• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өтті.

Автор:admin

Июл 22, 2023
Spread the love

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру мен денсаулық сақтау жөніндегі қоғамдық кеңес және Партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Жиынды «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшының міндетін атқарушы Тулегенов Бекайдар Мұсаұлы ашып, жүргізді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты қалалық сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасындағы денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштердің орындалуы;
2. Жол картасындағы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының 2022-2023 жылда атқарған жұмысы туралы.
▫️Мәжіліс барысында Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Б.Абдуллаев пен Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекованың баяндамасы тыңдалып, қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды.
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу; елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту және халықты кірістермен қамтамасыз ету арқылы жұмыс орындарын құру. Сонымен бірге, жүктелген міндеттерді уақытында және сапалы орындау қажеттілігі туралы айтылды.
Ағымдағы жылы жұмыспен қамтудың жол картасы аясында уақытша жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, оның ішінде 50% жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету.
Айта кетейік, бірлескен отырысқа Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғани Ташқараев, Білім беру мен денсаулық сақтау жөніндегі кеңес төрағасы Е.Серкебаев, комиссия мүшелері, тиісті басқарма басшылары, партия филиалы басшылығы және жауапты қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика