Бәйдібек ауданының прокуроры Мәди Байтелиев 1-топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтармен тұрғылықты жеріне бару арқылы кездесу өткізді.
Шараның басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғау, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен жеңілдіктерді түсіндіру, өтініштері мен қажеттіліктерін білу.
Кездесу барасында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өтініштері жеке дара тыңдалып, оларды шешу мақсатында тиісті шаралар қабылданатынын аудан прокуроры айтып жеткізді.