• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

“Байтақ” жасылдар партиясы синтектикалық есірткіге қарсы.

Автор:admin

Июн 28, 2023
Spread the love

Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, жастар арасында белең алған басты мәселе нашақорлық жайында айтты. “Мен тағы бір нәрсеге баса назар аударғым келеді. Бұл – нашақорлық. Бұл – ұлт саулығына зор қауіп төндіретін кесел. Есірткі жастардың жанын да, тәнін де улап жатыр. Біз есірткіні қолданудың, дайындаудың және таратудың жолын кесіп, тамырына балта шабуға тиіспіз. Әйтпесе, бүкіл еліміздің болашағы бұлыңғыр болады. Бұл мәселе мені қатты алаңдатады. Химиялық есірткілер нарықта кең ауқымда сатылуда. Криминалдық топтар жастарды осындай заңсыз әрекеттерге тартып жатыр.”- деді Қазақстан Республикасының Президенті. Осы тұрғыда, Қазақстанның “Байтақ” жасылдар партиясы синтектикалық есірткіге қарсы күресті қолдайды.
Акцияны қолдаушылардың қатарында Шымкенттіктерде бар. Шымкент қалалық филиалының басшысы Құрмет Керімбековтің пікірінше қазір жастар арасында есірткіге әуестік жиілеп кеткен. Әсіресе синтетикалық есірткіні көп қолданатын болған деген жазбалар көп кездесуде. Ал түрлі химиялық қоспалардан жасалатын бұл түрі адамды бір рет пайдаланғаннан-ақ тәуелді қылады. Синтетикалық есірткіге еліткен адамның жүйке жүйесі бірден зақымданады. Сөйлеу, есте сақтау қабілеті нашарлайды. Ұйқысыздық, мазасыздықтан бөлек күйзеліске түседі. Қан тамырлары ауруларына шалдығады.
Акцияға белсенділік танытқан Жамбыл облысы Байтақ партиясының филиалы мен Тараз жастары болды. Осы қарқынмен Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Ұлытау, Қызылорда, Шымкент, Ақтау облыстары және Астана қаласы аталмыш челенджге ат салысып, видео жолдады. Іс шараның басты мақсаты жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақыру болды.
Алда “Байтақ” партиясының бастамасымен жос­парлы түрде синтетикалық есірткіге қарсы шараларды ұйымдастыруды шешті. Бүгін жастарға есірткінің зиян екенін, оны саудалағандарға заң үкімі қатаң екенін барын­ша түсіндірдік. Міне, осылайша біз жастарға нашақорлықтан келе­тін қауіп-қатерлерді барынша түсіндірдік деп ойлаймыз.

 

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика