Түркістан қаласы пробация есебінде тұрған азаматтар арасында кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі. Аталған жиынға Түркістан қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Д.Досалыев, «Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің» басшысы Т.Қыдырбаев, қалалық «Халықты жұмыспен қамту орталығының» маманы М.Тәжібаев, қалалық пробация қызметінің бастығы А.Торланова және пробация есебінде тұрған сотталғандар қатысты.
Жиында пробация есебінде тұрған сотталғандар арасында жүзеге асып жатқан жобалар және әлеуметтік-құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бас қосу соңында сотталған тұлғалар сұрақтарын қойып, өздеріне қажет мағлұматтар алды.