Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Зейнетаев Абзал Скендірұлының жеке қоғамдық қабылдауы өтті.
Тұрғындар тұрғын үй мәселесі бойынша,балаларының денсаулығы бойынша, жарықтандыру, ауыз су мәселесі бойынша шешіп берулерін сұрады. Азаматтарды арнайы мамандарға жолдап,өз кеңесін айтып өтті.
Халық қалаулысы қабылдауға келген азаматтардың мұң-мұқтажын орындау бойынша жоспар түзіліп, тиісті мекемелер арқылы кезең-кезеңімен шешімі қарастырылып жатқанын айтты. Көкейтесті мәселелер партия бақылауына алынып, бұл бағытта тиісті жұмыстар атқаратынын жеткізді.
Еңбекші ауданында жыл басынан бері 35 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылды. Одан бөлек жеке секторларда балалар ойын алаңшасы, көше тренажеры және воркаут алаңдарының құрылысы жүріп жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында Шымкент қаласының Еңбекші ауданында кезекті рет «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске қосылды.
Жобаның мақсаты Еңбекші ауданының аумағында:
— Аумақты көгалдандыру;
— Тротуарларды жайластыру;
— Тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
— Ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);
— Бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
— Қоқыс тастайтын жерлерді жою;
— Ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
— Аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру жұмыстары бойынша жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы қалалық бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында өткен қабылдау барысында тұрғындардың жеке мəселелері бойынша өтініштері қаралды.
Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған халық қалаулысы тұрғындардың өтініштеріне жауап беріп, ал қарауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелерді заң құзыреті шеңберінде шешілетіндігі түсіндірілді.