• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Жұлдыз тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу өтті.

Автор:admin

Июн 30, 2023
Spread the love

“AMANAT” партиясы Еңбекші ауданының ұйымдастыруымен Жұлдыз тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу өтті, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Шымкентте әлі күнге баспанасын заңдастыра алмай жүргендер бар. Мұны жергілікті жұртшылықпен жүздескенде айтты. Жаңаталап ауылында үш мыңдай, Сайрамда кейбір үй құжаттандырылмапты. Бұлар қаланың бас жоспарына сәйкес Сайрам ауданынан қосылған елді мекендер. Кездесу барысында бұқара көтерген мәселенің тағы бірі коммуналдық тарифтердің қымбаттағанын сөз етті.
Сонымен қатар, жиынға қатысушыларға «АМАNАТ» партиясы – халықтың партиясы, Қазақстан халқының үні екені түсіндірді. Бүгінде ол – бүкіл елмен бірге жаңғырып жатқан жаңа партия. Сайлауалды бағдарламаның орындалу барысын яғни, әр адам әл-ауқат пен жұмыс, жалақы мен азық-түліктің қолайлы бағасы, сапалы медицина мен білім, жеке баспана мен әлеуметтік қамсыздандыру, ауылды дамыту мен қала инфрақұрылымы, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау туралы сұрақтарға жауап таба алады. Көпбалалы аналарымызға қолдау көрсету мәселесі бойынша сауалдар да қойылды. Бүгінде әйелдер өз іскерлігі мен қабілет-қарымының арқасында барлық салада табысты еңбек етіп жүр. Олардың ұрпақ тәрбиесіне қосып отырған үлесі де ұшан-теңіз. Сондықтан ана мен балаға айрықша қамқорлық жасау, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, әйелдер құқығын қорғау – «AMANAT»-тың негізгі басымдығы екендігі айтылды.

«Жалпы «AMANAT» еліміздің белсенді партиясы ретінде халықпен байланысын үзген емес. Содан болар, партиямыздың 2027 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы «Халықпен бірге!» деп аталды. Өз кезегінде, сайлауалды бағдарлама негізінде көпшілікті толғандырған мәселелерге жауап іздеп, оларды шешуге барынша атсалыспақ.
«Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды әлеуметтік қолдау шараларына айрықша назар аударылған. Осылайша, жаңа ұйымдар желісі – аутизмге шалдыққан балаларға арналған орталықтар, мүгедектік қаупін азайтуға бағытталған, патологияны ертерек анықтау орталықтары және аудандық деңгейдегі оңалту орталықтары іске қосылады. 2-ден 6 жасқа дейінгі балалары бар барлық мұқтаж отбасы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында орынмен қамтамасыз етіледі.
Жиын соңында келген азаматтардың сауаладарына заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бірқатарына көмек көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика