• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ҮЗДІК БАСТАУЫШ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНА ШИПАЖАЙҒА ТЕГІН ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

Автор:admin

Июл 10, 2023
Spread the love
2023 жылғы 31 мамырда өткен «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы Атқару Комитетінің отырысында «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауына қатысуға тапсырылған құжаттардың қорытындысын қарап, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің кәсіподағы «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» деп танылды және «23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне» орай ұйымдастырылған шарада Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесіне (аудан әкімі – Мыңбаев Рашид Мамытұлы, кәсіподақ төрағасы – Тажибаев Марат Абдимажидұлы, хатшысы – Жалмурзаева Айнур Келгенбекқызы) «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» дипломы мен «Сарыағаш» шипажайына тегін жолдама сертификаты (2023 жылдың соңына дейін пайдалану құқымен) тапсырылды.
Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында штат бойынша 73 адамды құрайды, оның барлығы 100% кәсіподақ мүшесі. Бастауыш кәсіподақ ұйымының жарғысына сәйкес кәсіподақ жарнасынан жиналған қаржы жалпы жиналыстарда қаралып, әр мәселені пысықтап, ол бойынша хаттама жасап, тиісті қаулы қабылдап, орынды жұмсап, актілері жасалып, ұжым алдында тұрақты есеп беріп отырған.
«Қызмет» салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалынан 2 қызметкерге 30,0 мың теңге әлеуметтік-материалдық көмек беруден бастау алған жұмыс, мекеменің кәсіподақ ұйымынан 6 қызметшіге әлеуметтік-материалдық көмек ретінде 314,0 мың теңге бөлуге ұласып, «Қазақстан KZ» емдеу шипажайына тегін жолдама берілген және бұл осы мемлекеттік органда алғаш рет қолға алынған үрдіс болған.
2022 жылы «7 мамыр — «Отан қорғаушылар» күніне орай, мерекелік дастархан жасау үшін 75920 теңгесін жаратып, қызметкерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлаған іс-шара өткізген.
Сондай-ақ, «Отбасы күні» мерекесіне орай ұжымның үлгілі отбасылары марапатталып, сый-құрмет көрсетілген.
Кәсіподақ ұйымының 644,0 мың теңге қаржысына 2023 жылдың жаңа жылдық іс-шарасын ұйымдастырып, тегін тәттілер сыйлықтары табысталған.
2023 жылдың басында «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» атты аязды күндері қар тазалап жүрген коммуналдық қызметкерлерге ыстық тамақ тарату акциясын 4 күн бойы өткізіп, күндігіне 120 қызметкерлерді ыстық тамақпен тамақтануға көмектескен. Акция аясында тұрғындарды өз ауласын қардан тазалауға шақырып, сенбілік жұмыстарын белсене атқарған.
Бұл акцияға қаланың бүкіл аудан әкімдіктері мен басқармалары қосылып, кең көлемді іс-шараға ұласты.
Ұжымда қызметін адал және үлгілі атқарып жүрген қызметшілердің ерен еңбектері еленіп, марапаттаулар тапсырылып, сый-құрметтер көрсетілген.
2023 жылдың мамыр айында 383,0 мың теңге қаржыға «ТИМБИЛДИНГ» шарасы ұйымдастырылған.
Нәтижесінде, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымы ашықтық пен әділдікті ту етіп, осындай игі істерді атқарып, көшбасшы кәсіподақ ұйымына айналды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика