• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Шымкент: үкіметтік емeс ұйымдар

Автор:admin

Июл 20, 2023
Spread the love

Шымкент қаласында 563-тан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның қазіргі таңда 100-ге жуығы белсенді.
2023 жылға жоспар бойынша әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жалпы 17 іс-шара қарастырылған.
Негізгі ауқымды іс-шаралар: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстарын ұйымдастыру, Шымкент қаласына жаңадан қосылған және шеткі аймақтардағы тұрғындармен жұмысты үйлестіру, Тұрақты жұмыс істейтін «Қоғамдық бақылау кеңесі», Шымкент қаласының қоғамдық-саяси ахуалы мен өзекті мәселелерін анықтау, Шымкент қаласының тұрғындарын туған қалаға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Таза қала» акциясы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, «Ерлік ұмытылмайды» патриоттық жобасы және «Тәуелсіздік тұлғалары» әлеуметтік жобалары жүзеге асатын болады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қаламызда үкіметтік емес секторды дамыту және қолайлы жағдай жасау мақсатында «Азаматтық қоғамды дамыту жол картасы» жобасы шеңберінде 2021 жылдан бастап «Азаматтық ресурстық орталық» жұмыс жасайды.
Азаматтық қоғам өкілдері жұмыс жасау үшін барлық материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жалға алынған ғимараттың (кеңсе) жалпы аумағы 290 шаршы метрді құрайды. Орталықта 10 адам жұмыс жасайды.
Азаматтық ресурстық орталықтың негізгі мақсаты азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттық өтінімдерді толтыру және басқа да тақырыптар бойынша ақпараттық, әдістемелік және консультациялық қызметтер көрсету, іс-шараларды және кездесулер мен диалог алаңдарын ұйымдастыру және өткізу болып табылады.
«Азаматтық ресурстық орталықтың» жұмысын үйлестіруші «Шымкент қаласының Азаматтық альянсы» қауымдастық түріндегі заңды тұлғалар бірлестігі болып табылады. Оның құрамына 58 қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар кіреді.
Бүгінде қаламызда азаматтық қоғамның белсенділігі артып келеді. Бұған дәлел Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамына 11 азаматтық қоғам өкілдері енгізілген.
2023 жылдың наурыз айында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихат депутттарының сайлауына қаламыздағы үкіметтік емес ұйымдары белсенді қатысты. Мәселен «Дауыс», «Бәйтерек» және «Алтын Орда» қоғамдық бірлестіктері барлық сайлау учаскелерінде байқау жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, жыл басынан «Азаматтық ресурстық орталықта» үкіметтік емес ұйымдардың қала тұрғындарымен кездесу кестесі бекітіліп, қоғамдық бірлестіктер өкілдері «Аналар мен балаларды қорғау», «Медиация қызметі», «Мүмкіндігі шектеулі жастардың мүдделерін қорғау және ілгерілету», «Психологиялық консультациялар», «Әлеуметтік кәсіпкер», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бағыттары бойынша қала тұрғындарына 50-ден астам жеке қабылдаулар өткізді.
Өткен жылы қаламызда мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасайтын «Үкіметтік емес ұйымдар коалициясы» құрылып, коалицияның бастамасымен Көрме орталығында мүмкіндігі шектеулі жандардың туындыларынан «Арман алаңы» атты жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жалпы қаламыздағы белсенді үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қоғамдық-мәдени, қайырымдылық шаралардан тыс қалған емес.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика