«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәслихат депутаты Исхахов Талғат Жүнісбекұлы қала тұрғындарын қабылдады, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Халық қалаулысының жеке қабылдауына шымкенттіктер түрлі арыз, шағыммен келген. Бірі баспана жырын, келесі бірі жер дауын айтып, тұрақты жұмыс іздеп, әлеуметтік көмек сұрап келгендер де бар.
Мәселен, Анастасия Михайловна есімді қала тұрғыны несие мәселесі бойынша көмек көрсетуді сұрап келсе, Күлпаш Арыстанова несие берешегі бойынша зейнетақысының елу пайызын ұстап қалуына наразылығын білдірді.
Мүгедектікке шығу, зейнетке шығу, мүгедек азаматтарға күтім жасайтын азаматтардың жәрдемақысы бойынша мәселелер де қаралды. Мәселен, денсаулығына байланысты мүгедектікке шығару мәселесі, екінші мәселесі құжаттарын әлі күнге дейін рәсімдей ала алмай жүргендігін айтып көмек сұрады. Талап-тілегі талқыланып, мәселесі заңға сәйкес қаралатындығын, барлық құжаттармен тиісті басқармаға бару керектігі түсіндірілді.
Өтініш берушілер жұмысқа орналасу тәртібін түсіндіру, еңбек қатынастарын рәсімдеу, жұмыс істейтін аналар үшін еңбек заңнамасында көзделген жеңілдіктерді алу, жалға берілетін тұрғын үй алу үшін кезекке қою тәртібі туралы мәселелер бойынша өтініш білдірді.
Өтініш берушілерге Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 100-бабына сәйкес қызметкер бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалысты толық немесе бөліп пайдалана алатындығы түсіндірілді. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында қызметкердің жұмыс орны сақталады. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 82-бабына сәйкес, бір жарым жасқа дейінгі балалары бар жұмыс істейтін әйелдерге баланы тамақтандыру үшін ұзақтығы кемінде отыз минут әрбір үш сағат сайын қосымша үзілістер беріледі. Қабылдауға келгендердің басым бөлігі инфрақұрылым мәселесін алға тартты. Жарықтандыру, жол, мектеп құрылысы мен спорт алаңшаларын салу жөнінде де тұрғындар өз сұрақтарын айтты.
Емхана мен көп балалы отбасыларға және жастарға көмек көрсету бойынша қолдау күткен ағайын да қабылдауға арнайы келген.
Қабылдауға келген азаматтардың сауаладарына заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бірқатарына көмек көрсетілді.