• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Жастардың кәсіптік білім туралы құндылықты түсініктері.

Автор:admin

Авг 18, 2022
Spread the love

Кейінгі жылдар Қазақстан үшін білімнің мазмұны  мен ұйымдастыру деңгейіне, оның сапасы жөнңнңдегі критерийлерді анықтауға, білім беру технологияларын іздестіруге  қатысты көзқарастарды ( тәсілдерді) байыппен қайта қару уақытында айналды. Осы тұрғыдан жастардың кәсіптік білім алулары мен бастапқы жұмысқа орналасулары олардың өз тағдырларын өздері шешудегі аса маңызды белес болып табылады. ХХІ ғасырдың табалдырығында білім беру тұжырымдамасы шешуші маңызға ие бола түсуде. Ол бастауыш білім мен үздіксіз білім алу арасындағы дәстүрлі айырмашылықтардың аясынан шығып, шұғыл өзгерістер жүріп жатқан дүниенің бізге қоятын талабының жауабы болып табылады.

Алайда, бүгінгі  күннен кешіктірместен уақыт талап  ететін өскелең ұрпақтың негізгі ерекшеліктерін, бағдарларын анықтау қажет. Осы мағынада студент-жастар қоғамдағы өзгеріскетерге аса сезімтал келеді.Оның үстіне студенттік жылдар ең күшті дағдарыстардың біріне жатады — сәйкестік, өз тағдырын өзі шешу дағдарысы. Бұл кезеңді бастан кешірудің маңыздылығы мынада, жастардың сәйкестік дағдарысы қоғамның — жаңа әлеуметтік үлгідегі қоғамның өзінің тағдырын шешуімен қатар келеді. Мәскеу гуманитарлық университетінің белгілі профессоры, социолог И.А. Ковалеваның пікірі бойынша, әлеуметтіктің осы жаңа үлгісі жеке адамның әлеуметтік сапаларына (қасиеттеріне) мүлдем қарама-қарсы талаптар қояды: жеке адамның даралығына, жеке мүдденің басымдығына, өз күшіне сенуге, бастама көтеруге, іскерлікке, байлықтың мақсат ретіндегі құндылығына, уақыт ретіндегі құндылығына бағдарлайды. Білімді өмірдегі игіліктер мен жетістіктерге жетудегі, сондай-ақ өздерінің өмірлік жоспарларын іске асырудағы құндылық ретінде студенттердің атағаны әбден қисынды.

Жастардың кәсіптік білім туралы құндылықты түсініктері.

Кейінгі жылдар Қазақстан үшін білімнің мазмұны  мен ұйымдастыру деңгейіне, оның сапасы жөнңнңдегі критерийлерді анықтауға, білім беру технологияларын іздестіруге  қатысты көзқарастарды ( тәсілдерді) байыппен қайта қару уақытында айналды. Осы тұрғыдан жастардың кәсіптік білім алулары мен бастапқы жұмысқа орналасулары олардың өз тағдырларын өздері шешудегі аса маңызды белес болып табылады. ХХІ ғасырдың табалдырығында білім беру тұжырымдамасы шешуші маңызға ие бола түсуде. Ол бастауыш білім мен үздіксіз білім алу арасындағы дәстүрлі айырмашылықтардың аясынан шығып, шұғыл өзгерістер жүріп жатқан дүниенің бізге қоятын талабының жауабы болып табылады.

Алайда, бүгінгі  күннен кешіктірместен уақыт талап  ететін өскелең ұрпақтың негізгі ерекшеліктерін, бағдарларын анықтау қажет. Осы мағынада студент-жастар қоғамдағы өзгеріскетерге аса сезімтал келеді.Оның үстіне студенттік жылдар ең күшті дағдарыстардың біріне жатады — сәйкестік, өз тағдырын өзі шешу дағдарысы. Бұл кезеңді бастан кешірудің маңыздылығы мынада, жастардың сәйкестік дағдарысы қоғамның — жаңа әлеуметтік үлгідегі қоғамның өзінің тағдырын шешуімен қатар келеді. Мәскеу гуманитарлық университетінің белгілі профессоры, социолог И.А. Ковалеваның пікірі бойынша, әлеуметтіктің осы жаңа үлгісі жеке адамның әлеуметтік сапаларына (қасиеттеріне) мүлдем қарама-қарсы талаптар қояды: жеке адамның даралығына, жеке мүдденің басымдығына, өз күшіне сенуге, бастама көтеруге, іскерлікке, байлықтың мақсат ретіндегі құндылығына, уақыт ретіндегі құндылығына бағдарлайды. Білімді өмірдегі игіліктер мен жетістіктерге жетудегі, сондай-ақ өздерінің өмірлік жоспарларын іске асырудағы құндылық ретінде студенттердің атағаны әбден қисынды.

Кейінгі жылдары біздің өмірімізде банкир  мен коммерсант сияқты мамандықтар кірді. Елімізде қалыптасқан экономикалық және саяси жағдайларға байланысты жас ұрпақ экономикалық және заң мамандықтарына ең үлкен қызығушылық танытады. Бұрын осы мамандықтарға қызығушылық төмен болды деп айтуға болмайды, бірақ аталмыш салалар біздің қоғамда, атап айтқанда, біздің өміріміздің түрлі салаларында болған, кейінгі 2-3 жылдың ішінде туындаған және кең жайылған өзгерістердің арқасында үлкен танымалдылыққа жетті. Шамасы, біздің жастарымыздың бүгінде кәсіпкерлік қызметке, бизнес саласындағы жұмысқа бағдарлануын, жай жақсы өмірді іздестіруге ұмытылу ретінде ғана емес, ол да өздігінен маңызды нәрсе, сонымен бірге толық болса керек.

Ішкі дағдарыспен  толықтырылған қоғамдық пікір бойынша  армияның беделінің түсуі әскери мамандықтарға теріс әсерін тигізді. Армияның қоғамда атқаратын ролі туралы қалыптасқан пікірді өзгерткен жаңа қорғаныс доктринасын қабылдау, әскери қызметшілердің толыққанды әлеуметтік мәртебесін қамтамасыз ететін тетіктерді енгізген жоқ. Жастардың санасындағы күрделі өзгерістерді де ескермеуге болмайды: билік құрылымдарының жағымсыз қабылдау, жеке бастың тәуелсіздігіне ұмтылу. Біздің зерттеуіміздің деректері әскерде қызмет ету ықтималдығы туралы сұраққа берілген жауаптарды растады. Сауалнамаға қатысқандардың 38,4%-ы ғана, бұл зерттеуге тартылған ер адамдардың жартысына жетпейтін санды құрайды, оң пікір білдірді. Қазақстандық зерттеушілердің деректері бойынша (Л.Ю. Зайниева, Д.Қалатаев және Г.Шойкин) жүргізілген зерттеудің нәтижелері бойынша шығарылған сауалнамаға қатысқандардың жасқа қатысты ерекшеліктері мен әскери қызметке азаматтық борыш (парыз) ретінде қараулары, қазіргі кезде беделді көрсетілген жоқ. Жастардың ересек топтарының арасында (26-29 жас) әскердегі қызметті азаматтық борыш деп 38,5%-ы есептесе, басқа жас топтарының арсындағы көрсеткіш сәл төменірек ( 14-18 — жастағылар 37,4%, 19-25 жастағылар — 36,1%).

Осы жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытындылар шығарылып  отыр:  1) жастар ой еңбегіне бағдарланған; 2) жастардың басым көпшілігі беделді (оқу-ағарту ісінің қызметкері) және кейінгі жылдарда кеңінен танымал болған мамандықтарды алуды жоспарлайды ( экономист, заңгер, кәсіпкер): 3) ақпаратты талдаудың нәтижелері көрсеткендей, сауалнамаға қатысушы жоспарланған мамандық пен өзі көп уақыт тұрған отбасындағы ата-анасының істейтін жұмыстарының және мектеп пен институтта қалай оқитынының арасындағы айтарлықтай байланыс жоқ: 4) орта мектепті бітіруші жастардың жеке жоспарларын зерделеу көрсеткендей, болашақ жолды таңдауға бағдарларды қалыптастыру объективті және субъективті факторлардың әсерімен жүреді.

Кәсіптік белгілеу үдерісінде мүдделер, жеке жоспарлар, жеке адамның бейімділіктері мен  оған қатысты ахуалдың (жағдайдың) арасында қарама-қайшылықтардың туындауы мүмкін, соның салдырынан жеке адамдардың өзіндік жоспарлары елеулі өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Жеке адамдардың мүделлерінің, мақсаттарының орнықтылығын, жағдайлардың кездейсоқ тоғысуы емес, ал наным-сенім бойынша мамандық таңдау қалыптастырады (көпшілік студенттер). Біздің зерттеуіміздің нәтижелері мектеп бітірушілерінің орта мектепттен кейін оқуын жалғастыруды жоспарлаған басым бағыттылығына қатысты белгілі бір үрдісті растады. Ең алдымен, жастардың басым көпшілгі күндізгі оқу орындарында оқуларын жалғастыруға ұмтылады, осы көрсеткіш қала мектебінде оқушылардың арасында өте жоғары.

Ескеруге тұратын  тағы бір маңызды жағдай бар. Бүгінгі  уақытта, 60-шы және 80-шы жылдармен салыстырғанда, ірі қалаларда тұратын жастар, шет аймақтағы қалалардағы жастарға қарағанда «жұмысты оқумен қатар алып жүру» спияқты өзі үшін ықтимал перспиктиваны басқаша сезіне және белгілей бастады. Бұрын егер кешкі және сырттан оқитын оқу орындарын дағы жастар ғана осыған ұмтылса, ал 90-шы жылдарда оқу мен жұмысты жас адамның қатар алуы анағұрлым көп жақты және икемді құбылысқа айналды. Әсіресе, бұл Алматы мен Астанаға, осы қалаларда кең ауқымды еңбек рыногы жастарға түрлі уақытша, толық емес ожәне басқа да қызмет түрлерін ұсындаы. Қазір, күндізгі оқу орындарындағы студенттер оқуға түскен бойда-ақ қосымша табыс табады немесе тіпті, әсіресе, 3-4-ші курстарда тұрақты жұмыс істейді. Студенттер істейтін қызметін сан түрлерінен ең ортақ үрдіс ретінде мынадай жағдай ерекшеленеді, студенттер неғұрлым ересек болған сайын, олардың істейтін жұмысы олардың оқу орнында алатын мамандықтарында соғұрылым кәсіби жақын болады. Бүгінгі жастардың орта мектепті бітіргеннен кейін оқуларын жалғастыруға нақты нысаналануы міндетті кәсіби білім алуды ұйғаратын түсінік пен басты құндылықтың болуы туралы айғақтайды.

Орта мектепті бітірушілерге сауалдама кәсіптік тұрғыдан өз тағдырын шешу мен дербес еңбек тіршілігіне кірісуге қатысты ортақ проблемалар жастар үшін ең өзекті мәселелер болған кезде қойылды. «Қазір лайықты жұмыс табу өте қиын. Сізді осы мәселе қаншалықты алаңдатады?» — деген сұраққа сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі алаңдатушылық білдірді

Жалпы алғанда, жастардың  жартысына жуығын осы проблема «алаңдатады», әрі «мүлде алаңдатады» жауаптарында жасөспірім жігіттер саны басым. Осы проблеманы бойжеткен қыздар ойламайды, біздің зерттеуімізде олар 13¸7%-ды құрады. Оның үстіне, жастардың жұмысқа орналасуы мен әлеуметтік шығу тегінің себебі бойынша алаңдатушылық сарабының арасында өзара байланыс (корреляция) бар. Кестеде келтірілген деректерден көрінгендей, сауалнамаға қатысқан мектеп бітірушердің отбасының әлеуметтік-кәсіби мәртебесі неғұрлым төмен болса, солардың арасындағы жұмысқа орналасу проблемасы алаңдататын адамдар соғұрлым көп: жұмыс іздеу «қатты аландататындардың» саны жұмысшылардың балаларынан (7¸0%) мамандардың балдарына (11¸4%) және жұмысшылардың балаларына (21¸2%) өсе түседі. Осы проблема «жай алаңдатындардың» үлесті салмағы бұдан да көп ұлғая түседі, сәйкестігіне қарай 29¸8%¸ 42¸3% және 49¸0%. Сауалнаманы қорытындылаудың негізінде жастардың түрлі топтарының пікірлері айтарлықтай өзгешеленді: олардың басым көпшілігі (53¸7%) және жұмысшылардың балалары (70¸2%) жұмыс табуға байланысты алаңдатушылық білдірсе, ал басшылардың балаларының арасында мұндайлардың саны, керісінше тең жартысынан аз.

