Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары «Ана – әлемнің бар асылы» тақырыбында жиын өтті, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Елімізде жүргізіліп жатқан гендерлік саясат – әйелдерді ерлермен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерді шешу болып табылады. Осыған орай, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы және Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары «Ана – әлемнің бар асылы» атты іс-шарасын ұйымдастырды. Қаладағы №12 емханада өткен жиында Сайрам тұрғын алабының 35 жасқа дейінгі нәзік жандылары мен медицина қызметкерлері бас қосты.⠀
– Шалғай аймақта тұратын аналармен байланыс орнатып, кездесу ұйымдастырудамыз. Іс-шараның мақсаты – еңбекші әйелдердің жағдайын, олардың құқықтары мен мансаптық өсу, кәсіби дайындық мүмкіндіктерін нығайту, сондай-ақ, отбасы мен жұмыс арасындағы үйлесімді тепе-теңдікті сақтау. Аталған жоба алдағы уақытта шалғайда орналасқан емханаларда тұрғындармен бірлесіп өтетін болады, – дейді Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясының маманы Айжан Молдабаева.⠀
Еркін форматта өткен кездесуде әйелдер түрлі сұрақтар қойып, мамандардан жауап алды.⠀
Қазақстан 1991 жылдың аяғында тәуелсіздік алған күннен бастап халықаралық ұйымдарға мүше болып, әлем елдерінің тәжірибесімен танысып, елдің әл-ауқатын көтеріп, азаматтар арасындағы теңдікті қалыптастыру үшін көптеген заң мен стратегияны қабылдады. Ал елде гендерлік теңдік саласында бірқатар халықаралық
келісім-шарттарға қол қойылды. Сонымен қатар Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия қызмет атқарып және де гендерлік теңдік стратегиясы қабылданды, отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекітілді.
Өткен жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері бойынша Түркістан облысы мен Шымкент қаласы зорлық-зомбылық көрсетуден бірінші орында тұр. Бұл өте ұят нәрсе. Бұған себеп – әйелдер өз құқықтарын және кімнен көмек сұрарын⠀білмейді. Осындайда біздің ұйымдастырып отырған іс-шарамыз әйелдердің оянуына түрті болады деп сенемін, – дейді⠀Шымкент қаласы Іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы Эльенора Ағабекқызы.⠀