• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы

Автор:admin

Июл 17, 2023
Spread the love

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында Қаратау ауданында орналасқан бірқатар әлеуметтік нысандарға зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Зерделеу барасында арнайы құралған жұмысшы топ өкілдері аталған нысандарды бейімдеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар аудан бойынша ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне мониторинг жүргізуді қоса алғанда, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымды жақсарту тиісті бойынша ұсыныстар берілді.
Әлеуметтік кодексте мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік мәселелеріне қатысты бірқатар өзгерістер қарастырылған.
Біріншіден, мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету ісіне олардың отбасы мүшелерін тарту. Бұл ретте отбасы мүшесі жеке көмекші немесе әлеуметтік қызметкер ретінде ресімделеді. Бұл жұмысқа еңбекақы төленеді және осы кірістен әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жарналары аударылады. Осылайша, отбасының жұмыспен қамтылмаған мүшелері еңбекке қабілетті жасында жұмыспен қамтамасыз етіледі және ықтимал әлеуметтік тәуекел туындаған жағдайда әлеуметтік қамсыздандыру шараларымен қамтылатын болады.
Екінші, арнаулы әлеуметтік қызметтердің жаңа стандарттары даярлап, жан басына шаққандағы нормативтерді енгізу қарастырылып отыр. Оның мөлшері қызметтер үшін жеке норматив, ал компенсаторлық техникалық құралдар үшін – шектеулі бағалар түрінде жіктелетін болады. Бұл өзгерістер бір жағынан кейбір жекелеген қызмет немесе тауар түрлерін монетизациялауға алып келеді. Ал екінші жағынан жеке сектор тарапынан шағын сиымдылықты арнайы қызмет көрсету орталықтарының ашылуына мүмкіндік туғызатын болады. Бұл шаралар отандық тәжірибеге яғни білім беру саласында сәтті амалға асырылған «Балапан» бағдарламасының үлгісі бойынша енгізіліп отыр.
Үшінші, әлеуметтік қызмет порталы бойынша жергілікті атқарушы органдар жанында құрылған комиссияларға жаңа құзыреттер беру, оларға:
мүгедектегі бар азаматтардың сапасыз тауар немесе қызмет туралы айтылған өтініштерін әлеуметтік қызмет порталы арқылы қабылдау және 5 күн ішінде қарау,
өнім берушіге немесе қызмет көрсетушіге берілген тауар мен көрсетілген қызметтің сапасын жөндеу жөнінде мерзімі көрсетілген хат жолдау және оның орындалуын бақылау құзіреті беріледі,
сондай-ақ өнім берушіні немесе қызмет көрсетушіні әлеуметтік қызмет порталынан алып тастау және оны міндеттемелерін адал атқармайтын өнім беруші тізіміне енгізу туралы шешім қабылдай алатын болады.
Төртінші, әлеуметтік қызметкерге деген квадификациялық талаптар мен олардың мәртебесін көздейтін нормаларды енгізілді.
Осы орайда:
әлеуметтік жұмыспен біліктілігі тәуелсіз бағалаудан өткен және сертификаты бар мамандар ғана айналыса алады.
мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсеттетін мамандарды таңдау үшін әлеуметтік қызметкерлердің реестрі жасалады. Онда оның біліктілігі, көрсеткен қызметтерінің түрі және сапасы туралы толық мәлімет болады.
сонымен бірге, әлеуметтік қызметкерлердің еңбекақы төлеу жүйесі және қолдау шаралары қайта қаралады. Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі біліктілік деңгейін, көрсетілетін қызметтердің санаты мен ерекшелігін ескеретін болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика