• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙЛАСТЫРЫЛҒАН СҰХБАТ

Автор:admin

Июл 3, 2023
Spread the love

Бүгін «Ontustik» телеарнасында 6 шілде – Астана күніне орай түсірілім жасалды. Түсірілімге «Шымкент келбеті» газетінің бас редакторы Б.Тайжан, қалалық опера және балет театрының солисі, өзбек этносының өкілі Н.Зкруллаев, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің бөлім басшысы, ҚР Мәдениет қайраткері А.Исаева, қалалық Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы, көрмелік-бұқаралық жұмыс секторының басшысы С.Пазыл қатысып, Елордаға қатысты мәселелер бойынша жан-жақты ой өрбітіп, талдау жұмыстарын жүргізді.
Түсірілім барысында Сайрам тұрғын алабында тұратын өзбек этносының өкілі, 11 сынып оқушысы М. Құрбанходжаева «Туған жер», Н.Зкруллаев «Қазақстан-Отаным» әндерін шырқады.
Биыл Астана қаласына 25 жыл толды. Еліміздің өсіп – өркендеуі жолындағы табысты жұмыстардың қай – қайсысы болмасын, Астана қаласымен тығыз байланысты. Еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуы Астана қаласынан бастау алды. Барлық ірілі – ұсақты шаралар Астанада жүзеге асырылуда.
Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет ретінде орнығуы, сынақтардан сүрінбей өтіп, дамудың даңғыл жолына түсуі — бәрі еліміздің бас ордасымен тығыз байланысты.
Ел бола аламыз ба, әлде заманның алапат желіне ұшып жоғаламыз ба деген тағдырлы сәтте халықты биік мақсатқа жұмылдырып, болашаққа бастаған Астана — жаңғырған, жаңа Қазақстанның жарқын символы.
Басында өзге түгілі өзіміз күмәнмен қараған ғасыр жобасы Елбасының саяси көрегендігі мен ерік-жігерінің арқасында табысты жүзеге асып, небәрі 25 жылда Арқа төрінде ғажайып қала бой көтерді.
Халқымыздың мың жылдық талайлы тағдыры мен асқақ армандарынан нәр алып, сайын далада сәмбі талдай бүр жарған бас ордамыз аз уақытта ел тірегі — алып бәйтерекке айналды.
Бүгінде еліміздің саяси, экономикалық қана емес, мәдени, рухани жүрегі атанған Елорда Қазақстанның барлық өңірлерінің басты қозғаушы күші болып, аймақтардың дамуына қуатты серпін беруде.
Ол татулық пен тұрақтылықтың, жасампаздық пен бейбітшіліктің символы ретінде тұтас Еуразияға, одан қалды, жер-жүзіне лайықты үлгі болуда.
Әлемдік деңгейдегі бастамалар мен іс-шаралар Астананы жаһандық оқиғалардың ордасы ретінде паш етті.
Астанамыз көркейіп, еліміздің мәртебесі асқақтай берсін.
Ортақ мақтанышымыз, Отанымыздың жүрегі — Астана төрткүл дүниені түгел тамсандырып, жайнай берсін!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика