«АMANAT» партиясы Шымкент қаласы Әл – Фараби ауданы филиалында Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Әбішев Бөкейхан Нұралыұлының жеке қоғамдық қабылдауы өтті.
Қабылдауға келген азаматтар медициналық, әлеуметтік көмектер бойынша мәселелерді көтеріп, өтей алмаған ипотекалық қарыздарына байланысты көмек сұрап келді. Келген азаматтардың арасында кәсіпкерлерге арналған субсидия бойынша кеңес алуға келгендерде бар.
Бөкейхан Нұралыұлы барлық мәселелерді мұқият тыңдап, заң аясында кеңес беріп мәселелердің оң шешілуіне жағдай қарастырылатынын жеткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар көкейдегі мәселелерін алға тартып, біршама талап тiлектерiн жеткізді. Атап айтар болсақ шағын аудандағы жолдарды жөндеу, тұрғын үй және түрлі әлеуметтік мәселелер. Қабылдауға жазылған азаматтарға заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жүйелі түрде азаматтардың талап тілектері назарда болатыны жеткізілді. Сонымен қатар бірнеше азаматтың мəселесі оң шешімін тапты.
Халық қалаулысы қоғамдық қабылдауға келген барша азаматтарды мұқият тыңдап, өтініш иелеріне қалалық мәслихат депутаты ретінде қолымнан келгенше мәселелерінің оң шешімін табуға ықпал жасайтын жеткізіп, тұрғындардың жайлы қалада өмір сүруіне осылай белсенділік танытып жүргендеріне өз алғысын білдірді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың ашықтығы және қоғамдық бақылау механизмдерін дамытуға қатысты нақты тапсырма берген болатын. Бұл бағытта бірқатар реформа жүзеге асып жатыр. Мәселен, қоғамдық кеңестерге көптеген уәкілеттіктер берілді. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген заң жобалары да осы істің жалғасы іспетті.
Халық қалаулысы қабылдауға келген азаматтар өтініштеріне байланысты тиісті кеңесі мен тұщымды жауабын беріп, мәселелерінің оң шешімін табуына ықпал етті.
Сондай-ақ, айта өтетін болсақ «AMANAT» партиясы тарапынан «Құқықтық көмек» партиялық жобасы өткізіліп жатыр.
«Құқықтық көмек» партиялық жобасы шеңберінде заңгерлер жергілікті жерде азаматтарға заңгерлік көмек көрсету үшін облыстағы аудан орталықтарына барады. Яғни сотта, қылмысты қудалау органдарында және тағы басқа жағдайда азаматтарға өкілеттік етуге, арыз-талап толтыруға, өзін қорғауға көмек көрсетіледі. Тұрғындарға қаржы және құқықтық мәселелер бойынша түрлі кеңес беріледі.
Жобаның негізгі мақсаты — ашықтықты қамтамасыз ету, тұрғындарды алаңдатқан мәселелердің шешу жолдарын тікелей әлеуметтік объектілерде қарастыру және заң аясында құқықтық көмек көрсету.