Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Еңбек ардагері» атағын беру конкурсына Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Шымкент қаласы білім, спорт және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі Шеримбетова Кулзина Тулегеновна ұсынылды.
1972 жылы Келес ауданы орталығындағы (бұрынғы Ленин жолы) О.Есімов атындағы орта мектепті бітірді.
1979 жылы Ташкенттің Низами атындағы Мемлекеттік Педагогикалық институтын Филология факультетін «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, Шымкент қаласындағы Қ.Сыпатаев атындағы №7 мектеп-лицейінен 2014 жылы зейнеткерлікке шықты.
«Таң арайы», «Жауқазын», «Зәмзам нәрі» «Ғасыр жаңғырығы», «Бал бұлақ»»Сырлы әлем» атты туындылары жарық көрген.
А.Жомарттың «Сегізінші керемет» атты топтамасына, Мәскеу қаласында шыққан «Легендарный батыр» атты жинаққа, Мәскеу қалалық қазақ ұлттық-мәдени автономиясы Мәскеу өңірлік «Мұрагер» қоғамы тарапынан шығарылған «Ақжүрек» атты жинаққа өлеңі енген.
Ақын Тұрсынай Оразбаева туралы жазылған «Аққу арман» атты аудармасы жарыққа шыққан.
Ақын, әдебиетші, ҚҰрметк Білім беру ісінің үздігі, Ы. Алтынсарин медальнің иегері.
Сазгер. «Қазақстам»,Сарыағаштың сазды әні»,»Қорқыт ата»,Арман әнім,Ұстазым,»,»Дарбазы-құт мекенім»,»Мектебім»,»Сырласу»»Түркістан»,»Ақ шағала»»Үкілі үміт»,»Ата салты»,»Келесім»,»Сені іздеймін»,
Ұстазым әні Жаңа ғасырға –жаңа ән»қалалық байқауында 2 орын иеленді.
!Үкілі үміт»әні Астана қаласында өткен Республикалық байқауда жүлделі орынға ие болды.
РеспубликалықҰлтжандылықтан жаралған ұлылық иесі атты ғылыми конференция өткізді.
Кулзина Төлегенқызы өзінің щығармашылық еңбек жолында талай белестерді бағындырған ұлағатты ұстаз! ҚР Оңтүстік Қазақстан облысы «Qurmet-АВ» қоғамдық бірлестігінің шешімімен «Білім беру ісінің үздігі» медалімен марапатталды
Куәлік № Б01-0030 01.08.2013
2. «Ы.Алтынсарин» марапатталғандығы туралы
Куәлік № 501 12.04.2018
3. Похвальный лист Мәскеу қалалық «Қазақ тілі» қоғамы
05.05.2012
4. Арнайы диплом Республикалық «Ғұмырдария» балалар байқауында өнерлі шәкірт тәрбиелеп
Алматы 2022 жыл.
5. Құрмет граматасы ХІ облыстық Абай оқуларын ұйымдастырып өткізудегі белсенді еңбегі үшін марапатталды Шымкент 2010 жыл
6. Мадақтама Қ.Рыскулбеков атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Желбіре көкте, көк байрақ» атты облыстық байқауда оқушысы І орын алғаны үшін 2004 жыл.
7. Алғыс хат Оңтүстік Қазақстан облыстық жасөспірімдер
кітапханасында жазушы, қоғам қайраткері Ғабиден Мұстафинің туғанына 110 жыл толуына орай үйымдастырылған «Дүлдүлі дархан даланың» атты іс — шараға қатысып, төл әдебиетімізге сусындаған шәкірттер тәрбиелеудегі ұстаздық шеберлігі үшін – Шымкент 2012 жыл.
8. Мадақтама қалалық мұғалімдер арасындағы олимпиядада Бас жүлдені алған – Шымкент 2005 жыл.
9. Алғыс хат Халықаралық Жастар жылына, ОҚО-дағы Жастардың оқу жылына орай ұйымдастырылған
«Бір ел — бір кітап» облыстық акциясына белсене атсалысқаны үшін және акцияға таңдалған жазушы Қ.Қазиев шығармашылығын терең зерттеп, зерделеп, туған жердің әдебиетіне сусындап, рухани кемел болуға ұмтылысы үшін – Шымкент 2018 жыл.
10. Алғыс хат Оңтүстік Қазақстан облыстық жасөспірімдер кітапханасында ұлы майдангер, қолбасшы және дипломат, дарабоз тұлға Абылай ханның туғанына 300 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ел қорғаны Абылай» атты тарихи зияткерлік ойынына қатысып, Абылай ханның өмірі мен ерлігін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, жастар бойында тарихына,
Отанына, халқына деген патриоттық сезім оятып, еліміздің беделі мен мақтанышы-рухани дамыған жастарды
тәрбиелеуде белсенділік танытқаны үшін – Шымкент 2013ж.
11. Лауреаттық дипломы оқушылардың облысьтық фестивалінде жоғары дәрежеде көрсеткен өнері үшін – Шымкент 2003 жыл.
Шығармалары орыс, қырғыз, өзбек тіліне аударылған
Екі елдің елшісіндей ақын Тұрсынай Оразбаева жайлы Саха-Якутиядағы достарының орыс тілінде жазылған естеліктерін қазақ тіліне аударып, «Аққу арман» атты кітапты оқырманға ұсынды.
Әлемдік байырғы халықтардың халықаралық қоғамдық «Юрта мира» ұйымы тарапынан Канадада шыққан «Юрта мира» кітабына «Адал дос»,«Александра»,«Жүрегіне сыр тұнған»,«Аңызсың Александра» атты туындылары енген.
Ғұмырының қырық жылдан астам уақытын шәкірт тәрбиелеп, ұстаз болуға арналған ардақты апайымыздың еңбегі қандай да болсын құрметпе лайық деп білеміз!