Биылғы жоспарға сәйкес елдімекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету бағытындағы құрылыс жұмыстары қала аумағында 6 нысанда жалғасуда. Олар -Тассай, Тұран 3 кезек, Асар-2, Сауле ш.а, Солтүстік саяжай, Бозарық 74 га. Жуырда Ынтымақ шағынауданында да газдандыру құрылысы басталды. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов аталған елдімекенде болып, жұмыс барысын қадағалады. Мердігер мекеме «Алия-Сервис» ЖШС жұмысшылары мен техникалық қадағалаушылар жалпы жұмыстың әзірге 10%-н атқарды.
Жоба бойынша газ құбырларының ұзындығы 76,42 шақырымды, газдың қуаттылығы 15 255,36 м3/сағ. Құрайды.
Нысан толық пайдалануға берілгенде 4534 тұрғын үй табиғи газға қосылады.
Өдірістік кестеге сай газдандыру құрылысы келесі жылы аяқталып, елдімекен халқы орталықтандырылған желіге қосылады.
М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға газ құбырларын жүргізуде құрылыс мәдениетін сақтап, жергілікті халықтың қолайсыздығын назарға алуды ескертті. Сондай-ақ қала аумағындағы өзге де нысандардағы газдандыру жұмыстарының сапасын, өндірістік кестеге сай атқарылуын қадағалауды тапсырды.