Әлеуметтік желі- фейсбук пен инстаграмма арқылы Түркістан қаласының әкімі, халықшыл басшы Нұрбол Тұрашбеков Әбдісаттарұлының бастамасымен әлсіз топтарды қолдау мақсатында ашылған “Қамқорлық” жанұя орталығының Qamqorlyq Januia Ortalygy атқарып жатырған игі істерін көріп отырамыз және Түркістан қаласы тұрғындарының қарапайым жұрттың мүддесіне қызмет ететін орталықты ашуға мұрындық болған Нұрбол Тұрашбековке және жаңа орталықты шебер басқарып отырған орталық директоры Жібек Мәштайқызына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдіріп жатырғандарын тыңдап жүрміз.
ЖАҚСЫНЫ КӨРМЕККЕ…
Халықтың мүддесімен киелі шаһарға келгесін «жүз рет естігенше, бір рет көрген дұрыс» деп, жергілікті жердің қоғам белсендісі, патриот азамат Закир Сыздықов екеуміз орталыққа барып жұмысымен таныстық.
Бұрын-соңды танымайтын «Қамқорлық» жанұя орталығының директоры Jibek Ashirhantegi бізді жылы шырайлы қабылдап, өзінің қауырт жұмысын ысырып қойып орталықтың ашылу мақсаты мен міндетін айтып, өзі жүріп орталықтың жұмысымен таныстырды.
Біздің орталықтың мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту және Түркістан қаласында тұратын көпбалалы, аз қамтылған және толық емес отбасылардың қиын жағдайларын еңсеруде ынтасын арттыру және қаржылық жағдайын түзеу дейді.
Қысқа мерзімде маман атанып, сертификат алған азаматшаларға мемлекет тарапынан ұлттық жобаның қатысушысы ретінде өтеусіз гранттар және жеңілдік пен шағын несие алуға мүмкіндік беріледі.
Құқықтық және психологиялық көмек те алуға болады. Ақы төлемейсіз. Тек өміріңізді өзгертуге деген талпыныс пен мотивацияңыз жеткілікті.
«4 ай ішінде қазірдің өзінде 148 адам орталықта оқып, сертификат алып үлгерді» дейді орталықтың директоры.
Аты айтып тұрғандай орталық әлсіз топтар — тұрмысы төмен және көпбалалы, ерекше балалары бар, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға жан жақты қолдау көрсетіп, қамқорлық жасайды екен.
Заңгер ретінде айтайын дегенім, қазіргі таңда халықтың басым көпшілігі заңдық- құқықтық сауатсыз.
Компьютермен жұмыс жасап, өз құқықтарын қорғап арыз- шағымдарын жіберуді білмейді.
Әділетті Қазақстан, құқықтық қоғам құру үшін ең алдымен халықтың заңдық- құқықтық сауатын көтеру керекпіз.
Бұл орталықтың осыған аса назар аударғаны құқық қорғаушы ретінде мені қатты қуантты.
Орталықта қазіргі заманға ең қажетті компьютерлік сауаттылықты оқытып, Е-өтініш арқылы мемлекеттік органдарға ресми өтініш жіберуді және Egov.kz Үкіметтік Электрондық өтініш арқылы онлайн арқылы мемлекеттік қызмет алуды үйренеді екен.
Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары және білікті заңгер мен психолог курсқа келгендерге әр сала бойынша тегін заңдық- құқықтық кеңес, әлеуметтік-психологиялық көмек береді екен.
КУРСҚА КЕЛГЕНДЕР ОРТАЛЫҚҚА ДӘН РИЗА
Әйел адамдарға қажетті мамандық -қолөнер, тігіншілік курсы, массаж курсы, шаштараз, сұлулық салоны курстарын бітіргесін сертификат беріледі.
Курсқа келген жұртпен сөйлескенде барлығы да орталықтың қызметіне дән екендерін айтып, осы орталықты ашып берген қала басшысына өз алғыстарын жеткізді.
Бізде кетерімізде орталықтың жұмысына сәттілік тілеп, ақ батамызды бердік.
Орталықтың барлық қызметкелері!
Халыққа тегін қызметтеріңіз абыройлы, мәртебелерің биік, мерейлеріңіз үстем, жұмыстарыңыз жемісті болсын!
Орталыққа тосыннан барып, жұмыстарын тәуелсіз сараптама жасап, қоғам атынан жақсы баға бердік.
Талғат Қатауов- Тәуелсіз кәсіподақ ұйымының төрағасы, құқық қорғаушы.
Тел.87086297116
Закир Сыздықов, қоғам белсендісі.