«Шымкент қаласы білім, спорт және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшелік ұйымы Шымкент қалалық білім басқармасының №71 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Абылова Айжан Кендиркуловна ҚР Оқу ағарту министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісіне ұсынылды.
Абылова Айжан Кендиркуловна ағылшын тілі пәні мұғалімі, мектеп директоры. Педагогикалық еңбек өтілі 27 жыл. Басшылық лауазымындағы еңбек өтілі 15 жыл.
Жетістіктері
2019 жыл «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі;
2019 жыл Шымкент қаласы Шымкент қаласы әкімдігінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін» «Самғау сенім» орталығынан Алғыс хат;
2019 жыл Түркістан қаласы «Атадан мұра» қоғамдық қорының Президенті Талғат Сауранбаевтан «Ұлы дала ұрпақтары» байқауына үздік шәкірт дайындағаны үшін Алғыс хат;
2020 жыл Астана қаласы ІІІ телевизиялық мега байқауына дарынды шәкірт дайындағаны үшін «Үздік жетекші» дипломы;
2020 жыл Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының директоры М.Медетбековадан «Жаңа бастама, жаңа ұстаным» тақырыбында өткізілген қалалық семинарда белсенділік танытқаны үшін Алғыс хат;
2021 жыл Шымкент қаласы «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиал төрағасы Е.Б.Сабиттен Алғыс хат;
2021 жыл Шымкент қаласы «Әл-Фараби» атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Д.Дүйсебаевтан Алғыс хат;
2021 жыл Нұр-Сұлтан қаласы «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығынан Алғыс хат;
2021 жыл Нұр-Сұлтан қаласы ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: «Рухани Жаңғыру» «Ұлы даланың жеті қыры», бағдарламаларын жүзеге асыру аясындағы халықаралық «Қазақстанға қош келдің!» шығармашылық байқауына қатысқаны үшін Құрмет грамотасы;
2021 жыл Шымкент қаласы қала әкімі М.Әйтеновтің ҚР Парламент Мәжілісінің және қалалық мәслихат депутаттарының сайлауын әділ және ашық өткізуде белсенді атсалысқаны үшін Алғыс хат;
2021 жыл Шымкент қаласы «ERNUR-press» ЖШС-ның директоры Е.Бектұрғановтан Алғыс хат;
2022 жыл Шымкент қаласы Басқарма басшысы Ж.Тажиевадан педагогикалық қызмет жолында заманауи оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде, білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасы;
2022 жыл Шымкент қаласы «АМАНАТ» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаевадан Алғыс хат;
2023 жыл Шымкент қаласы «Әдістемелік орталығынан» «Сапалы білім» жобасы аясында өткізілген қалалық семинарда шығармашылық ізденісі және құнды идеяларымен бөліскені үшін Алғыс хат;
2023 жыл «Шымкент қаласы білім, спорт және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Жүзімбаевтан «Адал еңбегі үшін» төсбелгісі;
2023 жыл Шымкент қаласы Аудан әкімі Р.Мүлкемановтан қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін Алғыс хат;
Абылова Айжан Кендиркуловна №71 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының жиналысында қаралып ҚР Оқу ағарту министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісіне ұсынылды.