• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«Түнгі қала» рейдтік іс-шарасы

Автор:admin

Авг 3, 2023
Spread the love

03.08.-04.08.2023жж. аралығыда Түркістан облысы прокуратурасының тапсырмасына сәйкес Кентау қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен қалалық жергілікті атқарушы органдар, полиция және адами әлеуетті дамыту бөлімдері, «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлерінің қатысуымен «Түнгі қала» профилактикалық рейдтік іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
— аумақтағы көлік жүргізушілердің жол жүрісі қағидаларын сақтауы;
— айыппұл төлеуден жалтарған жүргізушілерді анықтап заңды шара көру;
— көлік құралдарын масаң күйде басқаратын жұргізушілер және көлік құралын басқару құқығынан айырылған азаматтарды анықтау (оның ішінде заңсыз, техникалық ахаулықтары бар автомобильдердің жай-күйіне назар аудару)
— жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз (ата-ана немесе қамқоршыларынсыз) түнгі уақытта көшеде және ойын-сауық орындарында болуын анықтау;
-кәмелетке толмағандар арасындағы әкімшілік, қылмыстық құқықбұзушылық фактілері мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлық, жыныстық тиіспеушілік, суцицид оқиғаларының алдын алуымен жазатайым оқиғаларды болдырмау болып табылады.
Жүргізілгелген рейдтік іс-шара барысында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүрген 12 жасөспірім анықталып, олардың заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен әкімшілік шара қолданылды.
Аталған іс-шара алдағы уақытта жағасын табатын болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика