйелермен қамтылмаған шағынаудандардағы өзекті мәселелерді шешуде нақты тапсырма берді. Нәтижесінде жеке инвестиция есебінен 6 нысанға жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүргізілді.

Соның ішінде, 4 нысанның, атап айтқанда, Айқап, Ынтымақ-2, Асар-2, Бозарық шағынаудандарындағы Жаңақұрылыста жобалау-сметалық құжаттамасы аяқталып, сараптама қорытындылары алынды. Қалған 2 нысанның яғни, Ақжайық, Таскен шағынауданындағы Жаңақұрылыста жобалау-сметалық құжаттамасы осы жылы аяқтау жоспарланған.
Құрылыс жұмыстары қолға алынса, Айқап және Ақжайық шағынаудандарына кәріз жүйесі тартылады. Ынтымақ-2, Асар-2. Бозарық (жаңақұрылыс), Таскен (жаңақұрылыс) шағынаудандарында ауыз су, газ, жарық, кәріз жүйесінің мәселесі шешіледі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *