Әлеуметтік әріптестік аясында «Шымкент қаласы білім, спорт және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастаруымен жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігіне кепілдік беру бөлігінде еліміздің еңбек заңнамасының нормаларын айқындайтын мәселелер бойынша жиындар өткізілуде.
Сонымен қатар кәсіподақтағы жастар саясатын жаңғырту. Мақсаты-саладағы Жастар кәсіподақ қозғалысының әлеуетті көшбасшыларын анықтау, кәсіподақ қозғалысында жастар саясатын одан әрі дамыту, әлеуетті көшбасшылар мен белсенділерді тарту арқылы жастар арасында кәсіподақтың оң имиджін дамыту, сондай-ақ патриотизм, рухани мәдениет сезімін өркендету. Кәсіподақ мүшелерінің өндірістік қызметке байланысты ұсыныс-сұрақтарын қарастыру, кәсіподақ мүшелеріне құқықтық, материалдық және басқа да қаржылық көмек көрсету. Кәсіподақ мүшелерінің құқықтық мәртебесі мен қызмет аясының ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіподақ білім беру қызметіндегі тұлғаның ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері, азаматтылық пен елжандылықты тәрбиелеу негізінде кәсіби қалыптасуын өз міндетіне алады.
Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құқықтық нормаларды ашық түсіндіруде кеңеске қатысушылар өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбек ұжымдарындағы кәсіподақтар тарапынан еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық бақылаудың рөлін арттыру, көлік кәсіпорындарындағы еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттау және еңбек даулары мен жанжалдарының алдын алу және шешу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша кәсіподақ ұйымдарымен өзара бірлескен жұмыстың алдағы жолдарын айқындап, пікір алмасты.
Ұсыныстар Еңбек Адамы мүддесі үшін әлеуметтік әріптестік шеңберінде тараптардың жұмысында ескерілетін болады.