• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ҚАЛА ӘКІМІ ҚАБЫЛДАУДА КӨТЕРІЛГЕН БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕНІ КЕРІ БАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ ШҰҒЫЛ ШЕШУДІ ТАПСЫРДЫ

Автор:admin

Авг 2, 2023
Spread the love

Бүгін кезекті рет ұйымдастырылған қала әкімі М.Әйтеновтің азаматтарды бірыңғай қабылдауында тұрғындар түрлі талап-тілектерін жеткізді. Қабылдау кезінде 200-ден астам азаматқа талон таратылып, тұрғындардың өтініштерін қарастыруға барлық мүмкіндік жасалды. Бүгінгі қабылдауда негізінен, мектепке дайындық мәселесіне қатысты сұрақтар жиі қаралды. Жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналар балаларының мектеп формасына, оқулықтарға қатысты қажеттіліктерін жеткізді. Білім басқармасының қызметкерлері азаматтар тарапынан түскен өтініштерге қатысты тиісті шешімдер қабылдап, мемлекеттік қолдаулардың талаптарын түсіндірді.

Кәсіп бастап, қаланың әлеуметтік тұрғыда дамуына үлес қосқысы келетін азаматтар да қабылдауға арнайы келді. Бизнеске бет бұрғысы келетін тұрғындарға шағын несие алудың жаңа шарттары, қайтарымсыз грант талаптары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар мамандар қала аумағында табысты саналатын кәсіп түрлері бойынша пайдалы кеңестер де ұсынды.
Инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы сұрақтар да назарға алынып, қаланы дамыту бойынша кешенді жоспарға енгізілді. Газ, су, кәріз желілерін тарту, жол жүргізуге қатысты талап-тілектер бойынша тиісті басқармаларға оңды шешімдер қабылдау үшін тапсырылды.

М.Дүйсенбекұлы орынбасарларына, басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне қабылдауда көтерілген барлық өтініштер бойынша тиісті зерделеу жұмыстарын оперативті түрде жүргізіп, азаматтармен кері байланыс жасауды тапсырды. Сондай-ақ талап-тілектерді заң шеңберінде қарастырып, халықтың тұрмысын түзеуде, өмір сапасын арттыруда бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика