• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ORDABASY: ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНҒАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Автор:admin

Июл 7, 2023
Spread the love

Ордабасы аудан аумағында жер қойнауын заңсыз пайдалану деректерін тоқтату аясында құрылған жұмысшы топ жер қойнауын заңсыз пайдалануды анықтау, оны алдын алу мақсатында кезекті рейдтік іс-шара жұмыстарын жүргізді.
Арнайы топ 6 шілде күні Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округіндегі Бадам өзені аумағынан жер қойнауын заңсыз тасымалдау дерегін «Бадам тас»ЖШС-нің карерін сырттай визуалды бақылау барысында (ПГС) карерінің тас қияқтау цехінің жұмыс жасап жатқандығын анықтады.
Нәтижесінде, карер басында 4 ауыр жүк көлігі «КАМАЗ» маркалы м/б 131АК17 санды, «Howo» маркалы м/б 794 WMA 13 санды жүк көліктері мен погрузщик арнайы техникасы мемлекеттік нөмірінсіз артылған шикізаттарымен аудан орталығындағы арнайы ақылы автотұраққа тоғатылып, әкімшілік хаттама толтырылды. Ал, 2-ауыр жүк көліктері «Howo» маркалы м/б 072 АСД 17 санды, «КАМАЗ» маркалы 561 BCB 13 санды жүк көліктері тіркемесімен артылған шикі заттарын зауыт аймағына төгіп айып тұраққа баруға бас тартқан. Онымен қоса шикізат артылмаған 3 ауыр автокөлік «КАМАЗ» маркалы м/б 940 АВО13 санды, «КАМАЗ» маркалы м/б 562 WVZ13 санды, «КАМАЗ» маркалы м/б 278XYZ 13 санды жүк көліктері зауыт аумағынан шығып кеткен. Рейд кезінде бұдан бөлек карьер аумағынан өңделген клинец, щебень, құм көп көлемде және шикізат (аралас тас,құм, топырақ) үйіндісі жиналғанын анықтады.
Айта кетейік, аталған серіктестіктің атындағы жер қойнауын өндіруге берілген келісім шарты 2019 жылы арнайы бұйрықпен тоқтатылған. Заңсыз құмды қиыршық тас қоспасын өндіру, өңдеу фактісін тоқтату мақсатында тас қияқтау цехын іске қосатын арнайы кабинаның есігіне және арнайы ток күшін қосатын трансформаторға Ордабасы полиция тарапынан пакеттер үшін №7 арнайы мөрі басылған парақша жабыстырылды. Бадам ауыл округінің учаскелік полициясына бақылау тапсырылды. Серіктестік басшылығына арнайы жапсырма бұзылған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық заңымен шараға тартылатыны жайында айтып түсіндірілді.
Аудан аумағында құрылған жұмысшы топ өкілдері, жер қойнауын заңсыз пайдалану, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды (құм-тас қоспасы, топырақ, т.б) заңсыз қазу, тасымалдау, сатуды анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатында бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
Қосымша сұрақтарыңызбен ұсыныс пікірлеріңіз болса Ордабасы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөліміне және 102 сымтетігіне хабарласуға болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика