• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Кәсіподақ жұмысына барынша қолдау көрсетуіміз керек

Автор:admin

Июл 2, 2023
Spread the love

Шымкент қалалық Кәсіподақтар орталығының рес­­ми сайтында жазылған ақпаратқа сүйен­сек, кәсіподақтар заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру арқылы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясатты әрі қарай дамыту мен күшейту мақсатындағы қызметін жалғастыруда. Соның ішінде, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының басымдылығын қамтамасыз ету, жұмыс берушінің қауіпсіз еңбек жағдайын жасауы, түпкі нәтиже ретінде еңбек жарақатын болдырмау көзделген жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың тиімді жүйесін құру уәждемесін жоғарылатуға бағытталған экономикалық шаралар әзірлеу. Кәсіподақтың басты міндеттерінің бірі – өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру және мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізетін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайын кешенді тексерулер барысына қатысатын қоғамдық инспекторлардың рөлін күшейту болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстандағы еңбек инспекторларының саны 18 мыңға жетіп отыр екен.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз еңбекті Қазақстан қоғамының негізгі құндылығы ретінде дәріптеуіміз керек. Бұл – менің нақты ұстанымым. Бұл үшін тек атқарушы органдардың болуы жеткіліксіз екенін бәріміз түсінеміз. Сондықтан, әлеуметтік серіктестік механизмі, мемлекет пен азаматтардың, үкіметтік емес сектордың екіжақты өзара әрекеттесу жүйесінің баламалары жоқ. Кәсіподақ – Қазақстандағы ең көп институционалдық тұрғыдан дамыған қоғамдық бірлестіктердің бірі. Жалпы, саяси өмірде, экономикалық, әлеуметтік, рухани және мәдени бағдарламаларды жүзеге асыруда оның алар орны ерекше» деп атап өткен болатын.

Қарапайым еңбек адамдарының жұмыс орнындағы құқықтарының сақтала бермеуі – көп жағдайда олардың өз құқықтарын толыққанды білмеуінен туындап жататыны анық. Кейбір жұмыс берушілердің еңбек заңдылықтарын, соның ішінде ҚР Еңбек кодексінің талаптарын сақтамауы да – көптеген заң бұзушылықтарға әкеліп соғатыны жасырын емес. Бұл орайда еліміздің Кәсіподақ еңбек адамдарының жұмыс орнындағы жағдайларын зерттеп, тиісті іс-шаралар қабылдап келеді. Сондықтан, Кәсіподақ жұмысына барынша қолдау көрсетуіміз керек. Өйткені, Президент айтқандай, Қазақстан қоғамының негізгі құндылығы – еңбек болуы керек. Осы дәрежеге жету үшін, яғни, қоғамда еңбекке және еңбек адамына деген құрметті арттыру үшін жалпы еңбек ұғымының айналасындағы барлық мәселелердің дер кезінде шешімін табуына Үкімет те, Үкіметтік емес ұйымдар да атсалысуы керек деп есептейміз. Әрине, жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында туындап жататын еңбек даулары – заң аясында шешімін табуы қажет. Дегенмен, еңбек даулары туындамайтын жағдайлар жасау – екі тараптың да зор мүддесіне айнала білуі керек. Әйтпесе, көпе-көрнеу заң бұзушылықтарға жол беріліп, оның арты дау-дамайға ұласып жатады. Жалпы, елімізде еңбек ету мәдениеті, бұл бағыттағы заңдылық талаптардың сақталуы, жұмыс істеушінің өз құқықтарын жеткілікті дәрежеде білуі – аса қырағылықпен ден қоярлық мәселелердің бірінен саналады. Олай болса, Кәсіподақтардың атқарып келе жатқан жұмысының бір парасы – еңбеккерлердің мүдделерін қай кезде де қорғаумен байланысты болып келеді

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика