• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Бірнеше рет алаяқтық жасаған тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Автор:admin

Авг 4, 2023
Spread the love

Түркістан қаласы тұрғындарының арызы негізінде тергеу органымен бірнеше рет алаяқтық жасаған Алматы қаласының тұрғыны О.А. анықталды.
О.А. адамдарға мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз қаражат алып бере алатыны туралы жалған айтып, алдау арқылы 7 жәбірленушінің 150 000 — 1 200 000 теңге көлемі аралығында ақшалай қаражаттарын жымқырған.
Түркістан қаласының прокуратурасы О.А. қатысты тағылған айыпты қолдап, қылмыстық істі сотқа жіберді.
01.07.2023ж. Түркістан қалалық сотымен О.А. кінәлі деп танылып, 3 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
2023 жылдың 7 айында Түркістан қалалық сотымен 18 адамға қатысты 18 іс қаралып, кінәлі тұлғаларға үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеу не айыру жазасы тағайындалды.
Сондықтан, құрметті қала тұрғындары атаулы әлеуметтік көмек (АСП), грант, несие және т.б. көмектерді алып беремін деген адамдардың алдауына сенбеуге, жеке куәлік, ЖСН, банк карточкаларының нөмірін бөгде адамдарға бермеуге, полиция, банк қызметкері ретінде жалған таныстырып, хабарласқан адамдарға жауап бермеуге, алаяқтардың құрығына түспеуге шақырамыз.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика