Ордабасы ауданы әкімдігінің заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін анықтау және оларға зерттеу жүргізу мақсатындағы жұмысшы тобы облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеровпен бекітілген «Аудандарда жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күресу бойынша мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру» туралы алгоритміне сәйкес Бадам, Бөржар, Шұбар ауылдық округі аумағында рейідттік шара ұйымдастырды.
Мобильді топпен келісімшарт және лицензия күшінің қолданысы тоқтатылған карьерлердің аумағында заңсыз жер қойнауын пайдалануды тоқтату мақсатында техникаларды айып тұраққа қою, ауыр автотехникаларға, цех қондырғыларына заңдылығы анықталғанға дейін арнайы жапсырма (пломба) салынды. Тиісті басқарманың рұқсатынсыз салынған қыш зауыттарының құрылыстары, геологиялық барлау сатысында бола тұра жер қойнауындағы сазды топырақты заңсыз өндіру, ауылшаруашылығы мақсатындағы жайылым санатындағы жерлерде жердің нысаналы мақсатын ауыстырмай жер қойнауын заңсыз пайдаланушы 6 нысанға мобильді топ акт толтырып, құзырлы органдарға қолданыстағы заң аясында шара қолдану үшін жолданды. Мобильді топтың жұмысы жалғасын табуда.