Қазақстандағы жаңа әлеуметтік-cаяси, мәдени және ақпараттық жағдайда жас ұрпақтың әлуметтік  мінездемелеріне серпінді және терең  өзгерістер жүріп жатыр. Бұл орайда, аймақтық, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтар, жастардың түрлі жіктері мен топтарындағы жыныс-жас ерекшеліктері анықталады.

Жалпы алғанда, жастардың  жартысына жуығын осы проблема «алаңдатады», әрі «мүлде алаңдатады» жауаптарында жасөспірім жігіттер саны басым. Осы проблеманы бойжеткен қыздар ойламайды, біздің зерттеуімізде олар 13¸7%-ды құрады. Оның үстіне, жастардың жұмысқа орналасуы мен әлеуметтік шығу тегінің себебі бойынша алаңдатушылық сарабының арасында өзара байланыс (корреляция) бар. Кестеде келтірілген деректерден көрінгендей, сауалнамаға қатысқан мектеп бітірушердің отбасының әлеуметтік-кәсіби мәртебесі неғұрлым төмен болса, солардың арасындағы жұмысқа орналасу проблемасы алаңдататын адамдар соғұрлым көп: жұмыс іздеу «қатты аландататындардың» саны жұмысшылардың балаларынан (7¸0%) мамандардың балдарына (11¸4%) және жұмысшылардың балаларына (21¸2%) өсе түседі. Осы проблема «жай алаңдатындардың» үлесті салмағы бұдан да көп ұлғая түседі, сәйкестігіне қарай 29¸8%¸ 42¸3% және 49¸0%. Сауалнаманы қорытындылаудың негізінде жастардың түрлі топтарының пікірлері айтарлықтай өзгешеленді: олардың басым көпшілігі (53¸7%) және жұмысшылардың балалары (70¸2%) жұмыс табуға байланысты алаңдатушылық білдірсе, ал басшылардың балаларының арасында мұндайлардың саны, керісінше тең жартысынан аз.

Қазақстандағы жаңа әлеуметтік-cаяси, мәдени және ақпараттық жағдайда жас ұрпақтың әлуметтік  мінездемелеріне серпінді және терең  өзгерістер жүріп жатыр. Бұл орайда, аймақтық, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтар, жастардың түрлі жіктері мен топтарындағы жыныс-жас ерекшеліктері анықталады.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жастарды мемлекеттік құрылымдарға тарту шараларынан басқа, сол кезеңде өзекті болған бағдарламалар да жүргізіліп жатты. Олар жастар ұйымдарының жұмыстарын жаңа бағытта институтциялау арасында жүрді. Мемлекеттік басқарылымға тарту мақсатында дарынды жастарды іздестіру шаралары жүргізілді.

Жастардың тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік  құрылысына ат салысуы, жастар саясатын реттеу тұтастай алғанда жартылай аяқ  асты жағдайда жүрді. Республиканың  тәуелсіздігін нығайту процесіндегі жаңа жастар саясатын жасауға негіз болған жастар мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастың келесі бір маңызды аспектісіне өтсек. Ол — мемлекеттік егеменділік тұжырымының басты шарттарының бірі, нарықтық қатынастар мен либеризациялану тұсындағы жас ұрпақтың рөлі.

Жастар  ұйымдарының глобальдық мәселелрді түсінуі және шешеуге атсалысуы  коммунистік құндылықтардың жойылып, жаңа менталитеттің қалыптаса бастағанын көрсетеді. Алайда, ұлттық мемлекеттің  егемендігі жағдайларындағы жастардың  өзіндік мінезін асыра мақтау қажет емес.

Жастар  танымында кәдімгідей орны бар дүниетанымдық  құрылым сараптамасы бұрынғы  идеолгиядан бір күннің ішінде арылу  мүмкін екенін көрсетеді. Қоғам жаңа идеологиялық дұрыстығын бағалап, оны  қабылдауы үшін оған біршама уақыт  қажет. Егер жаңа мемлекеттік идеологияның социалистік рухтағы бұрынғы идеологиямен салыстырмақ, көп айырмашылық кездестіреміз.

Біріншіден, ол таптық сипаттан ада, догмалық пен  схематизмнен алшақ әлеуметтік топтар мен тұрғындардың барлығына бірдей қызмет етеді. Сөйтіп тұра ол қатаң және өзгертуге мүлдем болмайтын тәртіпті бұзуға әрекет етпейді.

Екіншіден, қазіргі жалпыұлттық идеология  өздігінен даму және өзін-өзі басқару көзқарасымен, қоғам және жеке тұлғаларды саясиландырудан алыс. Ағарту және демократия позициясындағы ол жастардың жалпы мәдени деңгейі мен оның құндылықтарының жылдам өзгеру талабына өз бағытын тез өзгертіп, жаңа құндылықтар туындата алады.

Үшіншіден, жаңару және әлеуметтік қатынастарды қайта құру талабына жалпыұлттық  идеологияның талаптары тамырымен  өзгереді.

Қоғамның  демократияландыру кезінде ойлау  мен дүниетаным еркіндігі жағдайындағы ұлттың рөлі төмендегідей:

а) ұлттық идеология барлық халықты, оның ішінде жастарды біріктіру күші болуы керек;

ә) руханилықтың қалыптасуы, жастардың  жалпы мәдениетінің жоғарлауы, жағымдылық негіздердің сақталуы;

б) адам факторы мен халықтың шығармашылық күшінің белсенді болуына ықпалды  түрде әсер ету;

в)  құқықтық және нормативтік құжаттардың идеологиялық қамсыздандырылуы, қабылданған саяси шешімдердің ғылыми-техникалық тұрғыда негізделіуі;

г) жастар арасындағы тәрбие жұмыстарына  арналған дидактикалық іргетастың құрылуы;

д) ұлттық өнер, әдебиет пен көркем шығармашылықты дамыту.

Ескі  жүйенің құлауы мен жаңа қоғамның түзілуі кезіндегі өтпелі дәуірде (кезең) жас ұрпақтың өз-өзі анықтауға қатысты өзгеру барысын шартты түрде екі кезеңге бөліп көрсетуге болады.

Бірінші кезеңде (ғасырдың соңғы он жылдығының бірінші жартысы) қайта құруға дейінгі өмір сүру дағдысы, дүниетаным, құндылықтар мен мақсаттардың барлығына дерлік қарсы болу өз шарықтау шегіне жетеді.

Саяси реформаларды, саяси ойлаудың дамуын жастардың саясаттағы қабілеттілігін танымай, олардың саясатқа қызығушылығын ескермей жатып, жастар саясатын жүргізуге болмайды. Біздің ойымызша, демократиялық реформа ең қиын әрі күрделі міндеттердің бірі. Өйткені дәл осы майданда жастар өздерін тәуелсіз субьект ретінде сезініп қоймай, өздерінің сұраныстарын қанағаттандыра алатын саяси күш ретінде сезіне алады.

Екінші  топтағы жастар ұйымдары жастардың  еңбек пен шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыруға көмектесті. Бұл, біріншіден, студенттік құрылыс жасақтары, ғылыми-техникалық шығармашылық одақтар мен жастар құрылыс бірлестіктері, тәлімгерлік бригадалары, студенттік конструкторлық бюролар және т.б.

гүлденген қоғамға тек  нарық, ашық экономика, кәсіпкерлікті  жан-жақты қолдау арқылы жетуге болады. Бұл ең алдымен әлеуметтік құндылықтардан бас тартпайтын әлеуметтік  даму жолы.

Ұлттық  мәдениет – халықтың өзін-өзі тұрақтандыратын және оның барлық әрекеттеріне негіздеме беретін әсіресе, жастардың асқақ мұраттарын қалыптастыратын рухани ізденіс аймағы.Ұлтымыздың мәдениетін, дүниетанымын зерделеудегі басты мәселе біздің өскелең ұрпаққа басқа елдермен тең боларлық рухани қор жинай алдық па деген сұраққа барып тірелетін рас.

Кеңестер  Одағының жойылуына байланысты. Одақтағы Республикалардың әрқайсы жеке мемлекет болып қалыптасты. Бұл процесстің ерекшелігі, ұлттық сананың даму нәтижесі Кеңестер Одағы халықтарын біріктірген татулықтың, ұйымшылдықтың жойылуына, бұрынғыдай бағалы, рухани құндылықтардың келуіне әкеліп соқтырды. Бұл орайда, біріншіден, ұлттық сананың жеке адамдағы қалыптасуының обьективті қажеттілігін іздеуді атап өткен жөн. Барабарлық өзіндік мәдени, лингвистикалық, және басқа да ерекшеліктер басқа да топтардан ерекшелендіріп те байланыстыра да отырып ниеттестікті білдіріп тұруы қажет.

Жастар саясаты «Қазақстан Респуликасының мемлекеттік жастар саясатының Тұжырымдамасы» енгізіліп, «жастардың рухани және тән саулығы – мемлекеттің стратегиялық капиталы мен оның қазіргі кездегі дамудың маңызды факторы (179) – деген тұжырымдама қалыптасу керек. 2004 жылғы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңды ескергеніміз жөн. Ол жасөспірімдер мен жастардың рухани құндылықтары, жастардың өз халқының рухани мәдениетіне баулуы, мемлекетіміздің тарихи өткеніне баулуы, қоғамдағы келісім мен бейбітшілікті нығайту жас ұрпақтың Отаны үшін мақтан сезімін қалыптастыруы тиіс. Патриотизм, адамгершілік, шеберлік, жауапкершілік сияқты жеке қасиеттерді иеленуге ұмтылған жас Қазақстандықтар үшін алға қойылуы қажет.

Жастар  қандай таңдау жасайды? Олардың әрқайсысы өткендегі адамзат мәдениетінің мұрагері бола отырып, мұндай моральдық, саяси, эстетикалық  басқа да құндылықтардың көпшілігін таңдау еркін иеленген. Алайда өмір сүрудің обьективтік шарттарына сәйкес  біз белгілі түрде генетикалық, әлеуметтік-cаяси, ұлттық, экономикалық және басқа да факторлармен шартталған мүмкіндіктер шеңберін ішіндеміз.

Адамның рухани дамуы кітап пен журналда екенін түсіндіру күнделікті сабақта мұғалім тарабынан қолдау алып, жеткізіліп отыру керек. Абай жастарды адамгершілікке рухында тәрбиелеген, оларға ғылым мен білімге бастар жолды көрсете алған мәселелерді кез келген еңбегінде кездестіре аласын. Абайды оқы, Абайды таңы деп баланы жастайынан Абайдың өлеңдерін оқуға деген құштарлығы мен сезімдерін оята білу. Абай атамыз бұқара халқын адал еңбекке шақырды, қулық- сұмдықпен, алдау –арбаумен, ұрлық-зорлықпен, еңбексіз тапқан мал мен мүліктің: «Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, Қардың суы сықылды тез суалар….» –деп, ондай арзан дүниенің жұғымсыз болатынын ұқтырған. Жастардың әрбірінің айналысар кәсібі болуын, ол кәсіпке дағдылану машығы неғұрлым ертерек басталуын, жастық шақта еңбекке деген ұмтылыстық, икемділіктің тұрақты қасиетке ұласуын меңзеді. Еңбек ету үшін өзіндік байлам, талаптылық пен берік табандылық сияқты қасиеттердің керектігін кейінгі ұрпаққа ескертті. Ақын әрбір жастың келешегінің нұрлы, болашағының жарқын болуы адал еңбектің арқасы екенін терең түсіндіріп тұжырым жасады. Ендеше, осы қағиданы неге басшылыққа алмасқа. Қазіргі жастарымыз оңай, жеңіл жетістікке жету үшін адами моралдық ұстанымдардан аттап кетуге дайын екендігін күнделікті бастан кешіп жатқан келеңсіз көріністер айқындай түседі. Көпшілік жастар үшін, өкінішке орай, қандай жолмен болсын ақша табу, шектен тыс емін-еркін және сәнді де салтанатты өмір кешу мақсат-мұратқа айналып бара жатыр. Кез-келген жолмен рахатка бөленіп, көңіл көтеру, үздіксіз ойын-сауыққа кенелу-өмір сүрудің мәні болып табылатын, алды-артын ойламайтын мақсатта жүр.

Отбасы тәрбиесінің рухани-өнегелі негіздерін сақтап, әрі қарай дамыту үшін мынандай педагогикалық тәжірибелерге жүгіну абзал. Біріншіден, отбасының ынтымағы, отбасы үшін отқа түсу және бір-біріне деген сүйіспеншілікті арттыру. Екіншіден, отбасының рухани өсуі үшін ұмтылыс жасау, өзін-өзі жетілдіру. Үшіншіден, бала еркіндігіне көңіл бөлу және оның абыройына құрметпен қарау. Төртіншіден, ата-ананың бір-біріне деген кіршіксіз тазалығын сақтау. Бесіншіден, қоғам өміріндегі қайырымдылық көрсету бағдарламаларына қатысу. Алтыншыдан, отбасылық ата дәстүрді сақтау, насихаттау. Жоғары сынып оқушыларының ата-аналары кейде мектеп жиналысынан кейін «Біз қай жерден қателік жібердік? Баламыз неге өзгерді» деген сан алуан сұрақтарға тап болып жататын кездері де болады. Шынымен де, бұл тәрбиенің ең күрделі кезеңі. Алдымен бала ата-ананың айитуымен өмір сүреді, сосын ол мұғалімінің пікіріне құлақ асады, кейін құрбы-құрдастарының, қоғамның айтуы бойынша әрекет жасайды. Осыдан кейін ол мұнын бәрін жоққа шығарып, өз дегенін істейді. Бұл дағдарысты жасөспірімдердің бәрі де басынан кешіреді: дұрыс таңдау жасау үшін адам өзіне өзгелердің ұсынған, айтқандардың бәрін өзінен ысырап тастауы керек. Бұл жерде оны жақсы көру, оған қамқорлық жасау және көңіл бөлу жеткіліксіз. Әңгімелесу және ақыл айту, олай емес, былай жаса деу-бала бойына ашу-ыза тудырады, тиым салу кертартпалық пен араздықты тудырады. Не істеу керек? деген сұрақ туындайды. Психологтардың пікірі бойынша: бұл жағдайда шыдамдылық керек, сабырлық көрсетіп, араға уақыт салып күту керек. Егер отбасылық құндылықтың негізі дұрыс та берік қаланса, бала міндетті түрде дұрыс таңдау жасайды, әдеттегі, қалыпты, үйреншікті өмірге қайта оралады. Отбасылық дәстүр, оның өнегелі тамаша үлгісі, балаға ой салып, тынышталу күйін, сабырлылық пен бірқалыптылылық және жарасымдылық береді. Нәтижесінде, бала ата-анасының көрсеткен отбасылық үлгісіндей, бір-бірін жанындай жақсы көріп өмір сүрген ата-анасы сияқты, өзінің сүйіспеншілікке толы отбасын құрады. Қазақ халқының зиялы ақыны, педагог, қоғам қайраткері М. Жұмабаевтың: «Тәрбиедегі мақсат баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына сай қылып шығару» деп айтуы бала тәрбиесіндегі ата-ана, мектеп, қоғам алдында үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын дәлелдейді. Отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайтудың өте маңызды екендігін біледі. Ал, тәрбие қоғамдық құбылыс болғандықтан, оны қоғам талаптарынан тыс ұйымдастыру мүмкін емес. Қазақ мәдениеті – ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Жалпы адамзаттық құндылық қасиеттері ұлттық тәрбиемен ұлттық мәдениеттің дамуындағы қозғауышы күші болып табылады. Болашақта гүлденген Қазақстанның одан ары қарыштап өркендеуiнiң негiзгi тұтқасы болатын демократиялық қоғамды құратын парасатты және бiлiмдi тұлғаларды дайындауда ұлттық тәлiм-тәрбиенiң атқаратын жұмысы зор екенi даусыз.

Қазақстандағы бүгінгі өтпелі кезең мұндай таңдауды біршама қиындатады. Бір жағынан, қазақстандықтардың бірнеше ұрпақтары  белгілі тарихи себептерге байланысты өзінің мәдени көздерінен айырылған болатын. Қазақ мәдениетінің жоғары және төменгі қабаттарының арасындағы алшақтық сақталып келеді. Екінші жағынан жастарға белсенді түрде жат мәдениет, жалпы мәдениет,  Батыстың, Шығыстың миссионерлері қуатты уағыздары, әдетте бір-біріне қарама-қайшы келетін саяси, иделогиялық және діни мифтер мен идеялар салмақ түсуде.

Мәселе  жас буын материалдық және рухани өндірістің көп өнімдерімен жұмыс  істеуге әзір ме дегеннен туындайды. Басқа адамдармен әлеуметтік байланыс құруға, белгілі ортада ізденіс жұмыстарын жүргізіп отырады. Ол саналы болып өсіп жатқан құндылықтар мен мақсаттар арасынан таңдау жасауға мәжбүр болады.

Қайта құру мен Қазақстанның өз тәуелсіздігін  алуы жастарға жаңа жағымды «уақыт қаһарманын» — cаяси диссидент, табысты кәсіпкер немесе саяси қайраткерді берді.

2008 жылы мамырдың 14-і күні Астанада өткен «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының І съезінде «Жас Отан» мемлекеттік жастар саясатының түпқазығына айналуы керек», деп міндет қойған болатын. Бұл міндетті біз орындай білдік, нәтижесі де аз емес.

Үстіміздегі жылы 16 қарашада Астана қаласында «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезі өтті  съезде «Жастар – Отанға!» стратегиялық маңызды құжат қабылданады. Бұл құжатта:

– жастарды кәсіби тұрғыдан өсуге ынталандырудың қажеттілігіне;

– жас қазақстандықтар үшін «әлеуметтік лифтілердің» барынша тиімді тетіктерін іздестіру маңыздылығына;

– жастар арасында масылдық және салғырттық көңіл-күйге әлеуметтік және дүниетанымдық көзқарас қалыптастырудың маңызды екеніне;

– жастар арасында жұмыспен қамту бойынша қолданылып жатқан шараларды жетілдіруге;

– жастар арасында дәстүрлі имандылық құндылықтар жүйесін күшейту маңыздылығына;

– жастардың тәни дамуына қолайлы жағдайлар жасауға;

– жас отбасыларға жүйелі түрде қолдау көрсетуге, отбасы құндылықтарын дәріптеуге, қолжетімді баспана алудың нақты тетіктерін жасап шығаруға;

– жастар арасындағы, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер қылмыскерлігі деңгейін төмендету қажеттігіне;

– нашақорлық пен маскүнемдіктің таралуының алдын алу мен оған қарсы тұруға;

– жастар арасында экстремистік идеялардың таралуына, сондай-ақ кейіннен саяси реңк бере отырып, этносаралық қақтығыстарды қоздыру әрекеттеріне жол бермеуге;

– жастардың рухани-имандылық құндылықтарын қалыптастыруда қазіргі заманғы желілік технологиялардың жетістіктері мен артықшылықтарын кеңінен пайдалану қажеттігіне;

– жастар бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы заманауи желілік технологиялар мен коммуникациялардың бүкіләлемдік жетістіктері мен басымдықтарын қолданудың қажеттілігіне;

– жастардың құқықтық мәдениеті мен азаматтық белсенділігінің даму деңгейін көтеруге;

– жастар арасында волонтерлік институтын қолдау қажеттілігіне;

– ауылдық жерлерде жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі бастамаларды қолдау маңыздылығына;

– белсенді экологиялық білім беру мен жастардың экологиялық мәдениетін дамытуға назар аударылып отыр.

 

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика