• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Мейірімділік – ізгіліктің жолы.

Автор:admin

Авг 3, 2022
Spread the love

Жақсылық жасау дегеніміз адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Баланың бойына рухани-адамгершілік  қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етеді. Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Жақсылық жасау-адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау-биік адамгершіліктің белгісі. Осы қасиеттер арқылы балалардың шығармашылық қиялын, ой-өрісін, есте сақтап, жүйелі ойлауын дамыта отырып, танымдық, мейрімділік қабілеттерін жетілдіреміз. «Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атап өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едік? деп балалардан сұрасақ. Олар мейірімді жандардың қатарында ең бірінші өздерінің аналары екенін айтады. «Жылы сезім жүректерде сақталады, Мейірімділік тек жүректен басталады», — демекші балалар жүректен шыққан сөздерін, бір-біріне деген жақсы тілектері арқылы жеткізеді, мысалы «сен мейрімдісің,сен ғажайыпсың,  сен ақкөңілсің, сен ақылдысың, сенің жүрегің жақсылыққа толы т.б». Осындай жылы лебіздер арқылы балалардың бір-біріне деген сыйластығы артады. Мейірімділік-адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Адам бойындағы бағалауға лайық қасиет — ақыл емес. Қайта сол ақылды басқаратын қасиеттер: мінез, жүрек, мейірімділік және таза ой. «Өзіңді-өзің танысаң – істің басы» деп Шәкәрім айтқандай мен өз сабағымда оқушыларға әртүрлі жағдаяттарды өздігінен шешкізе отырып, әңгімелерді талқылап, өз пікірлерін ортаға салу арқылы, өз жүрегіндегі мейірімділікті айту сонымен бірге жүрек жылуын сезіндіре отырып, қайырымдылық, қамқорлық, жанашырлық сияқты адамгершілік құндылықтарды бала кезден бастап олардың жүрегіне жылулықты қалыптастырамын. Сонымен қатар оқушылар өз бойына төмендегідей қасиеттерді сіңіреді. Осылар арқылы мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейтеді. Бір-біріне қамқорлық жасауға жетелейді. Біреудің жанын өз жанындай түсіне біледі, өзіне жақын жандарды бағалайды, сүйе біледі. Сондай-ақ ой толғау, мәтінмен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау, пікірталас арқылы бір-біріне өз ойларын толық жеткізе біледі. Әртүрлі бейнекөрілім көру арқылы оқушылар қамқорлықты, жұбанышын, мейірімін көре отырып, қатыгездік, жаны ашымайтынын көре отырып аяныш сезімдері оянып, ақ пен қараның ара жігін ажыратып, өз ойларын ортаға салып, өз ойларын ашық айта біледі. Бейнекөріністегі жаман қасиеттерді мен жақсы қасиеттерді ажырата біледі. Адам  баласының  бойындағы әділеттілік, мейірімділік, рақымдылық, адалдық, жомарттық, қонақжайлылық, бауырмалдық, намысқойлық тәрізді ізгі  қасиеттерді  жүрек  ісі деп түйген Абай жүректі негізгі орынға  қою арқылы жүректен  шыққан  осындай  адамгершілік қасиеттерді басты орынға қоя  білді. Абайдың  он төртінші қара сөзінде: «Тірі адамның  жүректен  аяулы  жері бар  ма?» Біздің қазақтың жүректі кісі дегені — батыр кісі» деген күрделі философиялық ұғым бар. Яғни, мейірбандылық, тілдің жүрекке көнуі, жаманшылыққа ермеуі — жүректің ісі. Қандай жағдай болмасын жүрегі мен ақылын қоса тыңдай алған адамның іс-әрекеті, сөзі мен ойы сүйіспеншілікке толы болады. Абай атамыз айтқандай жүректі кісі, мейірімді болуға асығайық! Еліміздің болашақ жас ұрпақтарын жан-жақты дамыту да өзін-өзі тану сабағының орны ерекше. Әр оқушының жан дүниесін тануына, әлемге көз жүгіртіп, мейірімділік жасауға бағыттайды. Мейрімділік, адамгершілік құндылықтар бала бойына үлкен мен кішінің арасын- дағы шынайы қарым-қатынас кезінде дариды. Көзге көрінбейтін өте нәзік сезімді, аса құнды қасиеттерді жүректен-жүрекке үзбей жеткізу тек шебер ұстаздың қолынан ғана келеді. Балаға жүрек жылуы қашанда қажет және ол ешқашанда артық болмайды. Қайырымдылық жасау үшін бай болуы міндет емес, жүректе мейірім болса, жетіп жатыр. Қарсы алдынан мұқтаж жан шықса, шын мейірімді жан қалтасындағы соңғы тиынын беріп кете салады. Тіпті үстіндегі киімін шешіп беруі де ғажап емес. Және олар «мен бердім» деп айтпайды да көбіне. Үндемей жүріп істейді, көпшілік тек нәтижесін көреді. Мысалы, кейінгі кездері Алматы, Астана көшелерінде ағашқа нан іліп кететіндер пайда болыпты. Жо-жоқ, олар мастанып, нанды талаға тастағандар емес. Себебі қалташадағы нанның жанында «дүкеннен жаңа сатып алынған» деген жазу ілулі тұрады. Яғни, бұл нан таппай жүрген мұқтаж жандарға әдейі әзірленген «тосынсый»… Балалар үйіндегі той…

Жалпы, қазір жақсы адамдар көп. Олар жасап жатқан жақсылықтың түрлері де сан алуан. Жетімнің басынан сипап, жесірдің көз жасын құрғатуға тырысып жатқандар еліміздің әр түкпірінде жүр. Оларға ешкім «сендер өйтіңдер» деп жатқан жоқ, өздері қолдары қалт еткен сәтте азын-аулақ сыйлықтарын алып балалар үйіне қарай тартып отырады. Мәселе қымбат сыйлықты үйіп-төгіп тастап кету емес, балаларға да оның қажеті  шамалы. Оларды үкімет тамақ, киім-кешек, бәрімен қамтамасыз етіп отыр. Бірақ ата-ана, аға, әпкенің орны бәрібір ойсырап тұрады. Себебі тәрбиеші, ұстаз – олардың бәріне ортақ, ал әр бала жеке өзі біреуге «аға», «әпке», «ана» деп айтқысы келеді. Бала боп еркелегісі келеді. Міне, жетім балалар үйіне баратындардың ең басты мақсаты соларды өз бауырына тартып, басынан сипа, еркелетіп, ойнату. Яғни, өзінің бойындағы мейірімі мен жылуын атты жігіт мұқтаж жандарға беру. Тіпті таяуда Шымкентте  жас жұбайлар өз тойларын балалар үйінде өткізіп, көпшілікті тәнті қылды. Той алдындағы қыдыру жоралғысын жетімдер үйінде өткізуді шаңырақ көтеруші Мейірман Сауранбек бұрыннан ойлап жүрген екен. «Кортежге ақша шығарғанша, асаба жалдап, балалар үйінде дастархан жайғаным дұрыс қой» деген ойын алғаш достарына айтқанда, олардың арасында күле қарағандары, тіпті әзіл деп қабылдағандары болыпты.  Тіпті, келіншегі Сәния да алғашында лимузинмен қыдыруда қаласа да, жас күйеуінің ақылынан соң райынан қайтып келісім берген. Ал балалар болса, ақ көйлекті келіншектің айналасынан үйіріліп шықпай, әрқайсысы жеке-жеке билеп, сөзбен айтып жеткізгісіз қуанышқа бөленсе керек. «Оны көріп, өзіміздің де көзімізге жас келді»– дейді күйеу жігіт.

Жақсылық жасауды сәнге айналдырған жастар

Бір мұқтаж жолықса «и, осылар да бір, аулақ жүріңдерші» деп жекіп тастайтындар бар. «Арамтамақ, бұлар әбден дәнігіп алған, біз еңбек етіп ақша табуымыз керек, ал бұлар түк істемей, «салық» жинап күн көреді, ұялмай ма?» деген небір адамдарды көргенмін. Көбісі тотыдайын таранған сұлу бикештер мен сұңқардайын сыланған сырбаз жігіттер. «Адам аласы ішінде» дейтіні сол ғой.  Бірақ мұндайлардан гөрі нағыз жаны жайсаң жандарды мен өз басым көп көремін. Бай болып, жұртты жарылқаушылардың жөні бір бөлек, ал енді ештеңесі жоқ бола тұра, жұртқа көмектесуге келгенде соңғы тиынын беретіндердікі тіпті жан тебірентерлік. Себебі олар біреуге көмектесуге өзінің ең құндысы – уақыты мен күш жігерін берушілер ғой. Алматы, Астанада ғана емес, қазір жақсылық жасауды хоббиға айналдырғандар еліміздің түкпір-түпірінен бой көрсетуде.  Мысалы Талғарда бір топ жас «Соқырлар үйіне» қысы-жазы азық түлік жеткізіп беруді өз мойнына алса, Атырауда да жұрт жұмысы өз ісін ысырып тасап, кірісіп кететін бір топ жас көп балалы аналарға азық-түлік тасып, хал үстінде жатқандарды ажал аузынан арашалап қалуға асығады екен. «Қазір бәрі ақылы, ендеше бұлар ақшаны қайдан алады?» десек, олар қолөнер жәрмеңкесін ұйымдастырып, тәттілер, тіпті шар сату сияқты қаржы түсімінің түрлі әдістерін тауып та қойыпты.

Әлеуметтік желіде өткенде «қоғамдық тоңазытқыштың» суреті тарады. Әзірге Сауд Арабиясында ғана бар ол тоңазытқышқа кейбіреу өзінен артылған ас-ауқатты қойып кетсе, мұқтаждар сол жерден керегін алып ішіп, жейді. Сол сияқты Түркияда да «қоғамдық ілгіш» пайда болыпты. Яғни, артық-ауыс киіміңіз болса сол жерге іліп кетесіз, ал керек еткен жандар сол жерден киіп кетеді. Кім бастаса да, көзге жас үйірерлік ізгі бастама.

«Сатушы» қарттарды қуанту

Бүгінде әлеуметтік желілерде бір жақсы бастама қолға алынып жатыр. «Кеше келе жатып, қарапайым «қазотын» саудалаған әжейді көрдім. Арнайы бұры­лып, бірнеше талын сатып алдым. Маған мұндай гүлдің ешқандай қажеті жоқ еді, бірақ әжейдің көшеде қол жайып, қайыр сұрамай, адал еңбектен нәпақа табуға тырысқаны қатты ұнады. Адамдар, мен сіздерге де қазотының «керек екенін» ішім сезеді. Қайырымды болыңыздаршы!» деп жазды өткенде біреу өз парақшасына. Жалғыз  «қазотын» емес, жүн шұлық, құмарыдағы гүл немесе өз қолымен өсіріп-баптаған көкөністер мен жемістерінен жасалған тосап, тұздалған қияр, т.б өнімдерін сатып тұрған ата-әжелер көп қой.  Бұл бастаманың мақсаты – белі бүкшиген қарттарды көшеде тұрғызбау. Сол үшін олардың сатып тұрған заттарын керек болмаса да, сатып алуға шақырады. Себебі қарттар саудагерлер сияқты пайда табуды көздемейді, олар ай сайын алатын зейнетақысы жетпейтіндіктен, қосымша осылай күнелтуге мәжбүр. Және бұл қайыр тілеу емес, өз еңбегімен нан табуға тырысу. Егер балалары жақсы табыс тауып, одан бұрын ата-аналарына қайырымды болса, мүмкін олар көшеде ұсақ-түйек сатып тұрмаушы ма еді… Бірақ, кім білсін, «саудагер» қарттардың балалары жоқ шығар… Ендеше, ешкіммен санаспай-ақ, біз қоғам боп осындай бастама көтерсек, онда қарияларды қуантуға теңіздің тамшысындай болса да үлес қосады екенбіз. Жалпы,  жақсылық жасаған боп көрінетіндер мен  шын жақсылық жасайтындардың арасы жер мен көктей. Мұқтаж жанды көрсек, «бейшара-ай» деп оған мүсіркей қарап, өтіп кеткеннен пайда жоқ. Одан да… несін айта берейік, жақсылық жасағысы келген адам, бір ретін табады…

Адам – ең жоғарғы құндылық. Еліміз егемендік алғаннан кейін адамды ең жоғары құндылық ретінде бағалау қалыптаса бастады. Адамның бар құндылығы – оның өмірі. Ол адамның мінезі мен темпераменті, мүддесі, көзқарасы, әдеті, тілегі, мәдениеті, тәрбиелік деңгейі, бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, кішіпейілдігі, әдептілігі, жеке басының тазалығы, әсемдігі, сөйлеу мәдениеті т.б.

Адамның өмір сүру барысындағы қолданатын тәсілінде оның түрлі қажеттіліктері, ақыл-ойының қалыптасуы, еркіндік жауапкершілігі, қызметін ұйымдастыруы және болжамы анықталады. Оның іс-әрекеті және сол арқылы адамның қалыптасуы мен дамуы өз шешімін табады. Адам- дүниені өзгертуші күш.

Орыс жазушысы К. Г. Паустовский: «Адам ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл да қайырымды болуға тиіс. Тек сонда ғана оның осынау Адам деген мәртебелі атпен аталуға құқы болады»;

Куба жазушысы, саяси қайраткер Х.Марти: «Адам бола білу – ең қиын мамандық» — деп жазған. Ең ұлы жеңіс- өзіңді-өзің жеңу. Өзіне-өзі ие бола білген адам ғана барша жұрттан мықты.

Адамның адамгершілік қасиеті. Адамзат тарихында адамгершілікке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлік, әділдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Сондай-ақ адамзаттың, әрбір адамның ішкі рухани адамгершілік дүниесінің негізгі формалары – үміт, сенім және махаббат үнемі даму үстінде болды және солай бола беруге тиіс.

«Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» тақырыбында әңгімелесу өткізгелі отырмыз . Адам қоғамда адамдар арасында өмір сүреді. Басқалар сенімен қарым-қатынас жасауы үшін олар сенің бар қасиетіңді танып білуі тиіс.Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Сыртқы келбет пен жүріс-тұрысын адамдармен ұдайы сәлемдесіп, кішіпейілдік, қайырымдылық көрсетуінен әдептілігін көруге болады.Әдептілік – қоғамға, қоршаған ортаға, яғни өмір сүріп жатырған жерімізге сай қалыптасқан тәрбиесі. Әдептілік ол қайырымдылықтың белгісі. Әдептілік – ар-ұятАдамдықтың белгісі. «Адамгершілік тәрбиесінің міндеті оқушыны қайырымдылыққа тәрбиелеу» деген. (И.Песталоций).Яғни қазақ халқы қашанда жоғары бағалаған қасиетінің бірі – адамгершілік. Адамгершілігі бар адамды барлық жерде сыйлаған, дәріптеген, қасиеттеген және үлгі тұтқан. «Адамгершілік – асыл қасиет», «Адамның ұяты бетінде, адамгершілік ниетінде» деп сол сияқты нақылдар халқымыздың адамгершілікті қаншалықты қастерлегендігін айқын

 

байқатады.Қайырымдылық – жетімдерге, мүгедектерге, қарт кісілерге рухани және материалдық көмек көрсету (Жылы сөзбен қолдау, шаруашылық жұмыстарға көмек көрсету, жұмыс ұсыну және т.б.).Адамгершілік қоғамның өмір заңдылығына сәйкес адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негіз болатын белгілі бір ізгілік ұстанымдарын ұғыну. Адамгершілік адамның адамды құрметтеуінен, оған сенуінен, басқаның мүддесі үшін өзін құрбан етуінен, шыншыл болу әрекеттерінен байқалады. Адамдық асыл қасиеттерге әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, әділдік, өзара көмек, достық, үлкенді сыйлау, кісілік жатады. Ал енді, оқушылар, мен сіздерге қағазға жазылған сұрақ берейін, соның жауабын мына бөлшектенген қағаздың ішінен шығарасыңдар. Адамдар бірін-бірі көргенде қандай сөз айтады?/сәлемдесу/·

 

Бала бойындағы жақсы қасиеттердің бірі?/әдепті/·

 

Жақсы оқитын, көп білетін оқушыны қандай оқушы дейді?/білімді/·

 

Отбасындаата-аналар, мектептеұстаздарбаланы неге баулиды?/тәрбие/·

 

«Өкпелемеңіз» сөзінемағыналассөз?/ренжімеңіз/·

 

Қазақхалқындақызбалалардықандаймінездіболуғатәрбиелеген?/инабатты/·

 

Қиын жағдайда досыңа не істеуіңкерек?/көмектесу/·

 

Әрбір бала көп нәрсені үйренгісі келіп тұрады, ондай балаларды қандай балалар дейміз?/талапты/·

 

Ана өсиеті

 

Ана айтты бір өсиет баласына

 

Бір жолдың шығарып сап саласына

 

Ей, балам шамаң келсе жақсылық ет

 

Ақ пейіл адамзаттың арасына

 

Егер де жол үстінде тікен жатса,

 

Кірер деп аяғына біреу басса,

 

Ерінбей-ақ иіліп қолыңменен

 

Сол тікенді көтеріп алып таста

 

Бұл еңбегің қалмасты босқа бекер

 

Соны көрген соңғы жас солай етер

 

Жақсы үлгіні жалпы жұрт дәстүр жасап

 

Жол тазарып жолаушы жолдан өтер.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика