Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс V сессияға ұсынылған мәселелер бойынша жергілікті өзін-өзі басқару және қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссия мен инвестиция және қалалық жайлы ортаны дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның бірлескен отырысы өтті. Аталған тұрақты комиссиялардың отырысында Тулегенов Ноян Назарұлы төрағалық етіп, депутаттар 3 мәселені талқылады.
Олар:
1. Шымкент қаласын дамытудың бас жоспары туралы;
2. «Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы
11 желтоқсандағы № 58/506-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 14 маусымдағы № 4/33-VIII шешімінің күшін жою туралы;
3. «Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы
11 желтоқсандағы № 58/506-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Жиынға тиісті басқарма басшылары мен сала мамандары қатысты. Бірлескен отырысқа қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамалар жасады, жұмыс барысында бірқатар ұсыныстар айтылды. Осы мәселелер бойынша депутаттар бірқатар сауалдар қойып, шешім жобалары бірлескен отырысқа ұсынылды. Осы тұрғыда заңнама не дейді. Мәслихаттың қарауына жатқызылған жекелеген мәселелерді сессияларда қарауға дайындау мақсатында мәслихат не мәслихаттың төрағасы уақытша комиссияларды құра алады. Уақытша комиссияларды құру кезінде мәслихат олардың құрамын, міндеттерін, өкілеттік мерзімдері мен құқықтарын айқындайды.
Тұрақты комиссиялар өз бастамасы немесе мәслихаттың шешімі бойынша жария тыңдаулар өткізе алады.
Жария тыңдаулар тұрақты комиссиялардың қарауына жатқызылған өте маңызды және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында, осы комиссиялардың депутаттар, атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, азаматтар қатысатын кеңейтілген отырыстары нысанында өткізіледі.
Жария тыңдауларды өткізу үшін депутаттар қатарынан жұмыс тобы құрылады. Тыңдауларды дайындау үшін өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандары тартылуы мүмкін.
Тұрақты комиссия жария тыңдаулар өткізілерден бір ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алдағы жария тыңдаулардың тақырыбын, өткізілетін күні мен уақытын халықтың назарына жеткізеді.
Тұрақты комиссия жария тыңдауларға мүдделі мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақырады. Жария тыңдауларға басқа тұрақты комиссиялардан мәслихат депутаттары қатыса алады.
Жария тыңдауларда тұрақты комиссияның депутаты сөйлегеннен кейін сұрақтарға жауап беруге уақыт бөлінеді.
Сөз сөйлеу қорытындылары бойынша комиссия депутатының баяндамасына келіп түскен ұсыныстар мен ескертулер жария тыңдаулар хаттамасына енгізіледі.
Жария тыңдаулардың хаттамасын мәслихат аппаратының қызметкері дайындайды және оған жария тыңдауларда төрағалық еткен депутат қол қояды.