• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаты кәсіпкерлермен кездесті.

Автор:admin

Июл 5, 2023
Spread the love

Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің  депутаты Данабек Исабек Ержанұлы кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісі депутаты Данабек Исабек Ержанұлы, “AMANAT” партиясы Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Жартыбекова Гүлжайна Жақайқызы және Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Балабиев Нұрсұлтан Қайратұлы, фракция жетекшісі Имашев Қайрат Есенбекұлы “Айна” базарының кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесу барысында кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мен азық-түлік бағасын халыққа қол жетімді түрде арзандату жөнінде айтылды.
Бұдан бөлек Данабек Ержанұлы бір шама уақыттан бері шешімін таппай келе жатқан ең күрделі, проблеманың бірі, қала орталығындағы заңсыз сауда мәселесі де көтеріп, оның шешу жолын бірлесе қарастыруға шақырды. Айта кету керек, осы мәселе төңірегенде тың жоба таныстырылып, алдағы уақытта халық назарына ұсынылмақ.
Сонымен қатар кәсіпкерлермен салықтық әкімшілендіру, қосылған құн салығы, бизнесті кредиттеу, виртуалды қойманың жұмыс механизмі, сондай-ақ контрагенттермен жұмыс істеу мәселелері сөз болды.
Біз еңбек нарығында әділ ереже белгілеу үшін Кәсіпкерлік кодексті қайта қарау керек деп санаймыз. Осы ретте Халық партиясы жалдамалы жұмысшылардың шағымдары бойынша кәсіпорындарды тексергені үшін Еңбек инспекторларына айыппұл салуды доғару керек деп есептейді. Біз – салық салу, несиелеу, әлеуметтік стандарттардағы есептік көрсеткіштер туралы норманы енгізуді қолдаймыз.
Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісі депутаты Данабек Исабек Ержанұлы кәсіпкерлермен осындай форматта кездесу маңызы зор екенін атап өтті.
Кездесу соңында сайлаушылар спикерге көкейіндегі сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алды. Сауалдармен мұқият танысқан мәслихат депутатты алдағы уақытта бақылауға алып, тиісті деңгейде кезең-кезеңімен шешілу жолдары қарастырылатындығын айтты

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика