«Шымкент қаласы білім, спорт және бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі республикалық олимпиадалар мен байқауларда жүлделі орындарға ие болған оқушылардың жоба жетекшілерін (кәсіподақ мүшелерін) тегін жолдамамен марапаттайды. Бұл педагогтарды жақсы жетістіктерге жетуге ынталандыру болып табылады.
«Бал Қазына» ЖШС(«PARASAT AJ» мектебінің оқушысы Республикалық олимпиаданың 3-орын жүлдегері Нұрдәулет Динараның жетекшісі Бегімбет Мереке Мырзалықызына «Sairam Resort» шипажайына тегін жолдама берілді.
Жыл сайын 15 педагогтарға (кәсіподақ мүшелеріне) тегін жолдама беріліп үздік ұстаздарды осындай марапаттаулармен кәсіподақ тарапынан ынталандырып отырады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда өткізілетін байқауларда қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысып, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттайды.
Сонымен қатар атаулы мерекелерде «Жаңа жыл», «Наурыз мерекесінде», «Кәсіподақтар күнінде» басшылар мен кәсіподақ төрағаларымен бірлесе отырып мерекелік концерттік бағдарлама мен мерекелік дастархан ұйымдастырылды.
Осындай іс-шаралар оларды ынтымақтыққа, татулыққа, әріптестікке шақырады.
Атаулы мерекелерде қоғамдық бірлестіктің «Алғыс хаттарымен» бірге «Аманат» партиясынан, қалалық маслихаттан, қала әкімдігінен,білім басқармасынан, әдістемелік орталықтардан, қалалық маслихаттан білім мекеменің сұранысына сәйкес 3000 дай кәсіподақ мүшелеріне марапаттаулар берілді.
50,55,60 жасқа толған мерейгерлерді қоғамдық бірлестіктің «Ұлағатты Ұстаз», «Адал еңбегі үшін» төс белгілерімен марапаттап, адресаттар табысталды. Бұл іс-шара жылда тұрақты дәстүрге айналған.
Кәсіподақ ұйымының бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне (кәсіподақ мүшелеріне) жыл сайын жаз айларына шипажайларға («Манкент», «Сарыағаш-Арман», «Сарыағаш-Дархан», «Шипа су», «Ақсу-Жабағлы» «Sairam Resort») жолдама беріледі.