Қазіргі таңда қайырымдылық шараларын ұйымдастыру-өзекті мәселелердің бірі.Қазіргі заманда тұрмысы төмен,күнкөрістері нашар отбасылар баршылық.Біздің осы қаламыздың өзінде қазіргі қымбатшылықтың,жұмыссыздықтың салдарынан да мұндай жағдайлар қоғамда орын алып отыр.Кейбір жанұяларда көп балалы немесе әкесіз,анасыз жетім балалар киім жоқтықтан,тұрмысы төмен ақша жетіспеушілігінен мектепке барып,білім ала алмай,жыртық киіммен жүрген балалар да бар.Бұл бір жағынан баланың болашағына зиянын тигізеді.Осының салдарынан кейбір жасөспірім балалар өзінің тұрмыс-тіршілігінен,киімнің жоқтығынан басқалардан өзін төмен санап,арланып өз-өзіне қол жұмсауға дейін барады. Ересек адамдар мұндай тұрмысқа шыдай алмай ішімдікке салынып,ұрлық,қылмыс жасауға дейін барады.Қаншама балалар,үлкен адамдар ауырса да емделе алмай ауруы асқынып,шарасыздықтан көз жұмады.Осыдан келіп жетім балалар мен жесір аналардың санының көбеюіне әкеледі.Қазіргі нарық заманында Қазақстан бойынша көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық шаралары жиі ұйымдастырылып тұрса жақсы болар еді.Қазіргі таңда мекемелерде,мектептерде «Қайырымдылық акциясы» ұйымдастырылып жүр.Бұл жақсы іс-шара.Менің ойымша,әл-ауқаты жақсы,барлық жағдайлары жеткілікті отбасылар кимейтін (аяқ-киім болсын,сырт киім) артық киімдерін далаға қоқысқа тастамай көмекке мұқтаж жандарға берсе?!Осы киімдерді ақшалай емес,тегін таратып беретін бір қайырымдылық ұйымы ашылса,жақсы болар еді.Сонда,көмекке зәру жандарға да кішкене болса да көмек болған болар еді. Мен емес жалғыз көпшілік жұрт бұған куә,бәрінде де көз бар,құлақ бар,көріп те,естіп те жүр.Бұл көрініске кейбірі би-жай қарап,көз жұмып кететіндер де бар,іштей аяп өтетіндер де бар.Қайырымдылық жасап жүрген жомарт жандар да бар.Менің айтпағым:барлығымыз осы айтылған ұранмен жұмылып күш салсақ,құнды қасиет-адамгершілік қасиетіміз оянса, бір-бірімізге деген адами көзқарасымыз болып,«Қазағым»-деп, жүрек дүрсілдеп жиі соқса екен деймін! Қайырымдылық – адам жанының нұры.Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек болып табылады.Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі.Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа камқорлық жасау — қайырымдылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды.та-бабаларымыз ұрпағына мұра етіп қалдырған тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бар. Олар бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүрген. Ұрпағының білімді болғанын армандаған.Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған. Қайырымдылық — көмекке мұқтаж адамдарға көмек көрсету (өтеусіз немесе жеңілдікті жағдайларда). Қайырымдылықтың негізгі белгісі түрді, уақытты және орынды, сондай-ақ көмекті (мақсатты) ұстауды ерікті таңдау болып табылады.Қайырымдылықтың себептері мен мақсаты
Ғылыми зерттеулердің көп санына сәйкес, қайырымдылықтың негізгі себептері:
Адамдар табиғатта альтруистичті, басқаларға көмек көрсету ниетін қозғайды.
Ақша құрбан болған кезде адамдар жақсы сезінеді. Экономистер деп атайды, бұл “жылы лебізбен альтруизма”[1].
Қайырымдылықтың түршігерлік себептеріне оны қатысушылардың адам қоғамының тұтастығын сезінуі жатады, жалпы — Жердегі бүкіл тірі, біз өмір сүріп жатқан бейбітшілікке қатыстылығы мен сәйкестілігін ұғыну.
Бұл ұғыну иерархияның әртүрлі деңгейіндегі қоғамдық маңызы бар міндеттерді ашады, оларды шешуге күш пен құралдар салу жалпы қоғамға (немесе оның қандай да бір кіші жүйесіне — отбасынан, тектен, кәсіпорыннан, шағынауданнан қалаға, елге және т.б. дейін) жеке өзін-өзі жетілдіруге (рухани, физикалық, кәсіби, қаржыға дейін) қарағанда айтарлықтай үлкен қайтарым береді, бірақ әр түрлі себептермен осы жерде және қазір орын алған жағдайларда шешілмейді. Осы себептердің арасында көбінесе күш пен құралдардың жетіспеуі ғана емес, тиісті мәселелерді жоғарыға келісудің кереғарлығы, өзге шенеуніктердің белгілі бір сауаттылық пен батылдықты талап ететін жағдайларда жауапкершілікті өз мойнына алмауы, түрлі ғалымдар мен ғылыми мектептердің ғылыми амбициялары мен даулары, заң шығарушылық қызметінің шектен тыс төзбеушілік пен жеткіліксіз сапасы, кейде бөгде араласу орынды болатын қандай да бір жағдайлар немесе оқиғалар туралы мәліметтердің жеткіліксіз болуы да бар.
Көрсетілген себептерден басқа қайырымдылық амалдар бір жолғы, аз болжанатын немесе сирек өндірілетін қоғамдық маңызы бар жұмыстарды орындау үшін, мысалы, көктемгі сенбіліктерді орындау үшін орынды, оларды тез орындау үшін жыл бойы тазалаушылардың қосымша штатын анық артық және үстеме ұстау қажет.
Басқа да кеңінен танымал мысал ұсақ бұзақылықтың жолын кесу болып табылады, ол үшін, атап айтқанда, ДҚТҚ және олардың ерікті жастар жасақтарынан көрші дозорға дейінгі түрлері құрылады: кәсіби полицейлердің штатын осы мақсаттар үшін әр түрлі көзқараспен (ерекше қаражат пен өкілеттілікті тартпай, қаржылық жүктеме артығымен және полиция мемлекетінде өмір сүруге ниеттенбестенбестенбестен) орынсыз ұстау мүмкін емес.
Осылайша, қайырымдылық осы сөздің бастапқы мағынасында ол жүзеге асырылатын қоғамдық жүйені тез, икемді және аз үстеме (жоспарлаудың таңдалған көкжиегі тұрғысынан) нығайтудың мақсатын көздейді.
Кез келген жоспарлау (қайырымдылық қызметті қоса алғанда) қайырымдылық араласу болжанатын орынды, адамдарды, заттар мен құбылыстарды, сондай-ақ осы араласу оң деп күтіліп отырған уақыт бөлігін және осы араласу оң болып табылатын көрсеткіштерді (критерийлерді) таңдауды болжайтын болғандықтан, қайырымдылық қызмет қайырымдылық іс-әрекет қайырымдылық іс-әрекет бойынша бөлінуі мүмкін.:
жоспарлау уақыты (мысалы, қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді жоспарлау);
(жергілікті, қалалық, ел, материк және т. б. деңгейінде))
кәсіби, технологиялық, конфессиялық, ұлттық, жас және т. б. бағыттылығы.
(мемлекеттік, салалық және қоғамдық қорлар, халықаралық және шетелдік мекемелер, азаматтардың қоғамдастықтары, жекелеген тұлғалар мен отбасылар,…) және т. б.
Қайырымдылық қызметті білдіру нысандары
осы қоғамдық жүйе қызметінің неғұрлым табысты, көтермеленетін және пайдалы түрлері туралы білім мен іскерлікті әзірлеу және беру, оларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар (орта) жасау және т.б. қатысуға іскерлікпен шақыру (“балық емес, қармақ тарту”).
тамақ, мүлік және өзге де тұтыну заттарын, сондай-ақ оларды сатып алу қаражатын, оның ішінде ақшаны беру
жұмыстарды риясыз орындау, Қызмет көрсету (боно туралы қызмет)
өзге қолдау
Бөлшек қайырымдылық
Жеке және заңды тұлғаларға микро қаржылық, бірақ оны алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті мөлшерде атаулы мақсатты көмек көрсету[көзі 801 күн көрсетілмеген].
Гуманитарлық көмек
Азық-түлік, киім, дәрі-дәрмек және т. б. ұсыну.. Гуманитарлық көмектің қызметті ынталандыратын түрлері, мысалы, микро-кредиттер (пайызсыз), сондай-ақ суды тазарту және білім беру жөніндегі іс-шаралар неғұрлым тиім
Кең даладан дарқандықты бойына сіңіріп өскен қазақтың бойында көптеген асыл қасиеттер бар еді. Ертеден жетімін жылатқан жоқ. Оның көз жасын сүртіп, бауырына қысты. Жесірі де қамқорсыз емес. Оған да ағайын-туыс көмегін беретін. Бұл ертеден келе жатқан қасиеттің бірі болатын. Мейірбан қалпымызбен кейде қолындағы барын бөлісетін ағайындар көп-ті. Әрине, одан аз зиян да көрген жоқпыз. Кейде есіктен кіріп төр менікі дейтін адамдар да кездескен. Оларды бағып-қағып, қиналған сәтте қолтығынан демегенін кейбірі ұмытып та кеткен шығар-ау. Қалай десек те, адам баласының бойында осында асыл қасиеттердің болуы шарт. Бұл жайында түрлі діни кітаптарда айқын көрсетілген. Ол жайында қайталап айтып жатқанымыз артық шығар. Бір айта кетерлігі, ежелгі заманнан біздің дана халқымыз сондай қасиеттерді бойына сіңіріп өсті. Үлкеннің алдынан кесе-көлденең өткен жоқ. Солардың айтқанымен жүрді. Одан ешкім зиян көрмегені тағы белгілі. «Алаш айнасы» осы жайында ой толғайды.
Осындай қасиеттерді біздің көзіміз көріп өсті. Ақсақалдар оны үнемі айтып отыратын. Қазақ құдайы қонақты үйден құр шығармайтын. Барын алдына тосатын. Тіпті, жаяу-жалпы жүргеніне астына ат мінгізіп жіберетін сәттер де кездескен. Оны тарихтан джа білеміз. Құймақұлақ қарттарымыз да бұл жайында жиі әңгімелеп отыратын. Осыдан 20-30 жылдай бұрын жол шетінде көлігі бұзылып немесе басқа себептермен қалып қойған адамдар жақын жердегі ауылға барып, ол ауылдағы кез-келген үйдің есігін емін-еркін қағатын. Өзінің құдайы қонақ екенін айтып, бір күн түнеуді немесе қажетті көмекті сұрайтын еді. Мұндай өтінішке ешкім де бәлсініп қалмайтын. Қолынан келгенше көмек қолын созатын.
Қазір ше? Мұндай қасиеттер бойымыздан жоғалып бара жатқан секілді. Қала адамдарынан былай қойғанның өзінде, ауылдағы ағайын да мұндай құдайы қонақ түгілі ет-жақынына қарайласа қоймайтын әдет тапты. Мұны қалай түсінеміз? Тіпті, келген адамыңның өзінен үрке қарайтын уақыт туды. Солай болатын жөні де бар секілді. Себебі, қазір елдің арасында құдайы қонақтан гөрі құдай ұрған қонақтар көбірек жүретін жағдай туды. Біреудің үйінде қандай дүние бар, соны есептеп жүретін, реті келгенде соны үптеп кетуге дайын тұратыны тағы бар. Сонымен, қазақтың атадан бойымызға сіңген адал қасиеті адыра қалып, бір-бірімізге жау көзбен қарайтын жағдайға жеттік.
Оның себебін қалай іздейміз? Ілгеріде ауыл ақсақалдары жас буынға жақсы мен жаманды таразыға тартып отыратын. Ол жайында аңыз бен әпсана қозғап, санамызға шегелеп тастайтын. Содан кейін жүрегіңде мейірім оянып, әрбір адамды өзіңнің дос-бауырың көретінің ақиқат емес пе? Бұл қайта дәлелдеуді, қайта айтуды қажет ете қоймайтын дүние. Ілгеріден мұсылмандықты ізгі тұтып, соның жолында дарқан пейілін көрсеткен қазекем жайында кезінде біздің ұлан-ғайыр даламызға тағдыр талайымен келген талай ұлт пен ұлыс өкілдері жылы лебізін аз айтқан емес. Қолыңда барыңды бөлісіп, жығылғанды тұрғызып, сүрінгенді қолтығынан демеу әрбір азаматтың парызы болса керек-ті. Шындығында, қым-қуыт кезеңде мұндай жанашырлық пейіл көп ұлттардың бойында кездесе бермейтіні тағы бар. Дегенмен, сондай асыл қасиеттерін адыра қалдырмай, сол кескін-келбетімен әлем жұртшылығын аузына қаратып отырған ұлттар да баршылық. Өзіміз жиі мысалға алатын корей мен жапон жұрты әрдайым өзінің ізетін көрсете отырып-ақ, жер-жаһандағы жұртшылық алдында атақ-абыройы асқақтап келеді. Ендеше, біз үшін солардың үлгісін алудың ешқандай айыбы жоқ. Біз солардың жолымен жүре алсақ, ешқандай ұтылып қала қоймайтынымыз айдан-анық.
Қазіргі күні иісі мұсылман баласына асыл айдың бірі – рамазан болып жатыр. Жұмыр жердегі мұсылман жамағаты ауыз бекітіп, бес парыздың бірі өтеуде. Осы бір қасиетті айда қалтасы көтерген мұсылман баласына қайырымдылық жасау парыз саналады. Құдайға шүкір, адал ақы, маңдай термен тапқан табысын жоқ-жітіктің жүзіндегі жабырқау көңілін жазуға арнаған азаматтар да бар. Олар бұл ісін ешкімге жарнамаламай-ақ жасап жатады.
Енді тағы бір адамдарды көреміз. Жұртқа бергені болмашы ғана нәрсе. Соның жарнамасын жұртқа жариялап жатады. Әрине, бұл жайды көргенде еріксізден қынжылыс білдіруден басқа амалың қалмайды. Тіпті, оны имандылыққа ұйыған жан деп айтуға негіз бар ма? Өйткені, әшейінде алдына жағдай айтып барған адамға есігін ашпайтын олардың оразада өздерін көрсетіп қалғысы келетін әдеті бар. Бұны ешбір түсіне алмай келе жатқан жайымыз бар. Қазақта «Мұсылман болмақ әсте-әсте» деген сөз бар. Десе де оған кереғар осындай жайлар бізді ойландырады.
Бұрынғы кезеңде аталарымыз алдына жағдай айтып келген адамның меселін қайтармауға тырысатын. Жағдайы қиын болып тұрса оны қолтығынан демеп, еңсесін тіктетуге атсалысатын. Біз осындай жағдайларды көргеннен кейін қазіргі кейбір пенделердің тоғышар әрекеттеріне еріксіз қынжылыс білдіреміз. Айта кетелік, қазір ел ішінде түрлі отбасылар бар. Республикалық телеарна мен басылым беттерінде баласының ем-домына қажетті қаржы іздеп жатқан азаматтарды көруге болады. Олардың шетелде ем алуына көп қаржы керек екен. Өкініштісі, олардың көбісі сондай қалталы байларға барып, жағдайын айтып көруге тырысады. Алайда, олардың күзетшілері өз қожайындарына маңайлата қоймайды. Әйтпесе, күнінен қыруар қаржы тауып жатқан олар үшін әлгі отбасының мұңын тыңдап, қолдан келгенін көмегін беру түкке де тұрмайды. Сондай кісілердің қасиетті айда өздерін жақсы жағынан көрсетіп қалғысы келетін әдетін басқаша қалай түсінеміз енді?
Қайырымдылық – асыл қасиеттің бірі. Оны мүддемізге пайдаланып, жоқ жерден өзіне жарнама жасағанымыз қаншалықты дұрыс? Осы жағын ойланып көрелік… «Жақсы адам»: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАСАҢ ҚАЙЫРЫН ӨЗІҢ КӨРЕСЕК
Індет жағадан алғанда қол қусырып отырған азаматтар аз болмады. Ел, жұрт бірігіп, «тәж» вирусымен күресуге жұмылды. Көпшілік қолда барын ортаға салып, адамзаттың амандығын тіледі. Жасыратыны жоқ, індет талай жаны жайсаң жандарды ортамыздан алып кетті. Осынау қиын кезде дәрі-дәрмек тапшылығы, медициналық құрал-жабдықтың жетіспеушілігі байқалды. Бірақ елім, жерім деген азаматтардың ұйымдастыруымен халық қаржы жинап, орын алған кемшіліктер жойылды.
Ел басына күн туған шақта «Мен не істей аламын?» деп қарлығаштың қанатымен су сепкеніндей көмек беруге ынталанған жандар көп болды. Мәселен, бүгінгідей сын сағатта жанашырлық танытып, көпке көмегін көрсетіп, қайырымды азаматтардың басын қосқан кәсіпкер Дәурен Тәліповтың ерен еңбегін ерекше атап өтуге болады. «Алтын Жүрек» сыйлығының иегері қайырымдылық жасауда алдына жан салмайды. Ол бұл сыйлыққа да мейірімділігі мен адамгершілік қасиеті арқылы көпке көмектесе жүріп қол жеткізді. Жақсылық жасап, жалпыға жанашырлық танытып жүрген бауырмал азамат «Егер нан сатып алуға мүмкіндігіңіз жоқ болса, тегін алыңыз» деп қала тұрғындарына тегін нан таратты. Карантин кезінде санитарлық бекеттегі қызметкерлерді тегін тамақтандырды. Одан бөлек, кәсіпкердің демеушілігімен атқарылып жатқан іс те аз емес. Ол қазіргі таңда облыстың 125 медицина қызметкерін түскі аспен тегін қамтамасыз етуді қолға алған. Кәсіпкер қауымдастығы өкілдерінің халыққа үндеу жариялап, індетпен барша қазақстандықты бірлесе күресуге шақырғаны белгілі. Солардың бірі біздің кейіпкеріміз болатын. Осылай басталған игі істің нәтижесінде қазақстандықтардан 10 миллион теңгеге жуық қаражат жиналды. «Көп түкірсе көл» дегендей, халықтан түскен қаражат қаншама адамның өмірін аман алып қалуға септігін тигізді. – Бұғанам қатпай жатып, бизнеске араласа бастадым. Әкем мен үлкен ағамнан көп дүние үйрендім. Кәсіпкерлікпен айналыса жүріп, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуды азаматтық парызым деп санаймын. Сауапты іс атқарып, елдің батасын алуға деген құлшынысым күн өткен сайын артып келеді. Қазір біздің қоғамның тек мейірімге шөлдеп тұрғанын ұмытпайық. Бұл қайырымдылық шарасы басталғалы бері жомарт жүректі азаматтар оған атсалысудан шаршаған емес. Кәсіпкер қауымдастығынан 70, ал ұжымымнан 50 азамат игі істің басы-қасында жүр. Мынадай ауыр індет тараған кезде жайбарақат отырған адамды көрмедім. «Қолымнан ештеңе келмейді» деген адамның өзі біз ашқан қорға ақша аударды. Мәселе қаражаттың аз, көптігінде емес. Ең бастысы, халықтың ниеті мен пейілі. Осы бетімізден таймасақ, көңілімізді кір шалмаса біз бұл дертті жеңіп, бұрынғы жайма-шуақ күнімізге қайта ораламыз. Бірақ осы жолда шаршамай, талмай еңбек етуіміз керек. Ауруханаға түсіп, жағдайды өз көзіммен көргенде қатты таңғалдым. Ақ халатты жандар дамыл таппай, әр науқасқа көңіл бөлуде. Өмір мен өлім арасында жан алып, жан берісіп күрескен алтын қол дәрігерлердің ерлігіне бас иемін. Медициналық құралжабдықтар жетіспегендіктен қайғылы оқиғалардың орын алуы артты. Бірден осы олқылықтың орнын толтыру керектігін түсіндім. Мән-жайды халыққа түсіндіріп, қаражат жинау мақсатымен қор аштық. Тез арада іске кіріспесек науқастарды құтқарып қала алмайтынымызды түсіндім. Бар болғаны үш аптаның ішінде 10 миллион теңгеге жуық қаражат жиналды. Оған өкпені жасанды желдететін 79 аппарат алдық. Қазіргі таңда оны облыс аумағындағы барлық ауруханаға таратып бердік. «Шұғыла» қоры әр концентраторға өз штирх-кодын орнатып, өз базасына тіркеді. Концентратордың қай ауруханада тұрғаны бақылауға алынған. Сондықтан концентраторлар жеке адамның қолына берілмейді. Тек қана ауруханаға түскен науқастарға пайдаланылады. Осындай жұмыс атқаруға атсалысқан мейірімді жандарға алғыс айтамыз. Заманымыз тыныш, еліміз аман болсын, – дейді мейірімді азамат. Отызда орда бұзып, қырықта қамал алу – әрбір қазақ азаматының негізгі мақсаты екенін тілге тиек еткен Дәурен Оразғалиұлы өңірдегі кәсіптің дамуына атсалысып жүрген азаматтардың бірі әрі бірегейі.
Ол кәсіп бастаған жастарға жол көрсетіп, қолдау білдіруден шаршамайды. Керісінше, оларға дамудың даңғыл жолын көрсетуге құштар. Әлем мойындайтын қазақ кәсіпкерлерінің санын арттыру – оның басты мақсаты. Азамат ретінде қоғамдағы жауапкершіліктің ауыр жүгін арқалап қана қоймай адамдар арасындағы мейірімділік сезімінің сөнбеуіне біркісідей атсалысып жүрген қазақтың жігерлі ұлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Халық алғысы» мемлекеттік медалін иеленді. Елім деп еңбек еткен азаматтың еңбегі ақталды. Ең бастысы – жанашыр азаматқа халық риза.
Ер-азаматтардың өзі жүрексіне атқаратын шаруаны бұрымдылардың бұйым құрлы көрмей тындыра қоятыны бар. Бұл нәзік жандыларды ерлерден биік қойғанымыз емес. Керісінше, қазақ қызының ерге бергісіз қабілетіне, талайды тамсандырған қасиетіне қарап айтқанымыз. Оған жаны нәзік болса да үлкен істі атқарып жүрген «Баракат» еріктілер тобының атқарған жұмысы дәлел. 1 ұл мен 16 қыз баладан құрылған топ сәуір айынан бері қаламыздағы 300 отбасыға көмек көрсеткен. Олар көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға, жалғызбасты қарттар мен аналарға көмектеседі. Белсенді жастардың басын қосып, жақсылық жасауға асығып жүретін 26 жасар кәсіпкер Әсем Нұртуғанның жүрегі мейірімге толы. Ол осы уақытқа дейін де қайырымдылықпен айналысқан. Алайда пандемия кезіндегі жағдайға қатты алаңдап, жалғыздың шаңы шықпасын түсінген соң әлеуметтік желіні тиімді пайдаланып, белсенді жетісулық жастарды өз тобына жинайды. Алғашында жақсылық жасауға асыққан жастардың қатары көбейгенімен уақыт өте келе ол тізім азайған. Бірақ қаражатпен көмек көрсетуге ниеттес жандар қатарының артқандығы топ мүшелеріне қуаныш сыйлайды. Еріктілердің бұл ісіне шетелдегі достары да бей-жай қарамай ай сайын тұрақты түрде қаражат аударып отыратындығы бәрімізді қуантты. Бұл біздің «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» деп сын сағатта біріккен бірлігімізді айқындап бергендей. Сәуір айынан бері еңбектеніп келе жатқан еріктілер күн-түн демей көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуда. Көмек сұрап хабарласқан отбасының жағдайымен танысып, қажетті азық-түлік жеткізіп, балаларға қуаныш сыйлап жүрген жандар барлық құрметке лайықты.
– Карантин енгізілгенде жұмыссыз қалған азаматтарға барынша көмектесуге тырыстық. Шынымен жағдайы жоқ көп отбасына қуаныш сыйлағымыз келді. Біз мақсатымызға жеттік. Алғашында 25-30 мыңға күніне 10 шақты отбасына азық-түлік алып баратынбыз. Уақыт өткен сайын көмек сұрайтындар қатары артты. Қайнаған жұмыстың көкесі басталды. Түрлі тағдыр иелерімен кездестік. Адамның үміті ешқашанда үзілмейтініне осы жұмыста жүріп көзім жетті. Әсіресе, көпбалалы отбасыларға барғанда балалардың қуанғанын көргенде өзіміздің көңіліміз босап кетеді. Оларға қуаныш сыйлаған сайын біз жігерлене түстік. Таяуда ғана ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты анаға көмек көрсеттік. Мемлекеттен алатын 32 мың теңге жәрдемақыға пәтер жалдап, қызы екеуі күн көріп отыр екен. Құлағы естімегендіктен жұмысқа шығуға да мүмкіндігі болмаған анаға есту аппаратын сыйладық. Қызының «мама» деген сөзін естігенде анасы мен қызы құшақтасып жылап, бәріміздің жүрегімізді елжіретті. 6 жасар қызын өзі бағып-қағып отырған жалғызбасты әкенің шаңырағына барғанымызда бір тілім нан таппай отырғанын көріп жүрегіміз ауырды. Мұндай ауыр көріністің талайын көрдік. Қолдан келгенше көмектесуге тырысамыз. Біздің мақсат – елге жақсылық жасап, балаларды қуанту. Қазағымның әр баласы күліп, әкесі мұңаймай, анасының жанары жасқа толмай өмір сүрсе деймін. Осы мақсатта болашақта еліміздің әр өңірінен «Баракат» еріктілер тобын жасақтап, үлкен жұмыстар атқарсақ деген жоспарымыз бар, – дейді кәсіпкер Әсем. Қазіргі таңда «Баракат» еріктілерден құралған топты білмейтіндер кемде-кем. Шамасы келген әрбір адам қайырымдылық жасап, елге пайдам тисін деп ойлайды. Оның нәтижесі де жаман емес. Облыс ауруханаларына қажетті медициналық құрал-жабдықтар алу үшін Әсемнің шотына мейірімді халықтан 2 күнде 1 миллион қаражат жиналған. Түскен қаржыны талай жасқа үлгі болып, азаматтығымен дараланған кәсіпкер Дәурен Тәліповтің бастамасымен «Шұғыла» қорына өткізеді. Қазіргі таңда халықтан жиналған қаражатқа алынған аппарат аурухана төсегінде жатқан әр науқастың еміне шипа болып, отбасына аман-есен оралуына септігін тигізуде. Адам – ең жоғарғы құндылық. Еліміз егемендік алғаннан кейін адамды ең жоғары құндылық ретінде бағалау қалыптаса бастады. Адамның бар құндылығы – оның өмірі. Ол адамның мінезі мен темпераменті, мүддесі, көзқарасы, әдеті, тілегі, мәдениеті, тәрбиелік деңгейі, бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, кішіпейілдігі, әдептілігі, жеке басының тазалығы, әсемдігі, сөйлеу мәдениеті т.б.
Адамның өмір сүру барысындағы қолданатын тәсілінде оның түрлі қажеттіліктері, ақыл-ойының қалыптасуы, еркіндік жауапкершілігі, қызметін ұйымдастыруы және болжамы анықталады. Оның іс-әрекеті және сол арқылы адамның қалыптасуы мен дамуы өз шешімін табады. Адам- дүниені өзгертуші күш.
Орыс жазушысы К. Г. Паустовский: «Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да қайырымды болуға тиіс. Тек сонда ғана оның осынау Адам деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады»;
Куба жазушысы, саяси қайраткер Х.Марти: «Адам бола білу – ең қиын мамандық» — деп жазған. Ең ұлы жеңіс- өзіңді-өзің жеңу. Өзіне-өзі ие бола білген адам ғана барша жұрттан мықты.
Адамның адамгершілік қасиеті. Адамзат тарихында адамгершілікке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлік, әділдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Сондай-ақ адамзаттың, әрбір адамның ішкі рухани адамгершілік дүниесінің негізгі формалары – үміт, сенім және махаббат үнемі даму үстінде болды және солай бола беруге тиіс. Қайырымдылық – адамның бойындағы ең жағымды қасиеттердің бірі. Ондай адам рухани құндылықтарды материалдық құндылықтардан жоғары қояды. Өзінің жанашырлығымен және таза ниетімен ерекшеленеді. Мұқтаж адамдардың қажеттіліктеріне немқұрайлы қарамай, оларға барынша көмек көрсетуге тырысады. Өкінішке орай, жомарт азаматтардың саны азайып келеді, адамдар кез-келген жағдайда, бірінші кезекте өз пайдасын ойлап тұрады. Сіздерге айтарым, ашкөздік пен сараңдықтан аулақ болайық, игі істер жасамасақ, адамдық кейпімізді жоғалтып аламыз. Мен, жомарттық қасиеті бар тұлғаларды ұнатамын. Олар адамдармен тек материалдық құндылықтарымен ғана емес, сонымен бірге жан дүниесінің байлығымен де бөліседі. Жомарт адам жақсы істерді көпшіліктің алғысын алу үшін жасамайды, ол мұқтаждарды кішкене болса да бақытты еткісі келеді. Қолында тұрған зат өзіне қажет болғанымен, оны артық сөз айтпай басқаға бере салады. Біз осындай керемет жандардан үлгі алуға тиіспіз. Қазіргі заманның жастары, «мейірімділік» деген сөзді сирек естиді және мағынасын толық түсінбейді. Менің ойымша, мейірімділік дегеніміз – қиын жағдайға тап болған адамға шын жүректен қолдау көрсетіп, басқа адамның бақыты үшін өз уақытыңды, ақшанды немесе денсаулығыңды құрбан ету. Жасөспірімдердің арасында қатыгез, өзімшіл және мақтаншақ балалар көбейіп келеді. Біреу құлап қалса, оны көтерудің орнына, ұялы телефонның камерасына түсіре бастайды. Сондықтан, ата-аналары балалардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуі керек. Қайырымдылық жасау – қазақтың қанына сіңген қасиет екені айтпасақ та түсінікті. Осындай қайсар рухты, жігері мықты азаматтардың берекелі тірлігі бейбіт күнгі ерлікпен пара-пар. Елдің амандығы мен саулығы жолында дамылсыз еңбек етіп жүрген жандарға ата басылым атынан алғыс айтамыз.
R-ақпарат