Еліміздің үшінші мегаполисінде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Бауыржан Алтеевтің төралығымен Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес отырысына салалық кәсіподақтар филиалдарының және жергілікті кәсіподақтардың төрағалары, кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері қатысты. Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының бастауымен өткен Бас кеңестің кезекті жиналысының қорытындысы жайлы ақпарат беріліп, Шымкент қаласы АКБ-ң 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстары қорытындыланды.
Жиында сөз алған Бауыржан Ілімшаұлы еліміздің бас қаласы Астанада өткен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің отырысында көтерілген маңызды мәселелерге кеңінен тоқталып баяндап өтті. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Бас Кеңесінің құрамы және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы комиссияларының жұмысына тоқталып, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы қызметінің 2020-2025 жылдарға арналған «Әділеттілік пен дамуға – бірлікте» Стратегиясын жүзеге асыру мәселесі бойынша мүшелік ұйымдардың ақпаратына және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік» саясаты жайлы айтып, «Халық бюджеті» кәсіподақ жобасын өткізу қортындысы туралы мағлұмат беріп өтті. Одан өзге, Бас кеңес отырысының соңында «Халық бюджеті» кәсіподақ жобасының қорытындысы жарияланғанын алға тартты.
Алқалы жиында қаралған келесі мәселе бойынша АКБ төрағасы «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстарының қорытынды есебіне тоқталып, Кеңес мүшелеріне толық ақпарат беріп, алдағы атқарылатын жұмыстар мен жаңа жобаларға тоқталды.
Үйлестіру кеңесінің қорытындысымен, отырыста қаралған мәселелер кеңес қатысушыларының назарына алынып, берілген жоспар тапсырмалар тиісті деңгейде орындалатыны айтылды.