Кәсіподақ комитеті жергілікті кәсіподақтың конференциясымен бес жылдық мерзімге сайланады және қажет болған жағдайда, кемінде жарты жылда бір рет шақырылады. Жергілікті кәсподақ төрағасы кәсіподақ комитетінің жұмысын басқарады. Кәсіподақ комитетінің отырысы оған сайланған жергілікті кәсіподақ комитеті мүшелерінің жартысынан көбінің қатысуымен құзыретті. Кәсіподақ комитетінің кезектен тыс отырысы оның бастамасымен немесе оның мүшелерінің кем дегенде үштен бірінің талабы бойынша шақырылады.
Кәсіподақ Комитетінің шешімдері отырысқа қатысқан мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Кәсіподақ Комитетінің отырыстары хатталады, хатгамаларды ағымда сақтау мерзімі – қажеттігі жойылғанға дейін, бірақ бес жылдан кем емес. Конференциялар аралығындағы кезеңде Жергілікті Кәсіподақтың Кәсіподақ Комитеті мен Бақылау-тексеру комиссиясы өз мүшелеріне толықтыру (оларды алмастыру, қосымша сайлау) жүргізуге құқылы.
«Шымкент қаласы білім, спорт және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жүзімбаев Мұрат Бекмұратұлы білім мекемелеріндегі құрылған Қамқоршылық кеңесінің мүшесі. Ал кейбір білім мекемелерінде Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып сайланған. Білім мекемелерінің бірінші басшыларының атқарған жұмыстарының есебін тыңдай отрып, тиісті ұсыныстар береді.
Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау бойынша қоғамдық бірлестігінің (кәсіподақ ұйымы) төрағасы конкурс мүшесі болып, үміткерлермен әңгімелесу барысында белсенділік танытып отырады.
Байқаушы ретінде де конкурстарға қатысып отырады. Педагогтерді лауазымға тағайындау бойынша қоғамдық бірлестіктің қызметкері, заңгер комиссия мүшесі.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары ұжымдағы әрбір кәсіподақ мүшесінің әлеуметтік жағдайына аса көңіл бөліп отырады.