• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК ТЕГІН КӨРСЕТІЛЕДІ

Автор:admin

Июл 4, 2023
Spread the love

«AMANAT» партиясының халық құқығын қорғауды көздейтін «Құқықтық көмек» партиялық жобасы серпінді дамып келеді. Апта сайын өтетін қабылдауларға келушілер саны да артуда.
Бүгін партияның Шымкент қалалық филиалында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтті. Халыққа адвокат Тлеуов Ерлан Алибекұлы, Zangerler Palatasi заң консультанты Мырзағалиева Анар Топиқызы, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының мамандары заң тұрғысынан кеңес беріп, мәслелерінің оң шешілуіне үлес қосты.
Кәсіби құқықтанушы мамандардан кеңес сұраушылардың басым бөлігі жер дауымен келген. Мәселен, Қызылжар тұрғын алабы тұрғындарының әуежай маңындағы жер телемдерінің мемлекет мұқтаждығына қайтару туралы мәселе көтерілгелі көңілдері алаңдаулы. Заңды жері мен шағын баспанасынан айырылып қаламын ба деп алаңдаған олар заңгерлерден көмек сұрап келген.
Сондай ақ, заңгерлер тұрғындарға зейнетке шығу, несие, мүлік бойынша келісім жасау кезінде кеңес беріп, сот орындаушы, полиция қызметіне наразылығына қатысты, сотта мүдделерді қорғау, еңбек дауы бойынша көмек берді.  «Құқықтық көмек» жобасы қазақстандықтарға тегін кәсіби құқықтық көмек көрсетуге бағытталған. «Сарапшылармен бірге көпбалалы отбасыларға, аз қамтылған адамдарға, сондай-ақ алимент өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау мәселелері бойынша жүгінген азаматтарға білікті заң көмегін көрсетеді. Сотқа дейінгі іс жүргізуден бастап, сот шешіміне дейін өтініш білдірген азаматтардың мүддесін қорғауды жоспарлап отырмыз. Осы орайда, біз заңгер кеңесіне мұқтаж әрбір адамға тегін көмек көрсетілуі үшін бірқатар республикалық ұйымдармен меморандум жасасамыз. «Құқықтық көмек» жобасы заңда жиі кездесетін қарама-қайшылықтарды анықтауға мүмкіндік беретінін айтты. Түсіндіру жұмысын жүргізу, дау-дамайларды реттеудің баламалы тәсілдері (медиация) бойынша кеңес беру, мүлік бойынша келісім жасау кезінде кеңес беру, талап қою мәселелері бойынша көмек көрсету, сотта мүдделерді қорғау, еңбек дауы бойынша кеңес беру, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар мен өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдарға құқықтық көмек көрсету және тағы басқалар. Тиісті талдау нәтижелері қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарастыру үшін ай сайын Мәжілістегі «AMANAT» фракциясына жолданып отырады. Партияның филиалдарында аптасына екі рет қабылдау өткізіледі. Осылайша қоғамда құқықтық мәдениетті арттыру жұмысы жүйелі жолға қойылады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика